Бүгін, 14 шілде, сот саяси қамаудағы Әсет Әбішевтің мерзімнен бұрын босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Бұл оңды шешімге Әсеттің өзі қол жеткізді.  Және де – «тып-тыныш, бой көрсетпей бұғу» жолымен емес, керісінше – ҚАЖКға дәлелдеп әрі өзін сындыру, қорқыту, «жұмсартылған ұстау тәртібін» майша жағу мүмкін еместігін көрсетіп, ол өзінің саяси құқық қорғаушы болып қалатынын және өзінің ҚАЖКның кеңірдегінен өте қоймайтынын, керісінше ҚАЖКға жұтқанын құстыратынын сездіріп, дәлелдеп көрсетіп барып шешім шығартып отыр. 

Әсетті әзірге құттықтауға ертерек, өйткені заң үкімнің күшіне енуі үшін он бес күндік мерзімді қарастырып, ол мерзімде прокуратура өзінің қарсы наразылығын білдіре алады да, бұл шешімді бұздыруға мүмкіндігі бар. Бұл саяси қамаудағылар үшін кеңінен тараған және жиі болып жататын құбылыс деуге болады; осындай жағдай Әсеттің тегі бірдей саяси қамаудағы Кенжебек Әбішевпен бірнеше рет болды да, әлі күнге ол абақтыда отыр. 

Қадағалаушы прокуратура бұндай наразылықтарды қитұрқы жолмен істейтіні сондай, осындайдан алатын әлдебір «прокурорлық рақаттану» турасындағы ойдан еріксіз арыла алмайсың. Он бес күн өткеннен кейін сотталушы өзін босадым деп есептеп, баракта өзінің заттарын таратып, енді шығаберіске таяғанда, сөйтіп бостандыққа бір қадам қалғанда … болатын ахуал өте кең таралған. Дәл осы мезетте оған есіктен қарсы кірген прокурор өзінің қарсылығын бекітіп алып, бостан адамды сол бойда қайтадан зэкке айналдыра қояды… шамасы, ол прокурор содан рақат табады, соны өзінің тапқырлығы мен шеберлігі санайды, ләззат табады.  Бұндай жағдайдағы адамның күйін өз басым (авт. – Владимир Козлов) бірнеше рет байқағаным бар. Сұмдық көрініс, басқа бермесін. Кейбіреулері бұған шыдай алмай оқшаулау бөлімінен бір шығып жатады, тіпті жүйкесі сыр беретіндері де бар… Бұндай қиянат пен қанішерліктен, садизмнен ләззат алу – КСРО НКВДсында қалыптасқан және әлі күнге қазақстандық ҚАЖК мұқият ұстанып отырған «дәстүрлердің» бірі. 

Менің өмірімде ҚҰЖ (қатаң ұстау) жағдайында біржылдық мерзім біткесін үш күннен кейін ШМБ (шартты мерзімнен бұрын босату) туралы сот үкімі шыққан еді. Әсет құсап мен де барлық «желкөздерді» (форточка) қолданып, «дауысымды жеткізу» үшін, өзімнің кінәсіздігімді мәлімдеп, ҚАЖКдағы адам құқығының бұзылатындығы туралы ШМБ-ға өтініш білдірумен болдым.  Ешбір мадақ болмаса да, он рет сазайым беріліп жазаланғаным, олардың үшеуінде оқшаулау бөліміндегі мерзімдер және екеуі – ҚҰЖдағы  өтелген кездерім бар. Қызық жері, неге екенін білмеймін, сот төреші абақты бастығы Идиловты біршама мұқатқысы келген секілді: ол менің сотқа арналып абақты әкімшілігі жазған екі бірдей мінездемемді оқып шықты. Біреуінде маған мейлінше теріс мінездеме берілген, онымен менің «толығынан түзелуден бас тарту» мінезімнен  ШМБ-ға шығу мүмкін емес еді. Ал екіншісінде – мені соншалықты аппақ әрі мамықтай жұмсақ етіп сипаттаған, тіпті, мұндай адамды әлі күнге босатпай, абақтыда ұстағаны үшін абақты әкімшілігін соттауға болар еді. Бұл екі мінездеменің арасында екі күнтізбелік күн болған-ды…

Әсет Әбішевпен де дәл сондай ахуал.  Оның басқаша болуы да мүмкін емес. Саяси қамалғандар заңды бұзғандығы үшін емес, президент аппаратынан түскен заңсыз саяси тапсырыс бойынша түсуде. Сол себепті кері қарай да, бостандыққа шығу жолы да – сондай: саяси пәрмен болса болды – әділсот пен заңды айналып өтіп, артыңнан бір теуіп шығарады, ал болмаса – сәті түссе  «қоңырауға дейін», түспесе «мерзім орап» бір не бірнеше жылды тағы да… 

Бұл жерде өте маңызды екі аспект бар: бұл жүйені сен қаншалықты «соқтығып  майыстырдың», қаншалықты өзіңнің күшіңді көрсете алдың, және де – сені бостандықтағы жұрт қаншалықты қолдай алды, қаншалықты тістеді, тырнады, жұлқыды, бұл жүйеге қаншалықты жайсыздық жасады, ылғи да…  және ақырында  – оларға, диктатура төбеттеріне  қаншалықты, нақты саяси мезетте сенен құтылу «тиімдірек», «бір минутке ғана» қорқаудың тұмсығына қойдың терісін жаба салған – әлгінің бәрін жалғастырғаннан жайлырақ бұларға. Әсет болса — жарайсың! Ол жоғарыда айтылғандардың бәріне де сәйкес болды, және оның қолынан толығымен дерлік келді.  Он бес күннен кейін.  Былай айтқанда – осы он бес күн уақытты сезінуді алмастыратын болады.  Ол бір уақ тоқтап қалғандай да болады. Ең ауыр күндер … Әсет, саған күш пен төзім тілейміз.  

Бұның арасында – ҚАЖК өзі тірлігін жалғастыруда. Тараздан сотталған Кәрім Бабаевты (ЖД 158/4, https://www.facebook.com/108893537462187/posts/342953674056171/?d=n),

Ішінен жұтылған затты аластаған ауыр отадан кейін Арқалыққа, «жабыққа», толық оқшауға алып кеткендігі турасында ақпарат түсті.  Бізге сондай-ақ жөнелту алдында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының тапсырмасын орындау бойынша абақты бастығы «бассыз Теңіз», Мұхтаровтың тапсырмасымен оны өлердей ұрып-соққандығы туралы хабар түсті… Сотталған Бабаев – ҚАЖКның кейбір қызметшілерін қинау мен басқа да қылмыстары бойынша айғақ беріп сотталушылар отырғышына отырғызған жігіт. Бұндайды «жолдастар тобыры» ешқашан кешпейді әрі жауапсыз қалдырмайды…

Бізге сотталған Кәрім Бабаевтың тағдыры турасындағы ақпаратқа алғысымыз шексіз болмақ, сондай-ақ – сотталғандар мен басқа да бас бостандығынан айыру орындарындағы жандардың құқығының бұзылуы жөніндегі ақпарат соншалықты маңызды. Жазыңыздар, қоңыраулатыңыздар, хабарлаңыздар – көмектесеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.