ҚАЖК-нің кешіккен күзі – сарғыш-қызғыш жапырақтар емес, табиғаттың маужыраған  сәті де емес. Бұл кәдімгі барлық абақтылар бойынша жаппай «жоспарлы түрдегі тінту шаралары», бұл шаралар барысында сотталғандардың құқықтары жаппай бұзылады:  кемсіту, қорлау, ұрып-соғу, қинау…

Бұған дейін алдын ала оперлер сотталғандармен қарым-қатынас кезінде қасақана түрде «қорқыныш ұялатады». Қолдарын ысқылаған бұл қорқаулар былайша хабар таратады: «… жуырда тінту, қарсы ал..!». Бұл дегенің, сенің аты-жөніңді опер өзінің «қара тізіміне» түсірді деген сөз, сосын сенің тегіңді «ұландардың» әскери топ басшысына тапсырады.  Бұл «гайдамактар» бет-ауыздарын тұмшалап алып, абақтыға лап қойғанда, жұрттың арасынан тауып алады да, сені тепкілеумен «алып кетеді»…

2013-2014 жылдары «үштік» абақтысында, әрқашандағыдай ертемен таңертең болған еді. Егер абақты бұрынғы кезде уақыттан ерте кірісіп, ерекше қатыгездікпен плацқа таңғы тексеріске қуып шықса, біз бұның не екенін бірден түсіндік – міне келді… Қазыр жасақ бойынша сапқа тұрғызады да, бірден «абақты хорынан» кейін, мемлекеттік әнұран айтылған соң, «бәрің де кортқа, қолдарың желкеге, бастарың тізеге!!!» деген пәрмен шығады…

Осы күйде жарты сағат отырып көріңізші. Сотталғандарға кейде осылайша сағаттап отыруға тура келеді. Осындай кезде біз (басың тізеге тірелген жағдайда не көресің), плацқа ит ертіп, тоқпақ ұстаған сарбаздардың жүгіріп шыққанын естиміз. Бірнеше секундтан соң біздің мұрнымызға гуталиннің ащы иісі келеді: олар иттерімен осы жерде,жым-жырт  тыныштықты  бұзып әлдекімнің жиілеген тынысы естіліп тұр. Қыбыр етпеуге тырысып біз отырмыз.

Бірақ бұлай отыра беру, сондай қиын, енді бірнеше минуттан соң, бәрі де дененің «ұйып қалады»: қол мен аяқ, мойын, бас сіресіп қалады, тіпті жүрек кеудеден атып шығардай болмаса жарылып кетердей шаншып, бүлкілдейді бейшара… Бірақ жыбырлауға да болмайды – етік не тоқпақ ұшып келіп, арқаңа болмаса басыңа тиеді…  Сосын сенің денсаулығыңның жағдайына, жасыңа,күйіңе ешкім де бас қатырмайды… «Жүз үшіншіде» (ЛА 155/14), 2015 жылы абақтыны «сындыру» кезінде, егде кісі жүріп кетті. Дәл осылай «кортта» отырды да, бір секундқа түрегелуге рұқсат сұрады… сосын қапталға жантая кетті де жүріп кетті. Қолы желкесіне қарысқан күйі кетті…

Бұның үстіне – күту тағы бар. Діңкені құртатын да сол. Бар күшімізді салып, осылайша қор болған күйі, кемсітіліп, отырғанымызда, қайдағы бір шынашақтай опер сержантқа – ұлттық ұланға бушлат киген біреуміздің арқамыздан нұсқайды.  Сосын қатар отырған сотталғандардың арасын ашқан берц-етікті байқаймыз, содан кейін – серпіліс басталады, біреуді отырғандардың ішінен суырып алады да, боқтап,тепкілеп алып кетті… Бұл жолы мені емес… (авт. – Владимир Козлов). Өтті-ау, әйтеуір…

Сосын бәрімізді жасақ бойынша, тепкілеп, сұққылап, «локалкаға» (барак алдындағы шарбақпен қоршалған алаңқай) жүгіртіп қуады, сосын –  «каптерка»  арқылы (жеке заттар сақталатын қойма), «кешераны» (жеке заттар салынған қоржын) ұстатып ТЖО-ға (тәрбие жұмыстарына арналған орынжай) қамайды,содан соң бір-бірлеп дәлізге сүйрейді, бұл жерге «ешкілер» (белсенділер) бірнеше үстел қойып тастапты… Үстелге жүгіріп келген бойы, баяндаймыз, тыржалаңаш шешініп, қоржындағының бәрін үстелге аударамыз… Сарбаздар бәрін қарайды да, «тексерілгендерді» еденге тастайды… Содан кейін – қос қолды алға созған күйі жүреден отырып… қолға не түссе соны «ворлардың куркесімен» (артқы тесіктен) қабылдайсың. Ал оперлер бұл кезде бұның бәрін видеоға ашық не жасырын түсіріп алады…  

Заттың жартысы «ұшып кетеді» (тәркіленеді), ешқандай хаттамаға түспейді — «болмайды»… «Жүз үшіншіде» менің термофотосы бар саптыаяғым осылай  «ұшып кетті», фотода зайыбым екеуміздің бостандықтағы суретіміз бар еді… Сарбаздар мен оперлер, ыстық шай құйылғанда суреті көрінетінін білмейтін еді. Тінтуден кейін маған АБК-нің(абақты бастығының кезекші көмекшісі)  көзін жеткізудің сәті түсті де, мен оған оперлер мен ұландардың үстеліндегі өз күрешкімді танитынымды айттым.  Ал ол болса, мен мүлкімді олайша дәлелдей алмайтыныма сенімді еді де, сол үшін мені таяқ жейді деп ойлады. Ал мен барлық күрешкіге шай құюды өтіндім, сосын менің ыдысымнан әйелім екеуміздің суретіміз шыға келді…

Бұл шаралар кезінде біреулерді сындырады, бірақ бұл жай нәрсе емес… Бірнеше сағаттан соң тінту алдында алып кеткендер де оралады. Бірақ олар енді мүлдем басқа болып қайтады. Арқалары, аяқтары, бөкселері  – көгіс тартқан дақтар мен жолаққа толы. Бірақ өздері – үнсіз. Бірнеше тәулік осылай жүреді.

ҚАЖК «жоспарлы тінту шаралары» атайтын нәрсе осылай болмаса шамамен осылайша өтеді. Бұларға қадағалайтын прокурорлар, ал кейде – құқыққорғаушы ұйымдардың өкілі қатысады. Егер де бұл жолы ұрмайтын болса, демек басқа жерде әбден сілесін қатыратын болады. Сөйтіп келесі жолы өзгереді.  

 «Азаттық»  радиосында Қарағанды облысындағы Карабастан хабарлама бар. Бізге басқа абақтылардан да аты-жөндерін, күнін, нақты мәліметтерін жіберуді сұраймыз. Олар жындар мен шайтан секілді, жарық пен жариядан зәрелері ұшады.  Хабарласыңыз, жәрдемдесеміз.

 

https://fb.watch/9sqJunzEbe/

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.