Апелляциялық инстанцияның төрешілері Уалиева, Сулейменова, Тухфатова, прокурор Саматова – ұйымдасқан қылмыстық нағыз жымысқы малай топ.  Назарбаев диктатурасы өкілдерінің саяси ырқын құрақ ұшып атқарады.  Бұл топ 2021 ж 26 шілдеде қылмыстық іске барды. Бар болғаны тәртіпті болғандары үшін айыптиалған адамдарға тағылған заңсыз үкіммен шартты мерзімді – бас бостандығынан айыру мерзіміне бұрмалады. Шен мен шекпенге қымталған малайлардың қылмысы – қасақана, ешбір шартқа жатпайтын, масқара әрекет. Қылмыс болса – оған жаза да болуы керек. Абақтылар жеткілікті. Бәріне де орын жетеді. Талап ету уақыты ешқашан шегерілмейді.

Наталья Даулетьярова, Ринат Баткаев, Бауыржан Жүсіповтер сот залында қамауға алынды.  Үкім күшіне енді. Бұны заңды демейміз, өйткені, заңсыз үкім заңды күшіне енуі мүмкін емес. Наталья, Ринат, Бауыржан – Барлық Меңдіғазиевтың әріптестері. Ол бұларға, олар бұған жәрдемдесті.

Олар қаржы соққысына төтеп беруге, шыдау үшін азаматтық белсенділерге көмектесті. Аса көлемдегі әрі заңсыз сот айыппұлдарын төлеуге жәрдемдесті, қамалғандардың жанұяларын қолдады. Олар диктаторлық полицейлік сүргіндету машинасы бас алған жандарға қол ұшын берді. Кім де кім алға шығып, соққыға кеудесін тосқандарға қолдау жасады. Өз айлығын өсіру үшін жанталасып, қол жеткізетіндерге емес, барлық адамның құқығы мен бостандығы үшін күресетіндерге көмектесті. Соның ішінде соларды диваннан «көтін көтермейтіндерге» де, тіпті, диванның астында бұғып жатып, құқық үшін алға шығатындарға үретіндерді де «қолдады».

Наталья, Ринат пен Бауыржан да азаматтық белсенді болмаса да алға шықты. Тіпті, оларға қарсы полицейлік топас зұлмат бас салса да, олар қарсы тұрып, шыдап бақты. Олар нағыз шынайы күрескерлер.

Диктатураның жексұрындығы, оның қаншалықты қорқақ болса, соншалықты қауіпті болатындығында. Барлық сұмырайлар секілді – диктатура сұмырай ретінде ешбір әдепке қатысы жоқ, оған бас қатырмайды. Айуандық инстинктер мен рефлекстерден басқа, бір ғана мақсатқа қызмет етеді  – билікті ұстап қалудың жан ұшырған жолына ғана. Егер де бұл үшін алдау керек болса – алдайды, өтірікке толы боқтыққа былғау керек болса – былғай салады, арнайы заңсыз үкім керек пе – шығара салады. Өлтіру керек пе – өлтіреді.

«Тоқаевтың реформасы» —  бұл болмайтын ешбір салдары жоқ нәрсе. Нәтижесіз үдеріс, адамның өзіне өмір салты етіп алған, өзін күйттейтін ғана, өзінен ауыспайтын жанның жай ғана жалған әрі жауапсыз уәделерімен жұртты алдаусыратуы уағызы ғана.  Малай ешқашан да президент бола алмайды, егер де оған қожайын тарапынан арнайы бұйрық болмаса. Бұны ұқпаудың өзі – ұят.

Прометей құдайлардан отты ұрлап оны жарықсыз, жылусыз, түнек пен суықта, қапаста жаратқанның еркімен өмір сүретін адамдарға берді. Осы қылығы үшін оны құдайлар жартасқа шынжырлап тастады. Түн сайын жартасқа құдайлардың шабарманы ретінде бүркіт келіп, Прометейдің бауырын шұқумен болды. Прометей түн сайын адам шыдамас сырқаттан өлді, ал құдайлар болса, оны қайтадан азап шегіп, өлу үшін тірілтіп отырды.  Құдайлар Прометейден тәубеге келуді күтті. Ол болса, азап шекті, қиналды және бір ғана: «… мен адамдарға жәрдемдескім келді…» деген сөзбен өлумен болды.   

Бүгінгі күні диктатурадан азап шегетіндердің бәрі де құқық пен бостандық талап ету арқылы дәл солай адамдарға көмектесумен келеді. Олар – қаһармандар.  Қаһармандарға – абырой мен даңқ тілейміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.