2015 жылы ішкі әскер «жүз үшінші» (ЛА 155/14, Алматы, Заречное) абақтыны «сындырғанда», қинау мен кемсіту жөніндегі басты кеңесші ШҚОдан іссапарға келген, ОВ 156/6 түрмесінің ТОЖ жөніндегі орынбасары болған бір майор еді.  Одан басқасы да болды – мысалы, «көрші»  «жетпіс бірінші» абақтыдан келген опербөлім бастығы. Бұл бізді плацтан тепкілеп қуып барып ҚҰШдағы (қатаң ұстау шарты) камераға қамады, топтың басында «гайдамактар» болды да, жолайы «Қалай, БУР, пидарастар бар ма?! Жоқ па?! Қазыр болады!!!» — мәз бола қарқылдады. Одан басқа ҚАЖКдан астанадан келген талғампаз, жұп-жұқа да сұңқылдаған, капитан болды. Ол қолына барсетка ұстап, комиссар ретінде планшеті бар, терте жұтқандай, тырна секілді тыриған еді.    Сотталғандарды беттен ұрғылау үшін ылғи да барсеткадан ақ қолғабын алып киетін… Құрылысшылар киетін қолғап…

ШҚОдан келген ТОЖ-майор болса, толық келген, үндемейтін әрі қатал болатын. Ол біздің оперлерді сотталғандардың дәретханада арттарын малуды, олардың буындарын із түсірмей сындыруды, қалай тұншықтыруды,тіпті тұншықтырып өлтіруді десе де болады…үйретті…  Ол жайбарақат қана сапта тізілген біздерге боқ екенімізді, «президент маған жиырма мәйітке квота берді» деп көкитін және әбден тозған «бөстек төсектен гөрі» бізді тірілер есебіен шығару оңай екенін айтатын.

Жуырда біз ОВ 156/6 мекемесінің қызметшілерінің қылмыстары туралы орасан көп видео алдық. Материалдың көптігі сондай, төменде айтылатын әр сөзімізді екі минуттық видеомен сүйемелдей аламыз.  Бұның бәрі әділет сардарлары мен олардың «ешкілері» турасында, солардың зорлықтары мен погондылардың ашық өтіріктері жайлы.

ҚАЖК жылдан артық уақыт бұрын салтанатты түрде Қазақстан абақтыларында ұрып-соғып тәрбиелеу, саппен топастанған адымдау секілді нәрселер мүлдем аласталды дегені көпшілігінің есінде болар.    Бұның дұрыс тәрбие еместігі, және ондайлар жазаланғанын жария еткені бар. Видеоны қараңыздар – біз бар болғаны бірнеше күнді қатарынан қамтыған материалдарды келтірдік, шын мәнінде – түсірімдер әлдеқайда көп. Заңсыз, демек – қылмыстық ұрып тәрбиелеу, таңғы-кешкі шерулер, қолдарына сотталғандардың кәртішкелерін ұстаған, қолдарын қалтасына салған, саптың қапталына тұрып алып, ерсілене «эрэс – эрэс – эрэс-  двО -три!!!» айқайлайтын «ешкілер», «белсенді» шаруа меңгерушілер …

Зэктердің роба-киімін киіп, әбден кемсітілген адамдар, патшаның ұландары секілді, бірақ сапта емес шерулете адымдап, «сол-ға!!!» теңесіп,  «сала-матсыз-ба, офи-цер мыр-за!!!» деп айқайлап сәлемдесетін, және «арыз – шағым жок!!!» деп «ағынан жарылады». Видеоүндеумен хабарласып, қинау мен кемсітуге ұшыраған, өзіне амалсыздан қол жұмсау пиғылы бар екенін келтірген  сотталғандар өздерін погонды қылмыскерлерден заңды жолмен қорғауды өтінеді.  Бұның бәрі — видеода.

Бұл материалдарды қарағанымда – «де жа вю» сезінімді ұстадым (авт. – Владимир Козлов). Өзімде сол ортаға түсіп, жер тепкілеп, шыңғырып жүргендей болдым… Менің алғашқы түскен абақтым петропавлдық «үштік» болатын» (ЕС 164/3). Ол жерде сотталғандар кремл курсанттары секілді қадамдайтын. Өкшеміз дуылдап, аяқкиім быт-шыт болатын, бір аптадан соң аяқтың тамырлары шодырайып, варикоз болып, балтыр қанталап шығатын… Абақты медиктері бұны «бұл су ішкеннен» деп үйреншіктісін «соғатын».

Сосын, «жүз үшіншідегі» «сындырыстан» кейін, оңтүстікке де жұғысты болды, бірақ бұнда түстік ерекшелігімен өзіне тән нұсқалы көрініс пайда болды.  Бұдан басқа бізді ҚҰШ-да «саптағы дайындық» кезінде аяқтан ұрғыштайтын, дейін де, кезінде де ұрып-соғып, тұншықтырып, сындырып, білгендерін істейтін, бізге кекесін ән-өлеңдер таратып береді, оны біз әлгі ұрғылап тәрбиелеу кезінде шырқайтынбыз. Карантиндегі екі бейшара есімде. Оларға әлгі ақ қолғапты капитан Марус туралы «бақыттан көз жасым сорғалайды» деген ән мәтінін берді. Оларды бүкіл абақты алдындағы плацта саппен қуатын да, «Марустың көздерінен… там-там-там… найзаға көз жасынан… там-там-там…» дегенді айқайлап айтуды талап етті… Абақты күлген жоқ, бұл оңбағандар соған бола ойластырған еді. Сұмдық тыныштық орнады… Сықылықтаған тек қана ешкілер еді…

«Үштіктегі» тәртіп «таңқурай» деп есептеледі. Бұл дегенің – барлығы да қызметшілердің қас-қабағына қарап, солардың дегені жүреді, ал белсенділерге әкімшілік тарапынан  заңсыз артықшылық пен құзыр берілсе де, бірақ «белсенділер өздерінің жанынан бірдеңе қоспас үшін»  (белгіленген рамкадан шықпас үшін)қатаң бақылауда ұсталады. Бұл бірақ сотталғандар пайдасына емес еді  –  «үштіктегі» оперлер мен тәртіпкерлердің өздері сотталғандарды «айырып», өздері «сілкуді» жөн көретін…

 

Менің видеода көргенім – масқара. Саптың қапталынан былғаңдап адымдайтын, «қалтасына қолдарын салғандар» — завхоздар,басқа да белсенді кебектерге,саптың соңында жүруге рұқсат етілген, «адымдамастан», сотталғандардың есеп карталары жасақ бастығының емес, завхоздың қолында … Бұл дегеніміз – абақты әкімшілігі «белсенділер» қолына өте үлкен құзыр бергендігін білдіреді және онда қазыр ашығын айтқанда, барлығы да завхозға тәуелді және тағы басқа сондай сотталған оңбағандарға тәуелді етілген «қызыл» тәртіптегі екендігі және бұл абақтыда заң жоқ деген сөз.

Сотталғандар бізге жіберген ақпаратында, әкімшіліктің айтағымен ұрып-соғатындардың, кемсітетіндердің, сығатындардың ата-тектерін атайды: сотталғандар Оскочинский, Ершов, Құдайбергенов… Мекеме бастығы, бұрынғы ТОЖ, Қуанышбек  Ағыспаев, белсенділерге «шаңырақ болады», өзінің шабармандарына артықшылық пен құзыр береді. ТОЖ жөніндегі орынбасар Айқын Бітімбаев пен тәртіп бөлімінің бастығы Ринат Сұлтабаев болса, тура қанға бөктіру мен ұрып-соғуды тікелей басқарады. Тәртіп бөлімі бастығының орынбасары Сауран Жеңісханов бар болғаны завхоздар қызметшілердің орнына кәртішкелік тексеру жүргізетінін және өзге сотталғандарға пәрмен ететінін қадағалайды… Абақтыдағы екі мұнарада белсенділер отырады, олар – бақылайды, сөз тасиды, қызметші-бақылаушылардың қызметін заңға қайшы атқарады. Бұның бәріне осы заңсыздықтарға «шаңырақ» болатын Шемонайха ауданының арнайы прокурорлары  Кенжебеков, Сәбитов…

Абақтыдағы «белсенділер» – 90%-ға оңбаған баптармен сотталғандар  (зорлау, педофилия, т.т.), және де бұрынғы «блатной» болғандар, енді ондайларға кері қайту жоқ; олардың зиян келтіргені сондай, дуалдың арғы жағында оларды қатал «сұрау» күтіп тұр. Сондықтан да бұл оңбағандар мен сілімтіктерге тәуелді тәртіп – ең нашар, ең жаман болатыны түсінікті. Олар бәріне де дайын, өйткені олар бостандыққа шығуға ұмтылмайды. Осы жерде біреуді өлтірсе – соттайды, жаңа мерзім жамайды, жаңа абақты, тағы да әкімшілік жанында, жемтік қасында … бұндайлар ҚАЖК-ге қай кезде де керек.  Олар қорғаштайды, қорғайды, «шаңырақ» болады…

 

Құқыққорғаушыларды күтіп отырған сотталушылар, айғақ етуге әзір екендігін және әлгілердің ататектерін атауды өтініпті … Олар не болатынын біледі. «Соңына дейін» баратынын айтыпты…

— Арман Тұрсынбеков: ұрып-соққан, қанға бөктірген, наразылық үшін шеге жұтқан, екі рет ота жасалған;

— Мәрлен Күзембаев: опер Мерей Сәкенов оны сілейтіп салыпты, «ішін жарылған», карцерге салған; қылмыстық іс қозғалған, бірақ… опер сол күйі қаннен қаперсіз қызметте;

— Руслан Ахметов: ұрып-соғылған, қанға бөктірген;

— Талғат Манабаев: ұрып-соғылған, қанға бөктірген;

— Серік Сулейменов, Евсей Евсюкин, Артем Жельский, Сергей Сидоров – бәрі де куәлік етуге әзір. Олар құқыққорғаушылардың әлгі бушлат кигендер мен погон таққандардың өздерін жөнге салғанға дейін қорғап үлгеруін күтуде. Біз де соған үміт артамыз.

Бізге деген сенім жүктеп, ақпарат жібергендерге мың алғыс. Біздің телефон +380933969111 – барлық желілер мен мессенджерлерде осы нөмір. Жазыңыздар, ақпарат жөнелтіңіздер. Білсек  –  көмектесеміз.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.