Бұрын уәде еткеніміздей – өзіміздің басты екі тақырыбымыздың бірі – азаматтық белсенділерді қолдауға қатысты ақпараттандыру форматын анықтап алдық.

Біздің сайтымыз бен фейсбуктағы осы аттас парағымыз, азаматтық белсенділер мен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды ақпараттандыру мен кеңес беру жағынан қолдаумен шұғылданады. Бұл тақырыптар грант алуға өтінім беру кезінде анықталды да, бұған дербес инсайдерлік тәжірибе негіз болды, қолда бар бұндай тәжірибені аталған жағдайға ұшыраған адамдарды қолдауға пайдаланбау – дұрыс емес, әрине.

Қоғамның жалпы құқығы мен бостандығын толық басып-жаншуға бағытталған күнделікті саяси полициялық қысымдау жағдайында жуырда ғана біз биліктің қоғамға үйреншікті бой үйретуді сіңіру үшін арнайы тәсілдер мен әдістерді қолданатынын жазғанбыз. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/349684486716423/?d=n).

Өкініштісі сол, бұл қитұрқы әрекет өз салдарын көрсетуде, күн сайынғы аңду, ұстау, қамау, ұрып-соғу, әкімшілік және қылмыстық соттар, бостандықтан айыру мен шектеу – көптеген «бейсаяси» азаматтардың сезінімінде айрықша назар аударуға тұрмайтындай күнделікті үйреншікке айналды; бұл олардың басына төніп жатпағандай әсер сіңіруде…

«Біз емеспіз, сондықтан да біземестерге тиісті» дейтіндерге арнаймыз. Иә, бүгін сіздің басыңыз аман, бұл өздеріне ғана емес, сіз үшін де құқық талап етіп  алдыңғы қатарға шыққандардың басындағы жағдай. Ал енді сіз бұл ахуалды айналып өткенмен, оларды ұрып-соғып автозакқа тыққанда, сіздің құқығыңызды қорғайтын адам болмай қалады. Сонда сіз «мен саясаттан тыспын» деген тұжырымды жамыла алмайсыз, өйткені бұл өзіңізді өзіңіз алдаусырату ғана.  Саясат дегенің – сіз өмір сүретін ереже де, болып жатқан бітпейтін былық та. Бұл қалай болғанда да, сізге де болмаса сіздің туыстарыңызға да тап болуы кәдік. Бар болғаны бұл — уақыттың еншісі. 100%.

Бұл қитұрқы үйреншіктілікті бұзу үшін, осы бір өзін өзі жұбатудың жасық қабыршағын тесіп және біздің «ортастатистикалық тоғышардың» өзін өзі жұбатқыштығын талқандау үшін,  біз сіздерге қоғамның белсенді бөлігінің күнделікті ақпар – талдама ретінде ұсынатын боламыз.  Сіздің назарыңызды күнделікті бой үйрету өткіншілігінен жоғары көтеруге тырысатын боламыз. Апталық салыстырмалы талдау жалпы алғанда, ахуалдың даму бағытын ажыратуға, бұл дамудың қарқынын байқауға,  ең болмаса орта мерзімдегі болашақты сезінуге, және басты бағыттан ажырамай, басты мақсатқа жету  — іріген диктатураны байсалды парламентаризмге айырбастау үшін  не істеу керек, нені түзету қажет, қандай міндеттерді атқару керектігін ұғуға жәрдемдеседі.  Қоғамның белсенді бөлігі ретінде сіз осы ақпаратты өз айналаңызға, жақындарыңызға, көршілеріңізге, әріптестеріңізге, достарыңызға таратады деп сенеміз.  

Бұл материалда біз 14-20 шілде аралығындағы ахуалды сканирледік.  Бізге қолжетерлік құқыққорғаушылар мен азаматтық белсенділерден келген хабарламаларды түртіп алдық. Біз бұл кезең ішінде және осы кезде мәлім болған бұрынырақтағы оқиғаларды тіркедік. Егер де біреуіңізде қандай да бір көрсетілген тақырып бойынша біздің ескеруімізге қажет ақпарат болса – хабарласыңыз, біз әрдайым байланыстамыз.

Төменде келтірілген кесте одан әрі жоғарыда жазылғандарды график түрінде бейнелейтін болады.  Қараңыздар, ойлаңыздар, ұғыңыздар, шешім қабылдаңыздар.

 

14 — 20 шілде 2021 жылазаматтық белсенділер

Алуан түрлі бейбіт қарсыласу шаралары мен оқиғалар өтті

5

Полицияның жасырын байқау әрекеттері аңғарылды

7

Азаматтар түрлі жағдайларда ұсталды

21

Ұстау кезінде полицейлер ұрып-соқты

7

Полиция «құқық бұзу жөнінде» әкімшілік іс қозғады

19

Полиция қылмыстық іс қозғады (басқа мазмұн берді)

3

Әкімшілік сот болды (әкімшілік қамақтар)

9

Қылмыстық сот өндірісіндегі істер

12

Қылмыстық сот отырыстары өтті

9

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.