1 қазанда Арон Атабек босап шықты. Ең қайтпас қайсар саяси тұтқын, Алматы қаласының маңында болған Шаңырақ қорғаушыларының ісі бойынша заңсыз сотталған.  Оның кінәсі дәлелденбеді. Оған жалған кінә таққан адам, жылу батареясына шынжырланған күйі, полицейлердің тепкісі мен кішкентай қызының зорлану қатерінен қорқып, оны сол үшін айыптағанын соттан кейін видеода мойындады. Ол кісі Жоғары сот мұны көріп, Шаңырақ қорғаушыларына шыққан үкімді жойғанын тілеген. Жоғары сот оны көрген жоқ. Көргісі де келмеді. Он төрт жыл бас бостандығынан айырылды, плюс ҚР ІІМ ҚАЖДдан қосымша «жаман қылығы үшін» екі жыл мерзім отырды. Ол толығымен он бес жылын өтеді, мерзімнен бұрын  шартты өтеуден бас тартты, толық ақтауды талап етті.  Дәрігерлік көрсеткіш бойынша акт жасалып, еркіндікке амалсыз шығарылды. Бұның бәрі диктаторлық «демократияның» сұмдық арифметикасы.   

Есі дұрыс адамның бір де бірі Арон Атабектің босатылуын диктатураның «жақсылығы» санамайды. Қазақстандағы «демократиялану үдерісіне аса жоғары баға» алу үшін,Европаға ресми сапар алдындағы жемге үйретілген «Европарламентарийлер» (ондайлар ол жақта да бар) үшін әзірленген қарабайыр есеп, желбуаз желеу ғана. Бұл есепке – Алмат Жұмағұлов пен сәл ертерек босаған Әсет Әбішевтің мысалдары кіреді. Қазақстандағы құқық пен бостандықты басып-жаншуға наразылықты барлық жағынан жаппай тұншықтыруға бағытталған алдын ала полицейлік қуғын-сүргін – жалғасуда, толық қуатында жүруде және жаңа айналымға ие болуда.  Бұған фактілер мен оқиғалар — нақты дәлел.  Міне біз соларды тіркеп, цифрға айналдырамыз, сосын графигін сызамыз – және көрсетеміз. Сонда біздің нақты арифметикамен сыбайлас диктаторлық «лирика» шығады.

Біз тағы бір графикті қостық. Ол талданып отырған кезеңдегі есептелетін оқиғалар санының қосындысын, осы кезеңдегі тәулік санына бөлгендегі шаманың көрсеткіші. Нәтижесінде біз цифр түріндегі «саяси қуғындаудың индексін» аламыз, сонда әрбір талданатын кезең бойынша график шығады. Енді саяси қуғындау деңгейі әрбір кезең бойынша нақты көрініс беретін болды, сондай-ақ біртұтас оқиғалар дамуының динамикасы да нақты көрінетін болды. 

Уақыттың талданатын кезеңінің тағы бір ерекшелігін атап өту қажет: азаматтық белсенділерге полицейлік қысымның күшеюін Тергеу-оқшаулау орындарында (ТОО), тергеудегілерге,және де үкімге аппеляциялық шағымдану кезеңіндегі азаматтарға  жасалуынан нақты көрініс береді.    

Бұл ТОО (ҚР ІІМ ҚАЖК) қызметшілері субъективті түрде «заң бұзуды тіркегенде», жекелеген саяси тұтқындарды таңдап «тіркегенде», сондай-ақ сауқат, азық беріп жіберуден бас тартқанда т.т. көрініс табады.  Егер де саяси тұтқын жазасын өтеу орнына жөнелту жолында орын алса, бұл «заң бұзымдар» оларды барған жері қатал «қабылдаудың» негізіне жарайтын болады. Мен (авт. – Владимир Козлов) абақтыдағы өзімнің бас бостандығымнан айыру жазасын өтеу мерзімін басқалары сияқты, карантиннен бастаған жоқпын, ҚАЖДдан бастадым да, «жолға» әлгі «түрлі мүйізділер» маған деген жеткілікті түрдегі заңбұзымдар мен жазалар «дестесін» жинап берді. Қаңтарда, Петропавловскіде, минус 42 градуста, ҚАЖДға тап болу, одан сайын «сыйлық» болды… Сондықтан да тап қазір  саяси тұтқындарға ТООда жарияланған кез келген заңбұзымдар мен жазаларға қарсылық білдіру керек. 

Арон Атабекті босату – ол үшін күрескендердің еңбегі, өздерін билік санайтын маймылдардың төсеген арқасы емес. Кім күрессе сол – жеңеді. Аронға – денсаулық тілейміз. Қалғаны бола жатады.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.