Диктатураның желіге байланған шынжырлы төбеттерінің бірі – погон тағып, мантия шапан киген адамдарының бірі жуырда «сотталғандар құқығындағы жағдайларын қалайша ЖАҚСАРТА ТҮСЕМІЗ …» және тағы басқа был-шыл-был-шыл болған кезекті отырыстарында хабарлағаны бар. ҚР ІІМ  министрі Тұрғұмбаев (бұған ЛА 155/14 ТОЖ  Серікболдың тәттілеп тұрып түкіргені бар), «…сотталғандардың дәрігерлік қамту жағдайын ҚР Денсауминге өткізу туралы хабарлады..». Министр мырза, Серікболдың сіздің погоныңызға түкіргені әбден дұрыс, өйткені, сіз өзіңізді сол таққа отырғызғандарды жерге қаратып отырсыз. Сіздің бұл сөзіңізді дәл солай сөз бе сөз түріндегі алдыңғы министрдің орынбасары да Денсауминге «өткізу қарсаңында» екенін 2013 жылы сандауғаштай сайраған … Бірақ, шындығы сол, ол байғұс, «жылдың соңына қарай» деп қырти салған. Бәлкім тақырыпты әлеуметтік желіде арандату үшін айта салған болар, себебі қай жылдың соңына қарай екені нақты айтылмаған еді…

Осы отырмақта бұдан басқа, «жағалай видеобайқау орнатылғаны, ешбір соқыр аймақтың қалмағаны…» турасында көкіді… Бұған қарап бұндай көкуден іш өтіп  өлуге болады. Бұл жайында мен соңғы бес жыл бойы жазудайын жазып келемін (авт. -Владимир Козлов) және басқа құқыққорғаушылар да жарыса айтып-жазуда. Алайда, егер соттар сотталушының тәртіп бұзуын видеомақұлдаусыз ҚАЖК-ға қарсы бас тартса, және де «дәл осы уақытта камералар жұмыс істемей қалды» деген сылтау бойынша жазаласа, — бұл ҚАЖКның беломыртқасын омырады деген сөз… Ал ҚР ІІМ ҚАЖКсыз – министрлік емес…  

Сөздің орайына қарай тағы да абақты медицинасы туралы қозғаймыз. «Жүз үшіншіде»  (ЛА 155/14, Заречное, Алматы) сотталушы жас жігіт Петр Беспалов баяулатылған өлім халінде жатыр. Ол бір жыл бұрын сендердің «дәрігерлеріңе» хабарласып, обырға қарсы дәрігерлік тексеруді өтінді. Ол кезде оның сырқаты мойнындағы кішігірім бүртік еді… Қазір ол мойынға жайылған ісікке айналды. Өйткені, сендердің «дәрігерлеріңді» көндіруге бір жыл уақыт кетті, ал дерткөз нақтыланғанда – ештеңе де өзгерген жоқ.  Емдеу қалай болмап еді, әлі солай – жоқ. Бұны емдеу турасында емес, сендердің фельдшерлерің шимайлаған дәрігерлік қағаздарды айтамыз. Айырмасы сол, енді сотталушы Беспалов қандай аурудан оны емдемейді, ал өзі неден өлетінін жақсы біледі…

Біздің «жүз үшіншіде» ұзақ уақыт бойы судың болмағанын таяуда жазған болатынбыз. Суды күніге үш-ақ рет қосқан, оның өзі тот басқан, қолдануға жарамсыз су. Бұның жаңа жайты мәлім болып отыр. Белгілі болғаны – суды таңғы жетіде берген. Ал ұйқыдан тұру таңғы сағат алты, жарты сағаттан соң – таңғы ас, сосын – сапқа тұрғызу… Бұның бәрі – сіздің ТОЖ  Серікболыңыздың  саналы түрде жасаған «былықшасы», ашық айтқанда  — оның арандатуға бағытталған тәртіп бұзуы. Сусыз жуына алмайсың, тіс тазартпайсың, және – қырына алмайсың. Ал сапта қырынбай тұру – тәртіп бұзу деген сөз.   Серікболдың күн сайынғы «актыға арналған күнделікті жоспары», бұл күндері «қорабымен» шыққан тәртіп бұзушыларды нысанаға дөп түсірді. Сотталғандар болса, жеңілдетілген ұстау жағдайынан ажырады да, туыстарымен  қосалқы кездесуге, сауқат, сәлемдеме алудан  айрылып қалды, МШБ-ға (мерзімінен бұрын шартты босау) үміттенуден қалды…

ҚАЖКда мынадай ахуал – бұл тұрмыстың тұжырымы. Онда сотталушы ылғи да сәтсіздікке ұшырауы көзделген, оған тәртіп бұзу актысы жасалып, оның ылғи да оперлардан тәуелді болатындай – сотталушының одан арғы өмірі актыны іске асыру қажеттігін шешуге байланысты болып, оның амалсыздан оперға пара беруге болмаса «опербөлім есігін жұлқу» жағдайына түсуге мәжбүр етілуі қасақана қарастырылған…   

Бұған – «сотталушының қылығын бағалау дәрежесін» тағы қосыңыз. Бұл туралы Қылмыстық кодексте  – анаша түтініне булыққан опердің жазғаны заң болып тұр. Қылықтың екінші оң дәрежелі жеңілдетілген ұстау тәртібі бар және МШБ-ға иек артатын сотталушы    – бірден бірінші,тіпті екінші дәрежелі теріс бағаға ұшып түсіп, келешегі ҚҰЖға (қатаң ұстау жағдайы) байланып шыға келмек…  Ол қырына алмады, себебі ТОЖ Серікбол суды таңғы 7-де қосуды ойластырды, әдеттегідей ұйқыдан оянған бойда емес…  

Ұстау тәртібі – ТОЖдың тікелей жауапкершілігі. Сотталғандардың тиісті ұстау жағдайын қамтуға арналған ТОЖға бағынышты оперларын қоса алғанда  бүткіл бір «тәртіп бөлімі» бар.   Ал шын мәнінде бұл қызметшілер сотталушының уақытында қырынуын қарамайды. Олар оның орнына сотталушыны бұл мүмкіндіктен айырып, сапқа «тәртіп бұзу туралы акты» бланкасының пачкасын көтеріп келеді.  Олардың басқаша жасамауға ТОЖ Серікболдың «акт пачкасынсыз бір күн де өтпесін» деген талабы болса, олар қайтпек…

«Абақты медицинасына» қатысты тағы бір тақырып – вакциналау. Бұл шара ерікті-мәжбүрлі сипаты бар бас бостандықтан айыру орындарында өзіне тән ерекшелігі бар. Бізге кейбір түрме қосындарына вакциналаусыз жұмысқа жібермейтіндігі турасында хабарлады, ал енді жуырда біз «мотивация» тізімінің кеңігенін білдік:  вакциналанудан бас тартқан сотталушыға жақын-жуығымен ұзартылған кездесу мүмкіндігінен айыруға қатер төндіруде, туыстары біраз ақша төлеп, кездесуге өзекті теріс ПЦР-тестпен келсе де осылайша қорқытуда.  Сотталғандардың барынша төмен деңгейлі иммунитеті барын, оларда «абақты медицинасы» байқамайтын, тіркемейтін, және емдемейтін  созылмалы аурулар шоғы барын ескеру қажет. Бұндай ағзаға өлімші етерлік екпе салдыру, екпе әлжуаз болса да – медициналық қылмыс. Сотталушыларды екпелеуге мәжбүр ету, шынайы медициналық тексерусіз және олардың еркінен тыс екпе салдыру – бұл кісі өлтіруге деген ұмтылыс. Бірақ – ҚАЖКның жалпы тұжырымына сыятын нәрсе – бас тарттың ба, бітті – жазаланасың. Өлгің келмегенің үшін емес, қырынғың келмегенің үшін.

ҚАЖКның  «сотталушы әрдайым да кінәлі болуы тиіс» деген тұжырымдамасының екі негізгі міндеті бар. Бірінші – сотталушының оперлердің жемқорлық «жемтігін» құрайтын әрі «сөз тасушылар» (сотталушылар арасындағы жасырын тыңшылар) қатарын шұғыл көбейтеді. Және екінші – өз құқықтарын қорғауға тырысатын «белсенді наразыларды» есептен шығарып отыру.  Ондайларды – әуелі оқшаулау бөліміне, сосын ҚҰЖға, содан кейін «жабыққа» (толық оқшаулау мекемесіне аудару) болмаса «шыр айналдыруға» (бас бостандығын айыру мерзімін ұзартуға) жеткізу.

Сотталған Абұлғазинов, ТОЖ Серікболды ұстау тәртібіне қатысты жазғырып шағым жазған, оны дереу сол үшін «жүз үшіншіден» Қарлагқа жөнелтті, (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/342953674056171/?d=n), бұған қатысты тіпті ешбір себеп те, түсініктеме де жоқ. АК 156/16 мекемесінде оны бірден ҚҰЖға жөнелтуді шешкен, бұнда да- ешбір себеп пен түсініктеме жоқ. Біз оның Адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық комитетке және қадағалаушы прокурорға өз құқығын қалпына келтіруі бойынша жүгінгенін білеміз,бірақ бұл құжаттардың өз мекенжайына жеткеніне сенім жоқ.  Сұлтанбек Абұлғазиновқа ота жасалғаннан кейінгі медициналық тексеру қажеттігі талап етіледі, бірақ оның орнына  – оған күн сайынғы тінту, кемсіту, мазақтау… Оған бұның бәрі де қызметшілер «ТОЖ Серікболдың үстінен жазылған шағымның» зардабы екенін білдіруде…

Ақыр соңында. Министр Тұрғұмбаев, сіз өзі ҚАЖК құрылғаннан бергі БАРЛЫҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ сотталушыларға БІРМӘРТЕЛІК ҚЫРЫНУ ҰСТАРАСЫН БЕРМЕГЕНІНЕН ХАБАРДАРСЫЗ БА, СІРӘ?  Сіздің бағыныштыларыңыз  ең болмаса сәлемдемелерден ұстара алу мүмкіндігі жоқ, болмаса абақты дүкендерінен сатып алу мүмкіндігі жоқ, мыңдаған сотталушылардан «әрдайым таза болу керегін» талап еткенде,айнадан кімді көресіз?  Оның үстіне – «қырынбау» ұстау тәртібінің бұзылуы болып табыла тұра, басқа біреуден ұстара алу да тәртіп бұзу болып табылатын болса – қайтпек керек?.. 

 

Қарапайым сұрақ:  сіз ішкі істер министрісіз бе – әлде ҚАЖКдағы арандатушылардың сыбайласысыз ба?  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.