Назарларыңызға Қазақстандағы азаматтық белсенділерді полицейлік жолмен алдын алуға арналған қуғындау әрекеті туралы сараптамалық анықтаманы ұсынбақпыз. Бұл аталмыш айдар бойынша екінші рет беріліп тұрған материал және ақпараттың дәл осылайша берілуі біздің оқырмандарымызға жалпы көріністі барынша толығынан көруге мүмкіндік беретініне біз сенімдіміз, алайда бұл алдыңғы кезеңдермен салыстыра отырып тануға, яғни – бүкіл ахуалдың динамикасы мен даму барысын түсінуге жол ашпақ.  

Біздің кіріспе материалымызда (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/356417549376450/?d=n) біз айдарымыздың мәнін барынша нақты айтқан болатынбыз, оның міндеттері мен мақсаты ақпарат есебінде де, болып жатқан үдерістерді мейлінше шынайы қабылдауға ықпал етерлік сараптамалық материал ретінде де қажет деп санаймыз. Біздің басты міндетіміз – диктатураның технологиясы қоғамға бағытталған «жаңа қалыпты» сіңіртуіне, азаматтық белсенділерді алдын ала полицейлік қуғындау жұмыстарына қатысты күнделікті хабарламаны тарату арқылы сананы «сабындайтын» ауқымға жайылуға кедергі келтіру; сана әбден бой үйреткенде сәйкесінше – сондай әрбір фактыны қабылдаудың ащылығы әлсірейді де, жұртшылық бұндай ақпаратты бейсаналы түрде үйреншікті жайт есебінде қабылдаудан қалатын болады… Біздің диктатура тарапынан сіңірілетін бұл «жаңа қалыпты» Тәжікстан мен Түрікпенстанда әбден қалыптасқан жайбарақат шынайылықты біздің қоғамға да көзбе көз тықпалауға жанұшыруда…

Біз өзіміздің шолуымызға тағы бір көрсеткішті қостық – «митинг өткізуге  ескертпе хабарламадан бас тарту». Эксклюзивті түрдегі сөйлем құраудың нақұрыстығы – біздің диктатураның тағы бір ноу-хауы, және де нақты цифрлар құлаққа ілінген  «тоқаевтың лапшаларын сыпыратын нақ па нақ жайт болмақ; жай ғана «ескертуден тұратын» әрбір жағдайды «митинг өткізуге рұқсаттан бас тарту» — кезекті диктаторлық «сандуғаштың» жылпос өтірігіне қатысты қарапайым әрі түсінікті дәлел болмақ.  

Біз келтірілген көрсеткіштерге түсіндірме беріп жатпаймыз, өйткені, диаграмма барынша қарапайым әрі түсінікті көріністі беріп тұр. Бірақ әрбір шолу материалымызда біздің көзқарасымыз бойынша қажетті деп табылған эпизодқа лайықты түрде айрықша тоқталатын боламыз.

 «Қылмыстық сот үкімдері» көрсеткішінде бір үкімнің үш іс бойынша апелляциялық инстанцияның шешімі тіркелген: үш азамат саяси сылтаумен қуғындалған  – Наталья Дәулетова, Ринат Баткаров және Бауыржан Жүсіпов. Бұл турасында нақтырақ біздің жарияланымымыздан білуге болады (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/361097532241785/?d=n), ал енді бұл жерде біз бастысын атап өткіміз келді:  диктатураның елде қоғамның наразылық сегментінің болуына жәрдемдесушілердің  бәріне деген кекшілдігі ерекше.

Бұл жаңа нәрсе емес. Алғаш рет бұл жағдай 2001 жылы ҚДТ РҚБ құрыла бастағаннан-ақ, Энергетика жөніндегі экс-министр әрі ірі бизнесмен Мұқтар Әблязов жаңа оппозициялық тұжырымның басты идеологтарының бірі ретінде қарсы шығып қоймай, тұжырымды да, диктатураға қарсы нақты институт ретінде оппозицияны да қаржыландыра бастағанда айқын көрініс бере бастаған.  Сол сәттен бастап Әблязовтың өзін ғана емес, қатал қуғындау оппозицияны қолдайтын қаражаты бар оның барлық жақтастарын шарпыды.

Жоғарыда айтылған апелляциялық шешім – осы қоянжүрек қатыгездіктің нағыз үлгісі. Тоқаевтың атқарғыш малай машинасы адамдарды ғана емес, заңсыз сот шешімдерінің салдарынан қиын жағдайға тап болған өздерінің досы әрі әріптесі Барлық Меңдіғазиевке, оның белсенділері мен олардың жанұяларын қаржымен қолдағаны үшін соттап отыр. Бұл машина өзінің қорқақ та заңсыз үкімін қайта қарап, апелляциялық тәртіппен қатаңдата түсуде: әділетсіз жазаны одан сайын қаталдатып, шартты мерзімге бас бостандығын айыруды нақты мерзімге алмастырды…  

Оқыңыздар, қараңыздар, өз қорытындыңызды шығарыңыз, беймәлім жайттың басын ашатын ақпараттарыңызды жіберіңіздер.

Пікір жазыңыздар, бөлісіңіздер, хабарласыңыздар, хабарлаңыздар, сұрақ қойыңыздар. Біз әруақта байланыстамыз.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.