Бұрын хабарлағанымыздай, 18 тамызды «тоқсан тоғызыншы» абақтыдан (ЛА 155/12, Алматы облысы) бес бірдей сотталушыны «ұрлап» кеткен еді (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/377397753945096/?d=n). Бұл «шаруаны» басқарған Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов пен  ЛА 155/14 («жүз үшінші абақты», Алматы облысы) мекемесінің ТОЖ жөніндегі  орынбасары Серікбол Бақтияров.

Бұл «жазақор тандемнің» құрамы кездейсоқ емес. ҚР ІІМ ҚАЖК-ның Алматы облысы бойынша қызметшілері, ондаған жылдар бойы белгілі бір аумақты өзгертпестен, жемқорлық жүйесінің тамырын жая отырып, «сотталғандарды қинаудың» небір садистік тәсілдерін өзара бөлісумен,  белгілі бір абақты мен түрмелер арасында орын ауыстырып, із тастаумен келе жатыр. Өздері қалыптастырған «тұрмыстың» сұрқия тереңіне батқан сайын, олар қан мен ластың былығын жамылады да, мансаптарын өсірумен келеді. Әсіресе – погондарын баттастырған және жентектелген ласы мен қан мөлшері мен мансап өсімінің шапшаңдығы арасында – тікелей байланыс бар: неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жылдамырақ. Ашов пен Бақтияров – сондай өнімдер.

Пілдей ҚАЖД бастығы мен көрші абақтының ТОЖы осы бір науқанды өз қолдарымен атқару үшін  келді, бұл қарапайым түсіндірілетін нәрсе: садистер ондай шаруаны өз қолдарымен тындырғанды жанындай жақсы көреді, әсіресе әңгіме олардың ұзақ уақыт бойы жек көріп кектеніп келген адамдары турасында болғанда — солай. Бізге 18 тамыз күні кімдерді ұрлағанын білгенімізде, қисынның бәрі де өз орнына тұра қалды.

Сергей Кряжев – бір жыл бойы маған онымен «жүз үшінші» абақтының ҚҰЖ-ында бірге отырудың сәті болған (авт. – Владимир Козлов). 50 шаршы метрде 42 адам сығылысып тұрғанда, қарым-қатынас еріксіз жүреді; Сергей өз құқығын барынша танып, оны қалай дұрыс қолдану жолдарын меңгергісі келген – ақыры таныды.

Өз құқықтары үшін «сауатты соқтығысатын» сотталғандар – адамдарды сындырып, кемсітіп, қинап үйренген, әбден  өз дегендерін қылған «ашовтар» мен «бақтияровтардың» кеңірдегіне көлденең тұрған қылқандай болады.  Олар – өте қатерлі. Тіпті ҚАЖК секілді қырыққатпардың ішіндегі қызметшілер де погонсыз қалады, кейде – еркіндіктен де айрылады; көптеген жағдайда осындай сұрқиялардың кесірінен болады. Олардан құтылу үшін ол байғұстарға бірнеше рет «тыйым салынған заттарды» тығып жібереді, тәртіп бұзуды қолдан жасайды, ойлап шығарады, қасақана түрде түрлі арандату жасайды.

Бұның бәрі сотталушыны «қасақана тәртіп бұзушы» ретінде ресми мойындату мақсатымен және соның салдарынан оны ҚҰЖға, оқшаулауға ауыстыру пиғылымен  «іске» жеткілікті материал жинастыру үшін істеледі. Бірақ бастысы – ҚАЖКға арнайы сөз тасуға арналған жалған себеп пайда бола кетеді. Ол жақтан «мақұл» келгенде, дәл осындай «адам ұрлау» ұйымдастырылады да, сотталғандарды Қазақстанның алуан абақтыларына шашып жібереді.

Бізге белігісі, сотталушы Кряжевті СИ18-ден Атбасардағы «жиырмалыққа» апарып тастағандығы. Этап 27 тамызда жетеді де біз оны қалай «қарсы алғаны» туралы ақпарат алатын боламыз. Бізге одан басқа да «ұрланғандардың» аты-жөндері мәлім әрі қазірге кезде бізө олардың барған жерлерін анықтаудамыз.

Жазыңыздар, қоңыраулатыңыздар, видео жіберіңіздер. Біз ылғи да байланыстамыз, біздің жалғыз телефон нөміріміз +380933969111 – бұл барлық әлеужелілердің  мессенджерлерінде тіркелген. Хабарласыңыздар – жәрдемге дайынбыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.