Қарағанды «централінде» (Оқшаулау орны, түрме) маған екі рет болуыма тура келді (авт. – Владимир Козлов). 2013 жылы қаңтарда этаппен Ақтау – Петропавловск, сосын 2014 жылы көктемде барғам. Алғаш рет мен ештеңе білмейтін сары ауыз күйімде көбінесе жалғыз қамақта болғам; қырық адам қамалған камерада сәкіде отырдық, басымызды шыбындаған аттай бұрғыштап әкеткенше алаңдайтынбыз. Екінші жолы – ертемен адам толы камераға, сосын шашты тақырлап алудан бас тарттық, өйткені, өтпейтін ұстарамен шаштараз басымызды қан-жоса қылып құйқасымен қоса сыпырып жатты; Алматыға біреуден ВИЧ жұқтырып бару менің жоспарыма кірген емес, шаш алдырудан бас тартқаннан кейін Алматыда он күндей өткіздім.

Жатқан орнымызды түнек деуге болады. Ол түнек – адамдардың, қызметшілердің істеген ісімен орнайды. Олардың өздері сұп-сұр, күңгірт, жабыққан адамдар.

Біз Қарағанды оқшаулау орнында не болып жатқанын талай жазғанбыз.  Жуырда ғана Қарағанды түрмесіне транзитпен түскен Кәрім Бабаевқа дәрігерлік жәрдем көрсетілместен бас тартылып жатқанын да жаздық. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/359101862441352/?d=n). Тағы да  – Қарағанды Тергеу оқшаулағышында/СИЗО, өзіне өзі амалсыз қол жұмсап тірі қалған уақытша емдеудегі сотталушыға дәрігерлік жәрдем етуден бас тартылған.  

Қарағандыдағы сотталған Мирмахмад Құрбонов Жазқазғанға кететін этапты күтуде. Тәжікстан азаматы. Қазіргі кезде Қазақстанның Жоғарғы соты оны үкімін қайта талап етіпті, оның кінәсіне қатысты анықталмаған байыпты нәрселер бар екен. «Үндемейтіндер» үшін – мәселе өзінен өзі табылып жатады. Жезқазғанда (АК 159/25) әкімшілікпен арада болған жанжалдан қызметшілерге қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалыпты; ол да әдеттегідей – аяғына бармастан жабылған. Қылмыстық іс қозғалған, тергеу жоқ, кемсіту – бар. Ол әйтеуір жол тауыпты. Семейге, ауруханаға әкеткен.  

Семейден Жезқазған арқылы Қарағандыға транзитпен қайтарған. Тағы да арандату, жанжал, қырсығу мен соқтығысу. Бақтияр Құрықбаев деген опер келіпті. – Қане, бәрін де тоқтатайық, мә саған телефон, сенің анаң ауыр науқас екен, оған хабарласып тілдес — дейд. Жай телефон, әлгі «қосып-ажырататын» ғана. Бірнеше уақыттан соң Бақтияр: – ал енді телефон үшін ақша бер,  30 мың. – Қандай ақша? Ондайға келіскен емеспіз! – Жарайды, онда, мәселені қарсы ала бер, ендеше. — Күн сайын осындай арандату, түрткілеу мен соққылау. – Ақша бер! Асқазанда — жұтылған істік.  Ауруханаға әкеліп, қайтадан істігін алмастан қайтарады. Абақты ауруханасы, Ибраев дәрігер: – ештеңе етпейді. — Жара болса қанталап, шіруде, бүйрек зақымдалған. Құрбоновты – ҒБА (ғұмырбойғы бас бостандығынан айыру) орнына арналған бункерге тыққан.Су жоқ, ас жоқ. Қарнында – істік.

Прокурор Арман Көшекбаев. Келеді де тыңдайды. Құлықсыз түрде. Тыңдап кетіп қалады. Ештеңе өзгерген жоқ.  Сотталған Құрбонов ауырсынудан жата алмайды, ыңырсу мен айқай ғана — қолынан келері. Дәрігерлік жәрдем жағынан —  оншақты күн бұрын ауыртпайтын дәрі берген – болды.  

Қорғаушымен сөйлескенде Мирмахмад Құрбоновтың Кәрім Бабаев айтқан сөздерді қайталапты: — бұнда күн сайын адам асылып жатады, қарнын тіледі, сойылып жатады… режим – жаппай жәбірлеу… Қарағанды централындағы сотталғандардың 70%-ы психиатр есебінде тіркелген… бұндай есепке барлық өзіне өзі қол жұмсаушылар түседі… Мирмахмад аштық жариялағанда, камерадағы жетеудің бәрі де аштық жариялапты. Солай болуы керек. Егер біреуі аштық жарияласа, ол жалғыз оқшауланады да, басқасы да аштық жариялауға кіріседі, ашығушының көзінше тамақ ішіп отырмайды ғой, ол сотталғандарға тән емес.

Оның зайыбы Тәжікстанның елшісі мен ҚАЖК арасында сенделіп жүр. – Ең болмаса Таразға ауыстырып, туыстарының келуіне жақындатсаңыздаршы. — Бас тарту: Құрбоновта теріс бағалы қылық. — Анасы өліпті…

Жуырда Мирмахмад Құрбонов адвокатпен видео арқылы тілдесті. Оған жарасын көрсеткен. Істік әлі алынбаған – ішінде.   Адвокат жәрдем етуге уәде беріпті. Әйелі болса, қолынан келген қоңырауды соғуға тырысып жүр.  Ол Тәжікстан елшісімен кездескен, құқыққорғаушылармен, прокурорлармен сөйлескен. Елшіде үн жоқ. Құқықорғаушылар бас тартқан: — біз білеміз, олар өтірікті соғады, түрмеде бункер жоқ, жәбірлеу де мүмкін емес – дейді.  Прокурор (Аян Ескен) Құрбоновпен кездескенін, «оның жағдайы жақсы» деп оттапты. Мирмахмад болса өңінде де, түсінде де прокурорды кездестірген емес.

Қарағанды. Тергеу оқшауламасы.ҚАЖК. Айуандық. Әрдайым солай.

Жәрдемдесеміз. Жазыңыз, қоңыраулатыңыз. Әрқашан

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.