Бұған дейін сотталған Тәжікстан азаматы Мирмахмад Құрбонов туралы материалдар легін жариялағанбыз. Ол өз құқығын ұмытуға және көкөніс болуға келіспейтіндердің бірі, сол себепті де – ҚР ІІМ ҚАЖК тарапынан қуғынға түсіп, қинауға, қорлау әрекеттеріне ұшыратылу нысанына айналып отыр. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/385838986434306/?d=n).

Өткен материал, мекеме әкімшілігі тез арада сотталғанға дәрігерлік жәрдем көрсетудің орнына, оған, жақындарына, адвокатына және Тәжікстан елшілігінің қызметкерлеріне беттері бүлк етпестен, оның басындағы жағдайды  анықтауға тырысып, алдаусырататынымен біткен еді. Жуырда енді жаңа ақпарат алдық.

Жезқазғандағы  АК 159/25 мекемесінің қызметшілерінің сендіруі бойынша, Мирмахмад Құрбоновқа Жезқазған қаласында дәрігерлік жәрдемнің  көрсете алмауы да өтірік болып шықты. Биылғы 8 қыркүйекте жарияланған материалдан кейін, оған қарнындағы істікті аластау жолында ақыры ота жасалған көрінеді. Еске саламыз – бұл істікті сотталған Құрбонов өзіне деген түрме қызметшілерінің тарапынан қинау мен қорлауға шыдамай, наразылық ретінде мамыр айында қарнына қадаған еді. Осы айлар бойы ол осы істікпен, жанды жеген ауырсынуды бастан кешіп, жеткілікті әрі қажетті дәрігерлік жәрдем ала алмай жүрді.

Операция сәтті шығыпты, істік аласталған, бірақ келесі күні 9 қыркүйекте кенеттен қан кету орын алыпты да, өле жаздаған. Ішке қадалған істік ұзақ уақыт бойы тұрғасын ішекті зақымдаған екен, бұны ота кезінде дәрігерлер байқамаған. Бұндай жағдай сотталғандарға дәрігерлік көмек көрсету кезінде шала отаның кесірінен жиі болады. Өкінішке орай. Мирмахмад Құрбоновтың қанын тоқтату үшін 10 см ішегін кесіп тастауға мәжбүр болған; ота үш сағаттан артық уақытқа созылыпты.

 

Отадан кейін сотталушы Құрбоновты бірден палатаға емес, аурухананың терезесі жоқ қоймасына жатқызған. Бұл қарым-қатынасқа наразы болған ол, абақтыға оралу үшін  одан арғы емнен бас тартыпты. Сол жерде ол 7 қыркүйекте, ота жасаудың қарсаңында, оған үшінші теріс қылық дәрежесі тағайындалғанын біліпті. Демек – қазір оны кез келген уақытта ҚҰЖ-ға (қатаң ұстау жағдайына) ауыстырып, толық оқшауланады деген сөз.

 

Нәтижесінде теріс қылық дәрежесі берілген жазалау қаулысымен де, ол дәрежені тағайындаған комиссия шешімімен де сотталушы Құрбоновты таныстырмаған. ҚР ІІМ ҚАЖК үшін әдетте қалыптасқан мынадай қитұрқы бар: заңсыз салынған жазаны шағымданатын сотталушымен қызметшілердің шаруасы болғанда: бұндай жаза сотталушыны айналып өтіп, құпия түрде «ұшып келеді» де, танысу туралы акты  мен қаулының орнына «танысудан бас тартты» деген жалған акт жасалады.  Сотталушы бұны өзін ҚҰЖға ауыстыруға келгенде ғана, өзінің «қасақана ереже бұзушы» екенін бір-ақ біледі. Бұндай жағдай менде де болған (авт. – Владимир Козлов); мені ҚҰЖға тығып тастау үшін, жасақтың үш бастығы мені бәріне күш көрсетумен қауіп төндірді деген өтірік акт домалата салғаны бар…  Мен бұны ҚҰЖға келе жатып білдім…

Мирмахмад Құрбонов тағдырымен Тәжікстан елшілігі жұмыстанып жатқанын білеміз, Қазақстандағы тәжік диаспорасының өкілдері де кірісіпті, олар жуырда абақтыға барып жағдайын білген. Оның зайыбы, әйтеуір, ақырында күйеуінің мүддесін қорғау бойынша сенімхат алыпты, енді біз де өз тарапымыздан барынша ықпал ететін боламыз.

Сотталушы Құрбоновтың жағдайына тергеу жасау, бізге осыған ұқсас қуғындар, қинау мен жүйелі түрдегі қорлауға Тәжікстанның тағы бір азаматы ұшырағанын білдік, ол -сотталған Абдурасул Гафоров.Біз  Абдурасулдың Мирмахмадқа өзін Арқалықтағы УК 161/12 мекемесінде, «жабық» түрде қалай қинайтынын әңгімелеген видеосын беріп отырмыз.   Тегін атапты, егжей-тегжейін сипаттапты. Шындығын айтқанда — өлім алдындағы қоштасу. Қараудың өзі сондай ауыр. Бірақ қарау керек. Білу үшін. Оңбағандарды жазалау үшін. Талап ету уақыты шегерілмейді. Видео: https://youtu.be/prrRozjHgsY

Жуырда Абдурасылдың өлгендігі туралы ақпарат жетті. Бұны растаған әзір дерек жоқ, біз олай болмағанына үміт артамыз. Арқалықтың «жабығы» (бастығы — Серімжан Сандыбаев, әділет полковнигі) – түкпірдегі ол жер бірдеңе хабарлауға мүмкін емес орын, сондықтан онда былық шектен шығып жатыр да, ҚР ІІМ-нің погонды адамдары ойларына келгенін істейді, аса ауыр қылмысқа барады. Бұл тез арада бірдеңені өзгерту керек орын, әйтпесе, әлдебір өрт лап береді әлі.

Біз Мирмахмадқа да, Абдурасулға да, және бізге хабарласқанның бәріне де көмектесуге әзірміз.

Біздің телефон +38 093 3969 111 – барлық әлеуметтік желілерде де, мессенджерлерде де осы телефон.

Жазыңыз, хабарласыңыз, видео жіберіңіз. Қолдаймыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.