Қазақстандағы саяси ахуалды, оның қарқыны мен үрдісін талдай отырып, біз тек қана құрғақ цифрмен шектелмеуге тырысамыз. Біз үшін дәл уақытында жаңа үрдістер мен «полицейлік жаңашылдықты» сіздерге уақытында көрсету маңызды. Ескертілген адам – қарулы деген бар.  

Бұл жолы біз бір айлық кезеңді зерделеуді шештік: 5 қазан мен 4 қараша арасы.Бұл шешім бізге, бір апталық талдау кезінде жалпы картина болмаса оқиғалардың  «жылт еткен көрінісі»  біршама бұрмалануы мүмкін, немесе олар мүлдем болмауы да мүмкін.  Оның үстіне – бұл ай барынша оқиғаларға қанық болуы байқалды; шынында да солай болды да.

«Полицейлік жаңашылдық» ішінен «гонго» аталатын азаматтық белсенділерді, үкіметтің гранттарына өмір сүретін жалған қоғамдық  ұйымдарды қуғындау оқиғалары жиілеп кеткендігін атап өткен жөн.  Бұл ұйымдар шын мәнінде әкімдіктер мен диктаторлық құрылымдардың  филиалдары болып табылады.  Бұдан басқа өкімет олардың көмегімен өзінің «демократиялық қасбетін» жасақтайды, соның ішінде тіркелген үкіметтік «ЕМЕС» ұйымдар  өздерінің тікелей міндеттерін атқаратын болады – қоғамдық көпшілік наразылығын алдын ала жоюға қатысады. Бұл қалай істейді – ол Айжан Акишеваға қатысты «Ар Бедел» ұйымының талапарызынан көрініс берді.

Бас бостандықтан айыру мекемелеріндегі саяси қамаудағы адамдарды (Бағдат Бақтыбаев, Қайрат Қылышев, Ербол Есқожин) заңсыз түрде полицейлік қуғындау жұмысы жалғаса түсуде.  Тетіктері – арандату, заңбұзылымдарын жалған бұрмалау, жазалау жөніндегі заңсыз қаулылар, қажет кезде медициналық жәрдем етпеу.  

Әрине – полицейлік алдын алуға қатысты екі есіруді ұмытпаған жөн:  23 қарашадағы мәлімделген ҚДТ митингісі мен Дулат Ағаділді еске алу асы. Екі жағдайда да бір мақсат қойылды – белсенділерді оқиға орнына аттап бастырмау. Осыдан келіп шығатыны алдын ала заңсыз қудалау, алдын ала ұстау, полицияның күштеп әрекет етулері…

Және де диктатураның полицейлік мәшінде әлгі мақсатқа бағытталған жұмысында бір ерекшелік пайда болды.  Табиғи нәрсе – декоративті түрдегі жоқ нәрсені бар етіп көрсету және бар нәрсені жасыру. Бұны біз тәуліктің орташа көрсеткіштер графигін құрғанда байқадық – полицейлік қысым шұғыл күшейгені көрер көзге бола тұрып, оның графигінің қисық сызығы кенет төмендеп кетіпті.

Одан арғы талдау мынаны көрсетті – полицейлік диктатура жаңа технологияны қолданыпты. Полицейлік алдын алу қуғынына бірнеше күн ішінде екі жүзден астам азаматтық белсенділер ұшыратылса да, ал әкімшілік іс бар болғаны әрбір оныншыға ғана қозғалған. Бұл жағдайды босаңсыту емес, мақсатты сақтай отырып, тактиканы өзгерту деген сөз: әкімшілік істер мен соттар – бұл оқиғаны бекіту,ұзаққа қалатын  деректі із тастау деген сөз. Бұл «қошақан тұмсықты болуға» кедергі жасайды, егер де біреуді заңсыз ұстайтын болса, біреуге кедергі болса, біреуді қорқытса – онда ол әкімшілік сотқа түсіп, орташа тәулік көрсеткіші аспандап кетер еді…

 Қарақшылар құсап әрекет ету оңайырақ – демократиялық түрде өкшелей қуалаумен қорқыту, жолда тоқтату, тіпті – саяси қамаудағы  Әсет Әбішевке болғандай шабуыл жасау, оған ешқандай да себеп болмағанына қарамастан, оның қолына полицейлік топастұмсықтылар залал келтірді… Сосын – қайтадан өзінің сасыған көлеңкесіне тығылу,  бықсыған күрке-кабинетіне қайта оралу, «айтақ» пәрменін күте жүріп, бай-бағлан лақтырған сүйекке қызмет ету…

Келесі талдауда біз мәліметтерді тіркеу жүйесіне өзгеріс енгізетін боламыз, сосын біздің оқырмандарымыз, бұрынғыша, ойлануға қорек болар, шынайы ақпарат алатын болады.  

Біз бұрынғыша байланыстамыз, телефон нөмірі +380933969111- барлық әлеужелі мен мессенджерге қатысты. Жазыңыздар, хабарлаңыздар, видео жіберіңіздер – жәрдемдесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.