Өткен кезең соттау саны бойынша, дұрысы – соттағыштау жөнінен ерекше болды. Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтық белсенділердің үстінен сот отырыстары болып өтті. Барлығын да дерлік ҚР ҚК 405-бап. 2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу бойынша айыпталды.

Қызметіне тыйым салынған ұйым жұмысына қатысу турасындағы осы сөйлем – бекерден бекер емес.  Қоғамға алдын ала кез келген бейбіт наразылықтың өзінен  «қылмыстық сипатты сезіну» таңылуда, өйткені ҚДТ немесе Көше ұйымдары  «экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметтері» ешқандай да дәлелденген емес. Ешқашан, ешкім және еш жерде дәлелденбеді. Сол себептен де оларды осылай деп жарияланған соттың үкімі – құпияланды. Бұл үкімде диктаторлық режим малайларының қылмыстық сөзуарлығынан басқа ештеңе де жоқ.  

Бұл адамдарды бар болғаны өздерінің адами сапасы мен бейбіт наразылыққа қатысты құқықтарын ғана қолданғандары үшін соттады. Бұл «сот үдерістерінде» одан басқа ештеңе де жоқ. Барынша жұмылған, жаппай наразылық тіпті диктаторлық режимде де билікті өзгертуге ықпалы бар.  Күштік құрылымдардың сойылына сүйенгенімен диктатура қоғамның мойны мен арқасына мініп отыр; бірақ сойылдың ұшында ұзақ отыра алмайсың. Сондықтан диктатураға арқасын түзетуге дайындар керек емес.  Осыдан келіп шығатыны – кім де кім арқасын тоса алмаса, соларға деген қояншық қатыгездік бар. Осыдан тағы да қатаң әрі қаптаған үкімдер туындайды. Бұл – басқаларға, байқаушыларға, күтушілерге айтылатын ақыл. Бәрі де түсінікті әрі жиіркенішті.

Сот үкімдерінің көптігі «тергеу» бірден бірнеше азаматтық белсендіні үйіп-төгіп тұрып сотқа тапсыруынан шығып отыр.  Қазір көптеген азаматтық белсенділердің үлкен тобын соттап, үкім шығаруда. Онсыз да бастары еркін кездің өзінде олардың құқықтары онсыз да шектеулі, нақты өмір сүруден қалған жағдаймен тең ахуалға апаратын үкім шығаруда.   «Лаңкестік» шектеу қоржындарынан басқа, банк, пошталық, қамсыздандыру, нотариалдық қызметтерді пайдаланудан басқа, бұл үкімдер оларды жұмысқа тұрудан  айырады. Өйткені, ылғи да полициямен және ҰҚК алдында «есеп беріп» жүретін «лаңкес» кімге керек… Бірақ үрейлі диктатураға бұл да аз.  Үкімдерде міндетті түрде әлеужелілерді қосқанда, қоғамдық жұмыстың кез келгеніне қатысуға тыйым салынады. Осыдан кейін демократиялық реформалар, саяси ырықтандыру,тіпті – адам құқығы туралы,оның ішінде басты саналатын бейбіт наразылық  туралы айту – мүмкін емес. Бізде диктатура берген жемді күйсей отырып тек қана мыңқылдау ғана бар. Дәл солай болып жатыр. Күйсейді де мыңқылдайды.

Бізді құқықтан айыруда әбден қайралған, шыңдалған полицейлік «алдын алу» – жалғасуда. Осы ахуалды одан әрі сақтау барысында, билік пен қоғамның қарым-қатынасына қатысты бізге бір ғана үлгі қол бұлғап тұр – түрікпендік жол.

Оқыңыздар, қараңыздар, пікір таластырыңыздар, ойлаңыздар, шешіңіздер. Бізді өзімізден басқа ешкім де өзгертпейді.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.