Өткен уақыт кезеңін біз сараптағанда, кезең әдеттегіден гөрі екі аптаға жуық мезтталса, диктатура одан өлердей қорқады.

Осыдан келіп, полицейлік «алдын алу» шарасы туындайды да, бір идеяға біріккен және бейбіт түрде ұмтылатын, бірақ ахуалды ұйымдасқан түрде өзгертуге бағытталған азаматтарды біртіндеп қуғындау туындайды.  ҚДТ мен Көшеге тыйым салу туралы сот үкімін шығарудағы дәйектелмеген бас тарту, диктатураның бір мақсат үшін өліп-тіріліп, адамжегіш өлермендікпен  қалған-құтқан топас келбетін құрбан ететіні де осыдан келіп шығады; әрине мұндай үкімнің жұртқа еркін қолжетерлік болуы, оның егжей-тегжейін талдауға апарып соғатыны мәлім, сөйтіп, заңсыз, қисынсыз ол сот шешімінің заңсыздығы мен қисынсыздығы, оны шығарғандардың біліксіздігі әйгілі болып, солардың ту-талақайы шығатыны белгілі. 

Соңғы кездері полицей қысымы белсенділердің, бұрын сотталғандардың, болмаса тергеу үстіндегілердің әйелдеріне қарсы бағытталғандығы күшейе түскендігіне назар аударған жөн.  Шамасы, қазақ әйелдерінің жанкештілігі, олардың ерлеріне ғана емес, осы үдерісте өздері де азаматтық белсенді болып шығатыны – биліктің басын мықтап қатыра бастағаны байқалады.  Сонымен бірге полицейлік топастықтың «тортындағы шие»  – ақтаулық арбалы-мүгедек Абзал Қаналиевті біреуді сабады деп кінәлауы…  Бұл Қазақстан полицейінің билік тапсырған қылмыстық және арсыз  нұсқауларды атқару кезінде қаншалықты топас әрі жексұрын тұлғасы барын көрсетеді.  Оларға сондықтан соған сәйкес халықтың қатынасы бар екендігіне таң қалуға бола ма?!

 

Жазыңыз, хабарласыңыз, ықылас білдіріңіз. Біз әрдайым байланыстамыз. Жәрдемдесеміз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.