Азаматтық қоғамның полицейлік бассыздыққа қарсы әрекет ету кезеңі қамтылған талдау – азаматтық белсенділерге қатысты алуан сот үдерістерінің санының көптігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге қоғамның коммуникациялық мүмкіндігіне деген одан сайын жаппай және алдын алу қысымын құруға бағытталған диктатураның бастамасымен де ерекше.   

Өкініштісі сол, қоғамға мәжбүрлеп сіңірілген «стандартталған күй», бұл жағдайда азаматтық сектордың үлкен бөлігі бұрын бағаланған нәрсеге азаматтық құқықтың бұзылуы ретінде қарамайтын болады   – келді, енді және болды дегендей. Бұл фейсбуктегі наразылықтар, ұсталымдар, соттар мен үкімдер туралы хабарламаларға қатысты  түрлі  елеу мен жауаптың санынан-ақ байқалады.  Қоғам, өзінің сұрғылт және күңгүрт көпшілік арасында бұл ахуалды кәдуілгі қатардағы жайт ретінде есептеуге келісіп отыр, демек – ет үйренген, қалыптағы, қарсылық көрсетуге тұрмайды деген кейіпте.

Азаматтық қоғам құлдырауының келесі фазасы, институт ретінде адам құқығын полицейлердің бұзуы турасындағы хабарламалардың өзіне қатысты түршігу болатынын ұйғаруға болады…  Бұл жерде соншалықты жаңа ештеңе де жоқ, бұл саяси психология  саласы ретінде жеткілікті зерттелген, және барлық диктатура да талай рет бұны табысты түрде қалыптастырған, дәлірек айтқанда – бағынушы қоғамды өзінің ойына сәйкестеп, осылайша «лайықтап» отырған. 

Бұл дегеніміз — наразылық үдеріс түбірімен өшіп бітеді деген сөз емес. Мүлдем олай емес. Ол бұзылған, енжарланған қоғамнан бөлініп шығады,  және де барынша басқа коммуникациясы бар, басқа міндеті бар, бәрібір сол мақсатқа жету үшін – диктатураны сүретін, басқа саяси жүйені құратын кәсіби әрі өз бетінше бөлек институт болып шығады. Бұл да сол адамзат тарихынан және физикалық заңдылықтан туындайды:  мысалы алмас белгілі бір уақыт бойындағы қысымдардың ықпалының нәтижесі. Қысым неғұрлым күшті болған сайын,  нәтижеге қажет оның кристалдануы  мен қатаюына  соншалықты уақыт аз жұмсалады. Диалектика.

Жоғарыда айтылған диктатураның «коммуникациялық қысым» талданып отырған кезең ішінде екі оқиғамен бірден көрініс берді: «Сбербанкпен цифрлану»  тақырыбына қатысты Қазақстанның кенеттен Ресейдің артына «сүңгуі» және балаларды қорғау дегенді желеу етіп, әлеуметтік желілерді құрсауға деген заңдамалық қатердің де пайда болуы.   

Бұл екі бастама да бір тізбектің екі бөлігі болып табылады, өйткені бұлар диктатураның қоғамды бақылауды күшейтуі үшін бірін бірі толықтырады. «Ресейлік цифрландыру» Қазақстан азаматтарының  барлық дербес ақпараттарына еркін қол жеткізуге жол ашады, ал әлеужелілерді құрсау олардың баламалы, диктатурадан тәуелсіз ақпаратқа қол жеткізуді шектейді, және де диктатураның арнайы қызметтерінің толық бақылауынан басқаша қатынасудың жолын жабады. Бұл жерде саған «инь» де, «янь» да бар…

Ерекше есеңгіретер жағдай: әлеужелілерді құрсау жөніндегі бастама авторы, «аударғыш», «Ертісбаев-2», Айдос Сарым. Бұрынғы біреу, ешкім бола алмай қалған біреу.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.