Сотталғандардың өз денесін жарақаттауға қатысты видеоматериалдар алғанымызда оған қарау ылғи да ауыр. Бұған бірнеше себеп бар. Мәселе бұның көбінесе «қанды» көрініс екендігіне де қатысты емес, егер әңгіме «ішін жару» (қарынды,қолды, тамақты жару не тілу) және «сұғулар» (құрсаққа, кеудеге,аяқ-қолға арматура, шеге, шыбық қағу) жөнінде болатын болса. Әңгіме адамды салдары өлімге апарып соғатын мұндай шешімге, әрекетке итермелеу себебінде; ондай оқиғаның болғанына өз басым куә болғаным бар  (авт.-  Владимир Козлов).

Бұл дегеніміз – ылғи да үміт артатын тарапқа дауысыңды жеткізудің соңғы мүмкіндігі ғана. Бұл дегеніміз – ылғи да әр алуан заңдамаларда келтірілген ар-ұят пен өмірді қорғау тетігінің түкке тұрғысыз екендігіне көз жеткізу деген сөз. Бұндай өлімге әкеп соғатын қадамдар көбінесе ажалды салдармен аяқталады.

Бұған қызметшілердің өздері қалай қарайтынын атап өткен жөн. Бұл жүйеге алғаш рет келген кезімде, бір опердің менің жанымдағы ауызын сыммен тігіп тастаған кісімен қалай  сергігенін, оны күлкі еткенін көргенім бар. Ол тіпті сотталған адам емес, тергеудегі кісі болатын да, ол прокурорды талап еткен-ді, себебі ҚР ІІМ түрмесінде ол жерге еркін кіріп жүрген ҚР ІІМ тергеушілері оны қинап, ұрып-соғыпты. Және де бұлардың ешқайсысына ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшілері оларға кедергі болмаған, өйткені бәрі де өздерінікі болатын. Ал әлгі опер ауызы тігулі кісіні күлдіргісі келіп сергіген… Басқа опер болса, ҚР ІІМ ҚАЖК абақтысында ауырсынудан ойбайлаған сотталушыны барын сала аяғынан сүйрелеген; оның аяғы болса еденге жүздік шегелермен қағып тасталған еді…

ҚАЖК қызметшілері арнайы сөз тасумен және тәжікелесумен өз басшылары мен прокурорлардың «мазасын алмау» үшін, тәндеріне залал келтірушілердің қылығын жасыруға тырысады. Оларды көп ұзамай әлгінің кеудесінен жан шығарын білгенде ғана «еркін» ауруханаға апарады болмаса жедел жәрдем шақырады. Ол кезде машақат тіпті көбейеді…  Сол себепті сотталғандар «мүлтіксіз» болу үшін «жарылып» жатады. Кейде әлгі «мүлтікшіл» «өшіп» қалады…

Шымкент/167/3 мекемесінің жаза өтеушісі Рамазан Сайнанның хикаясын біз білмейміз.  Оның кім екенін, не үшін сотталғанын, оның нұсқаған қызметшілері оның неге қыр соңынан қалмағанын да білмейміз.  Бірақ біз ҚР ІІМ ҚАЖК – осы сотталушының айтқанының бәрі рас екендігін — нақты білеміз.  Өйткені бұл, сол дуалдың арғы жағында, осындай төбеттермен болған өз көзіммен көрген жағдайға барынша ұқсас.

Видеодағы титрлар ахуал туралы жалпы түсінікті беріп тұр. Ал енді қажет желеуді біз сізге беріп отырмыз.  

Жазыңыз, хабарласыңыз, видео жіберіңіз. Көмектесеміз.

Телефонымыз +380933969111 – әлеужелінің барлығына да жарайды

https://www.youtube.com/watch?v=gaRZ2UtSfvA

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.