Түрмелер мен абақтылардағы сотталғандардың жағдайын «жақсарту» турасында ҚАЖК мен ҚР ІІМ уәделерін естіген сайын, мынаны білгіміз келеді: шен-шекпен киінген адамжегіштер, сендер сірә, нені «жақсартқыларың» келеді өзі?  Сендерде болып жатқан нәрселерді жақсарту мүмкін емес. Бұл дегенің боқтың дәмін жақсартумен бірдей нәрсе. Боқтың дәмін қалай жақсартпақсыңдар сонда? Ол қолдарыңнан, сірә келе ме?  Ондай жақсарту бұған дейін ешкімнің қолынан келген емес.

Бірдеңені жақсартуды бастамас бұрын, әуелі сендерден бастау керек. ІІМ министрінен бастап, қатардағы ұлттық ұлан – бақылаушы – келісімшарттағы сарбаздарға дейінгілердің бәрін қозғауға тура келеді.  Грузиядағыдай – бәрін босатып жіберіп, сосын іштеріңдегілерді – қайтадан тазартудан өткізіп, тәубеге келгендеріңді қабылдау керек. Себебі – сендер шеттеріңнен қылмыскерсіңдер. Қылмысты істеген де, оған жайбарақат қарап тұрған да — қылмыскер.

ЛА 155/14 («жүз үшінші», Алматы облысы, Заречное) абақтысынан саяси қамаудағылардың бірі Алмат Жұмағұловқа қатысты жасалған арандату туралы ақпарат түсті. Өткен түні ол түн ортасында оятылып, шырт ұйқыда жатқанда барактан әкімшілік ғимаратқа жеткізіледі. 

Абақтыдағы ұйқыға берілген пәрменнен кейін сотталған адамды ояту  – ҚАК талабы бойынша дөрекі заң бұзу болып табылады, өйткені, сотталған адамға да үздіксіз сегіз сағаттық ұйқы заңмен кепілдендірілген.  Алайда ҚАЖК дегеніміз – сондай боқхана, бұнда сотталғанның құқығын оның өзіне қарсы қолданады. Егер сотталушы 22:00 сағаттан кейін бес минутке кешігіп жатса, күн тәртібі бойынша ұйқыдан немесе 06:00 сағатта оятылғанда  бес минутке ерте тұруға мәжбүр, күн тәртібінде  — ояну болса, онда  — күте бер:  сол бес минут үшін акт мен ұстау тәртібін бұзу жөніндегі жаза туралы қаулы дайын. Бұл жай ойдан шығарылған сөз емес, өз басымнан өткердім (авт. – Владимир Козлов). Ал енді ұйқыдан жұлқып тұрғызып, түн ортасында бас ауған жаққа әкету – олар үшін бірқалыпты жайт.  

 

Мұндай «оятудың» себебі Айжан есімді тергеушінің түн ортасында, 23 сағаттан кейін, абақтыға келіп, саяси қамаудағы Жұмағұловқа қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлау ғана екен. ҚР ҚК 107 бабы 1 тарауы бойынша. Денеге қасақана түрде орташа ауырлықтағы залал келтіру бабы. Екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Алмат Жұмағұловты бұрынғы «абақты қараушысы», жүреген/ходак, түрмеде отырғанына 11 жыл болған, сотталған «Саваның»  құлап, жағын сындырғанына  кінәлауда. Ондайлар бұл жерде болып тұрады. Күнделікті болатын оқиғаның бірі ғана. Бұл қылмыстық істің мәні — «іскер», «қарауыш», «тырысқыш» байғұс әбден шыдамын тауысқан. Бұл сырт көзге ғана. Біздің ақпаратымызға қарағанда,  «Сава» қазір «лашықтарды» (түпнұсқа заттардың жасанды үлгісін, кәдесыйлар жасайтын орын… әдетте – бұл «қожайынның» тікелей басқаруымен істеледі) «қарағыштайтын» екен де абақты бастығы Ғабибовтың ең «жақыны» көрінеді.  

Саяси қамаудағы Жұмағұловты жаңа іске «байластыру» мақсатымен арандату шаруасы – көз бе көз. Жуырда оған «желкөз», яғни мерзімнен бұрын босануға деген сотқа жүгінісхат беруге тағы бір мүмкіндік бар. Сотқа бұдан бас тартуға қарсы себеп табу күрделі болатыны түсінікті, себебі Алматта – 5 бірдей мадақ бар, қылығы үшінші дәрежелі оңды баға. Осы жерде біреу оған қылмыстық іс қозғап, саяси Жұмағұловты ҚҰЖға (Қатаң ұстау жағдайы) тығып жіберуге мүдделі,  сөйтіп оған үшінші дәрежелі теріс қылық, сот қарсаңында – таптырмайтын шара.

Бұндай арандатулар әдетте ТОЖдан, Тәртіп пен Оператив жұмыстары жөніндегі бастық орынбасарынан туындап жатады.  «Жүз үшіншідегі» ТОЖ – атақты Серікбол. Әлгі талай рет жағымсыз әрекеті мен сұмдықтары туралы көп жазылған кейіпкер. Әлгі дәл осындай саяси сотталған Әсет Әбішевке қатысты да  арандатуды іске асыруға тырысқан сабаз. 

Біздің қолымызға «жүз үшіншідегі» сотталғандарда нағыз «тәртіп» деректері қандай, қандай «ұстау жағдайы» бар видео түсті.  Қазақ тілінде бір кісі «ешбір жағдай жоқ» деп мынаны түсіріпті. Су болса – сыздықтап тұр, барлық жер лас, былыққан, антитазалық. Адамдарға жуынуға жағдай жоқ, ұйықтауға мүмкіндік тағы жоқ… Тазалық үшін «соқтыққандарды» — ұрып-соғады да, оқшаулауға жөнелтеді. Егер де өз ақшаңа тазалық орнатқың келсе – төле, рұқсат алу үшін. Бір сөзбен айтқанда  – режим. Әлгі Серікбол жауап беретін режим.

Ковид, дейсіз бе? Пандемия? Карантин? Қызыл аймақ? Қандай ТОЖ — сондай жағдай. Қандай ҚАЖК – сондай ТОЖ. Қандай ІІМ министрі  – сондай ҚАЖК.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.