Әдетте біз бұндай істерді алмаймыз, өйткені бұлар біздің жобамыздың талабына сәйкеспейді, ол талаптар  – азаматтық белсенділерді қолдау,түрмедегі адам құқығын қорғау. Бірақ мына хикая өзінің айрықшалығына қарамастан, әлдебір тұжырымды мәселені қозғайды екен – сотталғандардың қайтадан әлеуметтену жайы.

Қарапайым айтқанда – Қазақстанда сотталғандардың «қайтымы», нағыз қылмыскерлердің — «жүрімпаздардың» түрмеге оралу пайызы (түрлі бағалау бойынша 75–85% аралығында) неліктен орасан көп мөлшерде деген мәселе бар.  Бұл тақырып соншама үлкен, бірақ бұны ылғи да қозғау керек, себебі, әлемде бұның мүлдем басқа мысалы бар:  Норвегия мен Швецияда – түрмелерге отыратын адам болмағандықтан, оларды жауып, басқа салаға бейімдеуде. Қылмыскерлердің қайта оралуы оларда  3-5% ғана. Және де бұл абақты жағдайын алсақ … қысқасы, бұлардың түрмесі біздің бостандықтағы кейбір азаматтарымыз үшін арман да болуы мүмкін.

Сотталған Денис Шерстнев. Бұрынғы қылмыскер. Бостандыққа шыққасын Қапшағайда тұрады. 2015 жылы қарашада  кезекті мерзімін «ұстапты»: 106-бап, ауыр дене жарақаты, кесірінен өлім болған. Кіріспесі қарабайыр ғана: Денистің сүйіктісі болған, ол ішімдікке әуес екен. Ол ауруханаға ішімдікке улану кесірінен түсіпті, толық емделмей шығып кетеді, екеуі кездеседі. Достарымен, жұбайларымен моншаға барады, ішімдік ішіледі, әлгі қыздың жағдайы қиындап құлайды да, сөреден құлап түсіп, баспен түседі. Жата тұруға қалдырады, ертеңінде – тіпті нашарлайды, ауруханаға апарыпты. Содан ол қыз басына қан құйылып өледі.

Қыздың әжесі (моншада ол болмаған) арыз жазып, қылмыскерді немересінің өліміне кінәлайды. Мотив бар – айғақтар, «қылмыстың ізін суытпай ашу» бойынша іс қозғалады. Одан әрі еңбектеніп керек емес – айыпты қылмыскер, қалғаны стандарт бойынша өтеді, дерекке сүйеніп айыпты ашуға болмайды. Табиғи нәрсе – ұрып-соғады, «мойындап» құтылған жеңіл.  Куәгерлер қылмысқа қатысу айыбынан шошып, бәрі де «қалқып» шыға келеді. Бәрі де куәлік танытады –  Денис қызды беттен соғып, содан ол құлап түсіп, желкесімен соғылды.

Сот болса «бір жанасқаннан-ақ», медсараптамаға қарамастан, айыптауға қарама-қарсы және куәгерлердің істі шатастырғаны анық бола тұра, Денисті кінәлі етіп (ол бұрынғы қылмыскер ғой, торға қайта оралсын), оған бас бостандығынан айыруға көп жыл береді. Оперлер, тергемпаздар, прокурор,  төрешілер – жарайсыңдар,куәгерлер — боссыңдар,  ал «ұры абақтыда отыру керек». ЛА 164/8, Алматы, Заречное, қатаң тәртіп (жетпіс бірінші абақты).

Алты жарым жылдан кейін (!) Дениске куәгерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесудің сәті түседі —  Анатолий Гармашовпен. Бұл әңгіменің жазбасы бізде бар.  Анатолий зайыбымен екеуі жалған куәгерлік еткендерін мойындап, мәлім етуге дайын екендіктерін айтады – «ар-ұяттары әбден мазалаған». Сосын әйелімен екеуі олар тіпті видеожазба жасайды да, оны ютубқа салыпты. Оларды қоқан-лоққымен жалған куәгерлікке көндірген бергеушінің ат-жөнін хабарлайды. Ол роликті қосып отырмыз. Анатолийға оның әйелі тағы не айту керегін сыбырлап тұрғандығы естіліп тұр. Қайта-қайта айтатыны – Анатолийге ешкім қазыр қысым жасамайды, бірақ «ар-ұят әбден мазалапты».

1 желтоқсанда  Анатолий Гармашев жалған куәгерлік бергені жайында хабарлау үшін  Қапшағай прокуратурасына келеді. Оның арызын қабылдаудан бас тартыпты – ғаламдық мереке, Тұңғыш  СПИДпен күрес күні. Кезекші прокурор өзінше бұл күнді заңды айқын түрде бұзумен атап өткісі келсе керек.

НышАнды ма, әлде таныс жайт па — әрине.  2012 жылы маған (авт – Владимир Козлов) осы «мереке» үшін үш аптамды Ақтаудан Петропавл түрмесіне барар жолда Тараз түрмесінде өткізуіме тура келген.  «Жамбыл централ» — жөнелту түрмесі, түрлі аттаныстардың шоғырланған жері. Мені ол түрмеге 1 желтоқсанға дейін бірнеше күн бұрын әкелген еді. Сосын бәрі қырылып қалғандай… тым-тырыс. Ешбір этап жоқ… Ел болса, өліп-тіріліп мерекелеуде… Сөйтіп, мейрамдап, демалып болғасын – одан әрі аттандырғаны бар.

Денис – алты жарым жыл бойы тордың арғы жағында жасамаған қылмыс үшін бекерден бекер отыр. Оның айтатыны – айыпты болсам, үнсіз отыра берер едім, тұңғыш рет емес. Енді куәгердің ар-ұяты ояна қалғанда, ол да полицейдің «біз сені, нақұрыс, жалған куәлігің үшін отырғызамыз» деп қорқытса да, дайын – Денис осыған байланысты «жаңадан ашылған жағдайлар бойынша» істің қайта қаралуына үміті зорайып отыр.

Біз де үміттіміз. «Күрес күнінен» кейін прокурор Гармаштың жалған куәгерлігі жөніндегі мойындауын қабылдап, куәгердің полицейлердің корпоративтік қысымына (заңсыздықты ойдан құраған оперлердің, тергемпаздардың, прокуратураның ісі — ?) шыдап, және әділетшілердің шындық жағында болып, істің қайта қаралып, ақтау соты болатынына кәдімгідей үміттенеміз.  Ең болмаса, кейде, жай ғана көңіл көтеру үшін, жүйе өзінің былығын шаятын өзінің бір жүзімін тастар…, және Денис бостандықта болар деп үміттенеміз. Бәлкім – ол бас бостандығынан заңсыз айырылғаны үшін өтемақы да алып қалар, бұл оған қылмыс әлемінің қара жолағын біржола тастауына көмектесер…

Ұры түрмеде отыруы тиіс. Бұл майор Жигловтың кезінен келе жатқан өзінің бар мәнін жойған  даусыз ақиқат. Басқа бір даналық бар — «түрмеге түспеуге серттеспе». Бір күні түсе қалған адам, Қазақстанда, сілімтікке айналады… Тірлік етуге дымы қалмай, оны табуға жұмыс таппай, ол қайдан шықса, соған қайта оралады; бұған полиция да «көмектеседі»… Мүмкін, Денис Шерстневке бұл масқара пайызды азайтуға сәті түсер. Оған соны тілейміз.  

Біз әрқашан байланыстамыз. Телефон +380933969111 – барлық әлеужелі мен мессенджерге жарайды. Фотоның оң жағында жайғасқан «WhatsApp» батырмасын қолданыңыз. Соны бассаңыз, сіз әудемде бізбен байланысқа шығасыз. Сіздерден ақпарат, видео, хабарлар күтеміз. Бізге жетсе — көмектесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.