ҚР ІІМ ҚАЖК – бұл президент әкімшілігі үшін «оппозиция» қандай болса, ҚАЖК әкімшілігі үшін солай естілетін орын. Бұл жерде орын алатын нәрсенің бар болғаны бір ғана мақсаты бар:  кімдердің иығында погон болса, солар үшін барынша игілікті жағдай жасау; осыдан барып – осы үдеріске кедергі болатынның бәріне қатал «қарас» бар.

Егер де Қылмыстық-атқару кодексі (ҚАК) «әділет қызметшілері» мен сотталғандар үшін басты реттеуші құжат болса, онда іс жүзінде, түрмелер мен абақтыларда «ешқашан» деген сөзден басталатын нәрсені кездестіре алмайсың. Мысалы – ҚАКқа сәйкес сотталушының адами ар-ожданы – қол сұқпауға жатады, және бұл қол сұғылмайтын құрмет ҚАЖКның әрбір қызметшісінің қамқорлығында болуы керек.  Іс жүзінде сотталушының адамгершілік ар-ожданы нысанаға айналған, оны «жүйеге» кірген бетте-ақ алғашқы сәттерде жойып жібереді.   

Өз басым (авт. – Владимир Козлов) осы жағдайға түскенімді, басыма алғаш рет келген сұрақ «бұл неғылған қыртшылдық?!!!» болды. Ол сұрақ Петропавлдағы ЕС 164/3 мекемесінде ұлттық ұлан сержантының жұдырығы менің бауырыма соқтығысқанда бірден пайда болған еді. Жұдырық менің басымнан сәл-пәл кішірек еді де, бірдеңе айтуға мүмкіндік болмады – тынысым тарылып кеткен-ді.   Айтпақшы мен қасынан өтерімде рұқсат сұрауым керек екен…

Кейінірек оперлермен қарым-қатынас кезінде, мен өз сұрағыма жауап алдым: – Біздер кім алғаш рет келеді, соларды бірден еденжиекке түсіреміз де қараймыз – кім қалай жауап береді. Сосын – кейбіреулерін «ешкі», енді бірін «еркектер» тобына іріктеп, ал енді «құқығын тыққыштайтындарды» — сығамыз, әбден желі шыққанша. Бізге тыныштық пен сұры тобыр қажет,біздің жанымызға сол жеңіл болады…

Сотталғандардың құқығы турасында ҚАКте көптеген жақсы сөздер бар. Кез келген сотталушының құқығы ҚАЖК қызметшілеріне міндеттеме жүктейтінін ұғу керек, ол құқық – қамтамасыз ету. Теорияда болса «ешбір» сөзінен басталатын нәрсе істемейді.  Істесе, мыңнан бірі ғана.  

Сотталушы бар болғаны 10 минуттан аспайтын телефон шалуға құқығы бар. Бұл құқық ешнәрсемен шектелмейді, яғни сотталушы қажет болғанда күніге шектеусіз рет  қоңырау шала алады деген сөз. Бірақ ҚАЖК бұл құқықты бұза отырып, «қоңырау кестесін» түзеді де, бұл бойынша сотталушы ең жақсы дегенде аптасына екі-ақ рет қоңырау шалуға мүмкіндігі бар. Бұл жағдай «техникалық мүмкіндіктің жоқтығымен», «мамандардың жетіспеуімен», және де басқа «объективті жағдайлармен» түсіндіріледі. 

Осылайша, өзінің заңды құқығының (ҚАК – кәдімгі заң) орнына сотталушы өзінің бұдан артық құқығы жоқтығы турасында әріптердің жыймасын қабылдауға мәжбүр. Болды. Бұл жерде ешбір прокурор заңның бұзылуын қарастырмайды. Ешкім де заңның бұлайша бұзылуы «объективті жағдайлармен» ақталуы мүмкін еместігін, «техникалық мүмкіндіктер» мен басқаларды  — Заңның талабына сәйкестендіру қажеттігін, керісінше емес, ойланбайды да. Мынаны елестетейік: сотта айыпталушы заңды бұзуға мәжбүр болғанын, себебі оған «объектив себептер» болғанын хабардар етті дейік. Сосын? Прокурор  бұны шұғыл ескеріп айыпты шегере ме? Жоқ. Ең жиіркеніштісі сол, бұндай жайттарды «қалыпты нәрсе» ретінде талқылауға жатпайтындай санаға сіңіріп болды. Ал енді әңгіме – сотталушылардың құқығын тұжырымды түрде де, жүйелі түрде де, Заңды да бұзып отырған тарап – ҚАЖК жақтан болып тұр ғой.

 

Бұндай жағдайдың мәнісі жабық жүйеде диюларды туады.  Олар тез арада сатылап жоғарылайды, себебі олардың сапасы мен тұлғасы барынша қажет және бұл қажеттілік олардың жазасыздығын құрайды. Мысалы, қанішерлік бейімі бар кешегі лейтенант Серікбол Бақтияров, Алматы облысындағы ЛА 155/14 мекемесінің ТОЖ жөніндегі орынбасары тағына тез арада ырғып шықты. Ал оның «шаңырағы» Қанат Ашов – сол Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарып шыға келді.

Екі персонаж да сотталушыларға қатысты қылмыстарымен танымал, кірпі секілді  — үстеріне ине қаптағандар.  Бұл «ажырамас тандем» саяси қамаудағы Әсет Әбішевті ерекше дербес түрде рухани  ірітумен болды, солардың тікелей арандатуларының кесірінен ол өзіне қол жұмсауға аз қалды.

Осыларды ескере келе, Әсет Әбішевтің «бостандықты шектеуге» шыға отырып, ұзаққа созылған арандату жағдайында болуын кездейсоқ деуге келе қоймас, бұның бәрінің артында Қанат Ашов тұрғаны мәлім.Заңмен қамтылған міндеті бола тұрып, органдардың сынағына есепке тұруға Әсеттің мүмкіндігі жоқ, өйткені, оның «ісі» үш апта бойы  ҚАЖКның қараңғы кеңісінде «адасып жүр».  Саяси сотталған Әбішев одан арғы жазаны өтеу жағдайларымен, ҚАЖКның сынағы  мен полиция жүктейтін ықтимал шектеулермен таныспаған,ол кез келген уақытта «заң бұзу туралы актыға» ұрынып, кейін оралуы ықтимал, түрмеге.  «ҚАЖК — сотталушы» ара қатынасын реттейтін Іс жүзіндегі нормативтік құқықтың  жоғарыда келтірілген қыңыр тұжырымға негізделуінің артында Қанат Ашовтың дәл өзі тұруы – әбден мүмкін.

18 тамызда Алматы облысындағы ЛА 155/12 (тоқсан тоғызынша абақты) мекемеде, бес сотталушы «ұрланды». Сотталғандарды ойда-жоқта осылай шап беріп, кісен салып, белгісіз бағытқа алып кетіп, себебін айтпағанда осылай дейді. 2015 жылы «жүз үшіншіні» (ЛА 155/14) «қиратқанда», ҚҰЖдан осылай төртеуін «ұрлаған». Оларды соңғы рет кезекші бөлімде көрген, қол-аяқтарын скочпен матап тастаған, көбелектің тұқымы қымталатын «жөргек» құсатып… «Тоқсан тоғызыншыда» 18 тамыз күні Қанат Ашов та, Серікбол Бақтияров та болған. Олар сұқ саусақтарымен кімге жармасу керегін нұсқаған – болды – қолдарына кісен салған.  «Ұрланғандардың» бізге әзір біреуі ғана мәлім – Сергей Кряжев, ол «үнсіз болмағандықтан», оны Ашов та, Бақтияров та қорқытқан, бопсалаған. Бұл жөнінде нақтырағы кейінірек жария болады.

Біз байланыстамыз. Хабарлаңыздар, хат-хабар жіберіңіздер. Көмектесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.