Біздің сайтымыз бен осы аттас Фейсбук парағының көптеген оқырмандары соңғы бірнеше ай бойы біздің жарияланымдарымыздың бағытынан бас бостандығын шектейтін орындардағы адамдардың құқығын қорғауға қарай айқын түрде  «жантаюды» байқап жүр. Шынында да солай. 

Бұның себебі айқын болмаса да мәлім. Біз тек қана маңызды әрі өзекті тақырыптарды қозғамаймыз, сонымен бірге қолдау, сөзкөмек беру, ахуалды жақсы жаққа қарай өзгерту, қызуды бәсеңдету, адамға тыныс аларлық мүмкіндік сыйлау, жекебас мәселесін шешуге сәйкес әрі пайдалы ұсыныстар турасында жазуға тырысамыз. Бас бостандығынан айыру орындарындағы адам құқығының тақырыбы – әрдайым түрлі ахуалдар мен дербес жайттарға толы болады. Жалпы алғандағы адам құқығына қарағанда бұл дербес келеді.  

Бірнеше ай бұрын біз өз оқырмандарымыз бен тыңдармандарымыздың назарын Қазақстанның әбден кенеуі кеткен, іріп-шіріген диктатурасына, өзін өзі жанталаса сақтауға кіріскен  оның полицейлік келбетіне аудара бастадық.  Ол енді бейбіт наразылық митингтермен күрескісі келмейді, ол тіпті митингінің өзін көргісі келмейді, ол туралы естігісі келмейді, егер ол жиындар назар аударуға тұрмайтындай болмаса.

Біздің диктатурамыз өзінің кезекті «сталиндік ережесін» енгізді — «адам жоқ болса – мәселе де жоқ». Енді біз Фейсбук таспасында алдын ала ұстау, соттау, әкімшілік қамау, қылмыстық іс қозғау туралы хабарламаларды болмаса азаматтық белсенді бейбіт адамдарға қарсы «танылмағандардың» шабуылы турасында көріністер көзге түсуде.  Қазақстан құқық пен бостандықты алдын ала ескерту жолымен басып-жаншитын елге айналды, бұндай істе алдыраны жан салмайтын Орталық Азиядағы көршілес Түрікпенстан мен Тәжікстандағы жағдай бізде де айқын түрде орын алуда.  Бұнымен қатар әлеужелілерде жаппай полицейлік мониторинг пен наразы азаматтарды қара тізімге алу барған сайын өршуде. Бұнымен қазқатар түрде ақысы төленген адами қыламдар мен әдепсіз оңбағандар азаматтық белсенділер тарапына буллиң (әлеужелілерде айдап салу) ұйымдастырумен жүр; бұл жұмыстың бірқатар табысты екенін өкінішпен атап өтуге тура келеді: бүгінгі уақытта қоғамның наразы бөлігі бір біріне қайшыласқан, қырық-пышақ болған топтарға айналды. Полиция – тергеу – сот… наразылықты жаппай басып-жаншудың саяси тапсырысын атқаруға арналған және жолға қойылған, байқалмайтын әрі күнделікті тіршілік көзіне айналған конвейердің тап өзі дерсің.

Белсенді қоғамдық азаматтарға қатысты полицейлік қуғын-сүргін түріндегі қоғамды  алдын ала ескерту барған сайын шектен шығып балалау үстінде. Қоғамдық бірлестіктерге ұйымдаспаған, ағартусыз, полицейлік қасақана қорқытып-үркіту көріністерінен үрейленген азаматтық қоғам бұған өз жауабын алдын ала байқалғандай көрсетуде: диктатура тарапынан істеліп жатқан әділетсіздік пен заңсыздық турасындағы хабарламаға сәйкесінше жауап беруге батылдықтары жетпестен, қоғам көзі мен құлағын жауып, көрмегенсіп, естімегенсіп, «Хабардың» әуенімен шай ішуден қолы тимеуде. Құқық пен бостандыққа қарсы алдын алу мен үзіліссіз полицей шабылуының салдарынан бұл ахуал созылмалы қоғамдық сырқат секілді күнделікті қыңқыл-сыңқылдай көрінетін тіршілік сипатына көшуде, қоғам да жаппай құлдандыруға қарсы тұратын күштердің ахуалын білуге деген құштарлығы да сондықтан азайа түсуде. Тіпті – қоғамдық орта наразы топтарға кіжініп, оларды жақтаудың орнына, «әркімнің өз еркі» дегендей жайбарақаттықты жақтап шыға келетін, жан тыныштығымен қара басын көлегейлейтін жағдайға келді…

Әрине, әңгіме «ештеңе істеп керек емес, өйткені ештеңе тындыру мүмкін емес» деген сарындағы емес. Онсыз да бұл тезисті  жиырма жыл бойы диктатура бізге таңумен, сіңірумен келеді, және онымен бұлайша келісу – біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген балта шабумен бірдей. Азаматтық қоғамды айтқанда, өзіміз оның бір бөлігі екенін түсінуіміз керек. Демек, біз өз ортамызда нені және қалай істеуімізді біздің материалдарымызды оқитын және бізге сенетіндер – біздің қолымыздан неғұрлым тезірек не келеді және жағдайды өзгертіп, диктатураны тоқтатып, одан құтылатынымыздан көп нәрсе тәуелді екенін біледі.  Біздің қоғамымызда не болып жатыр, нақты не өзгеруде, неліктен бұлай болуда, және бұны қандай тәсілмен жеңеміз деген жайттарды ұғуымыз керек. 

Жұрттың бәріне айқын нәрсе  – азаматтық белсенділер жаппай полицейлік езгілеу мен азаматтық қоғамның үлкен бөлігінің көнбістілігі жағдайында диктатураның сүргіндеу машинасына қарсы ұзақ уақытқа шыдай алмайды. Бүкіл ел бойынша алдын ала ескерту шараларымен жүз шақты адамнан «тазарту» – полицияның қарабайыр міндеті.  Осыларды қоса алғанда, соңғы уақытта белсенділердің бас бостандығынан айыруға үкім шығарылмай, оларды шартты мерзімдермен және онсыз да «шектеулі бостандық» жағдайындағы кемсітілген шарттарды бұзғанда «толық бостандықтан айырумен» қатер төндіру арқылы  «диктатураның құқық қорғаушылары» өздерінше қолға алынып жатқан «демократиялық реформалар» жөнінде айтуға желеу қылып отыр; бұның қатарында саяси қуғындаудың қарапайым есеп-қисабы мәселенің басқа жағына куәлік етуде.

Шығу (ол сонымен бірге – кіру) біреу-ақ: әдіс-тәсілді, мүмкіндіктерді, азаматтық қоғамға апарар қоғамдық ақыл-парасатты іздеу, табу. Адамға адамды жеткізу, бойына сіңіру, ағарту, ұйымдастыру, қалыптастыру – адамға оның тумысынан бастап өмір бойғы құқығына өзі ие екендігін жеткізу. Мемлекет пен билік – олар емес, оған сол адамның өзі екенін жеткізу. Биліктегілер – оның құқығын ұрлап, өзін іріп-шіріген желіге байлап қойғысы келетіндер екенін жеткізу.

 Бұған біз де қатысудамыз. Және біз бір нәрсені ұқтық – бұны қалай істеу керегін.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.