Таяуда ғана әлеужеліде ресейлік ЖАФЖ-ның (жаза атқарудың федералдық жүйесі) «қинау орталығынан»  видеокөріністер тарап кетіп, естен тана жаздағанымыз бар. Ресейлік Жаза атқарудың федералдық жүйесі – біздің қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің (ҚАЖК) аналогы. Дұрысы – біздің ҚАЖК  – соған аналог, өйткені ЖАФЖ – НКВД мен оның ГУЛАГтың тікелей мұрагері. Біздікі кіші, осалырақ әрі ақылсыздау, ешбір басты қатырып жарытпайтын бейшара… Бірақ топастық пен ашкөздік жағынан алғанда, тіпті есуас әрі не істерін болжау мүмкін емес, есалаңдығынан алдына жан салмайды, «ағасынан» әлдеқайда қауіпті. 

Сотталғандарды жан түршіктірер қинау мен азаптау видеосы шықпауы мүмкін емес еді, ерте ме, кеш пе шығары мәлім болатын, мәселе қашан шығар уақытында еді. Өйткені жазылған видеоны сақтау мен пайдалану үшін жазады ғой, бірақ ешқашан өшірмейді. Соның көмегімен мықтап әрі сол ілгішпен өле-өлгенше сотталғандарды да, қызметшілерді де бағынышты етіп ұстайды.

Қылмыстық «салттың» («ұғымының») табиғатын сотталғандардың өздері «қатал, бірақ әділ» деп бағалайды. Мен бұл сөздердің орындарын ауыстырған болар едім  (авт. – Владимир Козлов), өйткені бұл «салтта» қатыгездік әділдіктен гөрі басым. Және де қылмыстық «ұғымдардың» қатыгездігін оперлар қинау орталықтарында жарақтанып алады да, іске асырады.

Осындай «орталыққа» түскен сотталушы, таңдау алдында болады: жәбір көріп өлу,абақтыда кездейсоқ біреудің қолынан немесе пышақтан өліп қалу,болмаса «абыройсыздану» мәртебесімен түрменің «гаремінде» ес жинау.  Әдетте бұндай азап пен қинауға қарапайым сотталғандар түспейді, «блатнойлар», «іс басындағылар», «қараушылар», «бастартқыштар». Бұлар түрме-абақтылық қылмыстық салттың элитасы, осы салтпен «мансапқа» ие болатындар, «тап-таза өмір салтына» ұмтылатындар,  режим талабын орындаудан бас тартқандар. Олар — қылмыстық орта үшін ықпалды тұлғалар және олар өздеріне осалдықты кешірмейді, өзінің өмір талабынан шегінуге, «үзілуге»  ешқашан бармайды.   

Осыдан барып олар үшін бұндай орталыққа түсу «өмір не өлім» болады.Ұрып-соғуға, батыруға, асылуға, тұншығуға шыдау – ауыр, бірақ болады.  Егер бұлар бірнеше айларға созылса, — тірі қалу аса күрделі болады. Олардың көпшілігі «жүрек әлсіздігінен» өліп кетеді, және ешкім де сұрақ қоймайды.  Егер де сотталушыны бұл сатыда сындыра алмаса, «ынтымақтасуға қол қоймаса» (видеодағыдай) және ол тірі қалса, оны бұдан да бетер қатыгез шаруа күтіп тұр – жыныстық зорлау.  Бұл да видеода бар. Бұндай сотталушыға «гарем шешейді» («гарем» бойынша бәйбіше) әкеліп, ол видеоға жазып, тірілей зорлайтын практика аздап кетіп барады… Біріншіден, артық куә бар, екіншіден – бұл үшін қылмыс әлемінде «жаназасы шығарылған» мәртебесімен сол сәттен бастап, зорлаушы уақытша ғана тірі мәйіт болады. Қазір зорлаушылар көбінесе – ЖАФЖ(ҚАЖК), құқық күзету қызметшілері және олар штаттық резеңке тоқпаққа тазалық (кемсіту-қорлау) мақсатымен, мүшеқап кигізіп азаптайды…  

Зорланған сотталушы – «арсызданған», «ренжіген» болып есептеледі. Оның орны – есірткі үшін ең лас жұмыс істейтін «гаремде», гомосексуалдар арасында. Оған дейін оның кім болғаны бәрібір және қандай жағдайда оны зорлағанына қарамайды … басқа нұсқа жоқ. Зорланғасын ол қол алуға тұрмайтын адам болады, оған жанап кетуге болмайды, ол әрбір жақын келгенде өзінің сондай екенін ескертуге міндетті…  Бұл «мәртебе» мәңгіге, өмірінің соңына дейін қалады.

Былай болып шығады: егер сынбасаң – азаптан өлесің, болмаса өзіңе қол жұмсайсың. Егер де бір сатысында «шегінсең», ынтымақтасуға келіссең – әшкере болудан қорқып қылмыс әлемінде тірлік кетесің, сөз тасисың… «кіндік бала» (тәртіп және оператив жұмысы жөніндегі бастық орынбасары, ТОЖ-дың кіндік баласы дегеннен шыққан) боласың. Өз адамдарың білсе – көп жағдайда өлтірілесің. Берілмесең, соқтықсаң, келіспесең, бірақ зорланудан қашу үшін «жарыла» (ішті жару) алмасаң  – «гарем»…

 ЕС 164/3, мекемесінде, «үштік», Петропавловск, түрме мен этаптан кейін мені осында әкелді, барлық «завхоздың» бәрі («белсенді», «ешкі», «байланысқан», әкімшілік заңсыз түрде баракты басқаруға тағайындаған кісі), және жоғары деңгейдегі абақты «басшылығының» бәрі де «ортақ үйдің» (абақтының «блаткомитеті» тұратын барак) бұрынғы  тұрғындары екен: «қараушылар», «іс басындағылар»… Абақтыны «сындырғанда» әрқайсысына «гарем шешейді» әкелгенде бәрі де «ешкі» болуды таңдаған. Бұл үшін оларды кінәлау қиын, бірақ олар өздерінің жаңа мәртебесінде «гүлденіп» шыға келгендері сондай, оларға айуан болудың ұнағандығы сондай, олардың көпшілігі еркіндікке шыққысы жоқ. Бірақ мәжбүр болса, олар көп сауалға жауап бере алмай қалады…

Біз ресейлік ЖАФЖның «қинау архивінен» алып шыққан, Сергеймен болған сұхбатты оқып шығуды ұсынамыз. Қазір ол Францияда саяси босқын мәртебесін күтуде. Адамжегіш бұл жүйенің осалдығы — бұған басы істейтіндердің келмейтінінде. Айлық шайлыққа ғана, масқарасы жетеді,  өзара адами қатынас нашар. Ал мынадай видеоны өңдеуге мәселен, мамандар керек.  Сондықтан сотталғандар арасындағы біреуді алып соған істетеді.  «Үштікте» бізде де сондай  бір  жігіт болды, «Жирен» деген. Зиян келтірген жоқ, мүмкін жағдайда көмек ете салатын. Менің де фотом, материалға қосылған —  «жүз үшіншіден» (ЛА 155/14, Заречный, Алматы), бұл да арнайы архивтен алынды, бұған да біздікілер көмектесті – «жолақтылар»…

Сұхбатта қызықты егжейлер мен нақты нәрселер жетеді, соның ішінде саяси пана алғың келсе, елдің дәрежесі жөнінде де мәлімет бар. Есте болсын – біз де бұл мәселе бойынша ақыл-кеңес береміз.  

Жазыңыз, қоңырау шалыңыз, видео жіберіңіз. Әрқашан да байланыстамыз, +380933969111 – барлық әлеужелі мен мессенджерлетрдегі нөмір. Жәрдемдесеміз.

 

https://www.bbc.com/russian/features-58971882

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.