Сотталған  Мирмахмад Курбонов – Қазақстанда тұрақты тұрушы, Тәжікстан азаматы. Оның ахуалы турасында жазғанбыз, өйткені ол Қарағанды түрмесінің әкімшілігі тарапынан болған кемсіту мен қорлыққа шыдамай,оған ота жасатудан бас тартып, «жоспарлы» дегенді сылтауратып, кезекке тұру қажеттігімен созбақтағасын,  жантүршігерлікпен өз ішіне істік сұққан… (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/368613611490177/?d=n).

Мирмахмадтың бірақ жолы болды. Ол үшін барлық инстанцияларға «соқтығысып» жүрген  оның жақын адамы, жақсы қорғаушысы бар, ол өз ісін білікті де шұғыл атқара біледі. Сол себепті оның хикаясы жұртқа мәлім болып қоймай, ақпараттық сүйемелдеу тапты да, ҚР ІІМ ҚАЖК сүйенетін сұмдық та жасырын оңбағандық әшкере болды.

Бізге кеше 17 тамызда, сотталған Құрбоновты Қарағандыдан Жезқазғанға жөнелткені мәлім болды. Бұл ахуалдың сұмдықтығы оның қарнындағы ісікке қарамай,  іріңдеген жарасымен жөнелткені ғана емес. Айрықша ҚАЖКның масқаралығы ылғи да егжей-тегжеймен әшкере болады.  Ол жағдай шынында да әбден масқара еді.

Мирмахмад Құрбоновтың туыстары мен адвокаты Тәжікстан елшісін көндіріп, Қарағандыға кездесуге алып барады. Бұндай жағдайдағы хаттама барынша күрделі екенін атап өткен жөн: ол сапарға бару үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің келісімін алу керек, сондай-ақ ҚАЖК басшылығына шығып, ол Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-ға нұсқау берілуі керек, содан кейін ол нұсқау СИ 16, АК 159/1 түрмесінің бастығына арналуы қажет. Менің осындай хикаямда  (авт. – Владимир Козлов), бұл жайт онның үшеуінде ғана сәті түсті, сол себепті – Тәжік елшісіне мың алғыс.

Бұның бәрі мақұлданғаннан кейін елшінің сапарға шығу күні, 17 тамыз таңертең, Мирмахмадтың адвокаты түрме басшылығымен байланысыпты, Құрбоновтың сол түрмеде екендігі нақтыланған, жөнелту туралы әңгіме жоқ, және де олар Тәжікстанның елшісі келетінін біліп отырған.  Тәжікстан елшісінің хатшысы елшілік қызметкерлерінің сапарға шыққандығын және екі сағат ішінде болатындығын ескертіпті. Алайда… бір сағаттан кейін Мирмахмад Құрбоновты жалма-жан шұғыл түрде Жезқазғанға этаппен АК 159/25 абақтысына ала қашқан…

Бұл ахуал Тәжікстан елшілігі үшін де мейлінше қорлау болып табылады. Бұған қатысты Тәжікстан елшілігі қалай әрекет етерін біз білмейміз, бірақ оның сәйкесінше қимылдап, отандасымен екінші қайтара кездесуге тырысады деген үмітіміз бар.  Ал Құрбоновтың өзіне келетін болсақ, СИ 16, АК 159/1  түрменің басшылығы талай рет оны алдап, заңды түрдегі дәрігерлік көмектен айырды.

Дәрігерлік тексеруден кейін 10 күн өткен соң, адвокат ол турасында оған «жоспарлы» түрдегі ота үшін  порталға ешбір мәлімет енгізілмегенін анықтаған – ештеңе қолға алынбаған. Түрме басшылығы шетелдің азаматы болғандықтан Құрбоновтың Қазақстанда дәрігерлік көмек алуға құқығы жоқ деп есептеген. 

 

Бұл тек қана өтірік емес, полицейлік біліктің жоқтығынан анық хабар береді: күшіндегі заңдамаға сәйкес басқа елдердің сотталған азаматтары, Қазақстанның азаматтары секілді толық түрде дәрігерлік жәрдем алуға қақы бар. Бұл турасында білмеу, мекеменің басшысы ретінде, оның не топастығын, не әбден топастығын білдіреді. Біле тұра істемеу – қылмыстық іс болып табылады, мына жағдайда соны полицей погоны бар «әділет сардары» істеп отыр. Бұдан соң тағы да бір өтірік жалғасын тапты — «Құрбоновта қазақ ЖСН болмағандықтан порталға қою мүмкін емес» екен. Қазақстанда тұрақты және заңды тұратын Мармахмад Құрбоновта ЖСН – бар. Оны бар болғаны сұрау керек еді.

Құрбоновты кемсітіп әрі қорлауды осындай қыңыр аргументтерге сүйеніп жалғастыру үшін керек болған. Қорлану мен кемсітілуден Тәжікстан елшілігі де құр қалмады  – айналма қойдың миымен Мирмахмадты елші келеді дегеннен қарнындағы істік пен ісікті іріңге қарамай жанұшыра  басқа қалаға топалаң шешіммен жөнелтіп жіберген.

Құрбоновты бастығы әуелден басты дұшпан саналатын АК 159/25 мекемесіндегі подполковник Құсаиновқа жіберген.  ҚАЖК-ның бұл қызметшісі 2013 жылы АК 159/25 мекемесінің ТОЖ орынбасары бола жүріп сотталған О Имроншоевты өлтіру бойынша куәгер болған. Бұл іс барынша шулы болып, ТОЖ Құсаиновқа бағынышты 13 қызметкерге үкім шыққан еді.  Бұл тақырыптың мәні жақындарға ТОЖдың пәрменісіз ешбір опер қыбыр етпейтіні мәлім, ал  — сотталған адамды өлтіру тіпті де өз бетімен болуы мүмкін емес.  ТОЖ– субмәдениет тілінде «күң», ал «күңсіз»  қожайын да – қожайын емес.

 «ТОЖ – куәгер» — бұл тақырыптан алыстарға арналған ертегі. ТОЖ бұндай істерге – «паровоз», басқа нұсқа жоқ. Ал енді бұндай куәгер, сотталған адамды өлтіруден кейін «күңдік» қылған жерінде «қожайын» болып шыға келеді…  оның сабалақ қауырсынды құс екені белгілі, қанден секілді сабалақ, пингвиндей семіз, және де Жезқазғаннан да әлдеқайда жоғары ұшатын құс екені мәлім. 

Бұндайларды сотталған кісіге дұшпан ету  – енді – бұнымен Мирмахмад Құрбонов екінші жыл бойы, «соқтығысып» келеді, оны дар жібінен де алып шықты, «жүйкесі орнықсыз» деп те жариялады… Бізде оның Жезқазғанға кетерден бұрын жазған ақтық хаты бар.   Ол өзін не күтіп тұрғанын жақсы білетінін жазады да, өзінің өліміне Қарағанды тергеу оқшаулағышының, осы түрменің тәртіп бөлімінің бастығын, опер бөлім бастығы, опер Бақтиярды, сондай-ақ  АК 159/25 қызметшілері бастық У.Құсайыновты, қызметшілер Т.Құрмановты, А Жақыповты, Е.Низолинді, Ж.Мәрленовты кінәлауды сұрайды.Және де  – ҚАЖК қызметшілерін өздері істеген қылмыстан жауап беруден жалтартып отырған прокурор А.Көшекпаевты да атайды.

Бір кездері «Жездегі» АК 159/25 абақтысынан Руслан Көлікбаев босап шықты. Үйге келіп, автоматты алды да, Алматының көшесіне шығып, барлық полицей киімін кигендерді қырып шыққаны бар. Әділетке деген соңғы үміт сөнгенде осылай болады. ҚР ІІШ ҚАЖК – үмітті өлтіретін мекен.  Зұлымдық туатын мекен.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.