Осы материалды жазуға отырғанда, біз бұның белгіленген бағытымыздан қиыстау екенін білдік: азаматтық және саяси құқық пен бостандық жолындағы азаматтық белсенімді қолдау мен бас бостандықтан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын қорғау пиғылымызды айтамын. Сонымен бірге, біз қысқаша түрде талдағалы отырған ахуалдың Қазақстанның қазіргі жағдайынан, саяси жүйе мен азаматтық қоғамның бүгінгі күйінен туындайтынына сенімдіміз.

Әңгіме антиваксерлер мен ковидке қарсы екпеге сенетіндердің қарсыласуы турасында болып отыр. Егер де сезімкүйді аластасақ, мәжбүрлі түрдегі екпелеуді талдамай, екпені таңдауға деген құқық пен мүмкіндіктің  жоқтығын және де құқықтық аспект жағын қарастыруды талдамайтын болсақ,   онда «құқық дұрыстығы»  біздіңше, екпе жасап жатқандардың жағында. Түсіндіре кетейік.

Адам құқықтарының басты мәні мен оларды іс жүзінде қолдану қарапайым ғана айтылады: бір адамның құқығы басқа біреудің құқығымен қайшы келген жерде бітеді.  Дәйектеме:  адамдар әу баста тең құқықпен туады да, біз айтып отырған құқықтарды олар туған бойда ғана иеленеді.

Ал енді екі адамның құқығы қақтығысқан жерде заң амалсыз іске кірісе бастайды. Кез келген заң адамның құқығынан жоғары бола алмайды, және заңның арналымы да бір-ақ нәрсеге бағытталған – ол құқықтың іс жүзіндегі қолданысын реттейтін ғана сайман. Бұл да қарапайым нәрсе – заңның күші келмеген жерде күштің заңы іске кіріседі.  Бұны біз қылмыскер адамдар тобынан құралған билікті ұстап тұру үшін ғана сайман болатын заңдары бар елдерден көріп отырмыз.

Антиваксерлер мен екпені жақтаушылар арасындағы қайшылықта екінші тараптыкы дұрыс, өйткені, заң түрлі нормативтік акт  түрінде індетке қатысты қолданылу үшін шыққандықтан және осы заңдық нормаларды бұзатындардан талап етуші адамдардың өмірі мен саулығын ғана сақтауға бағытталғандықтан да  солай.  Осыдан шығатыны – екпеге мәжбүр ету емес, екпе жасалмаған адамдар үшін екпе жасалғандар баратын орындардың шектелуі бар;  екпе алғандар үшін де, көп болмаса да, індеттің жұғу тәуекелі бар, бірақ олардың жұқтырмау құқығы күдікке ілінбеуі тиіс. Бұған тағы  — тұмшалану тәртібі мен басқа да шектелуді қосыңыз.  

Жоғарыда сипатталған құқық – бұл оның «таза» түрі. Бұл құқық заңдарды жазатындар  мен оны шектеушілерге сенетін азаматтары бар елде саналы түрде істейді. Бұл құқық, оларға «құдайдың таңдаулысы» болғандықтан емес, болмаса «Алланың елшісі» болғандықтан емес, азаматтардың өздері сол заңды жазатын орынға билеушілерді таңдағандықтан, соларға сенуге міндетті азаматтары сайлаушы болған елде сондай құқық күшке ие. Азаматтардың өздері өз бастарымен ойлап, өз аяқтарымен дауыс жәшігіне барып, өз қолдарымен дауыстарын берді. «Олар кімді таңдағанын көрді ғой…». Бұл азаматтары кімді таңдай алатынын, одан да басқасын таңдай алатынын – нақты білетін елде істейтін құқық. Мысалға, сіз өзіңіздің отбасылық дәрігеріңізді көп жыл бойы және оның жақсы жағынан ғана білесіз дейік, сондықтан да оған сенесіз.  Бұндай жағдайда сіздің ойыңызға оның ұсынысынан бас тарту келе ме? Иә, егер де ол терапевт болса, ал сіздің дертіңіз баста болса — сөйтесіз.

Енді түсінікті болғандай, бұл құқықтың Қазақстанда емес, басқа жерде күші бар. Неліктен?  Бұған жауапты әркім де өзінің айналасындағы факторлардан жинастырып таба алады.  Бір нәрсе бар: өздерін билікпін дейтін адамдардың және де біз таңдамаған кісілердің  бар істейтіні  — құқық өздерін тағайындағандар мен өзіне ғана арналады. Сіз бен біз бұл жерде жоқпыз. Бұрынғыдай саясатқа бас қатырмайтындар, және де «ауқатты тұрады», бұндайлар көп болады да, өздері азапқа ұшырағанда, басын жерге тығатын түйеқұстың кейпіне ене қояды. Осылайша олар дағдыланып кетеді. Тіпті кейбіреулері бұдан ләззат алатын болады, көбі емес әрине.

Солай. Қазақстан секілді кейбір жерлерде кімдердің болса да, жақтастар мен қарсыластар арасындағы шайқас,  өздерін билік санайтындар үшін қуат өндіретін «мәңгі жылжытқыш» болады.  Қай жерде жарық, мөлдір әрі түсінікті болса, сол жерде – заң күшіне деген сенім бар.  Ал қай жерде бұлай емес болса, сол жерде  —  күштің заңы істейді. Және де бұл қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейтін жағдай емес. Өзгереді, өзгергенде қалай әлі…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.