2013 жылдың өзінде ІІМ министрінің орынбасары  «жыл соңына дейін» абақты медицинасы Денсауминге беріледі деп хабарлаған еді.  Ауламызда 2021 жыл ағымда, жаз ортасы болды, бірақ бәрі баяғыдай, өзгерген ештеңе жоқ.  Демек, бұл ҚР ІІМ сияқты ҚАЖКға да мейлінше қажет дүние. Оларға медиктердің көздерін, құлақ-ауыздарын жауып ұстау үшін,  солардың погонымен абақтыларда қалғаны керек. Әйтпесе түрмелерден сыртқа небір былықтар мен пәле ағып шығады да, оның жағалауы қайдан бітетіні белгісіз болады.

Түрлі ақпарат көзінен бізге келген хабарға қарағанда,  ҚАЖК абақтыларында – COVID тараған.  Осының белгісімен сотталған Сейдалиев, ЖД 158/4 мекемесі, Тараз, ауырып өлген. Ал оның өлім себебін асқазан жарасы деп көрсеткен.  Бұл әлгі сотталған Бабаев жазасын өтеп жатқан түрме.  Бабаев туралы соңғы белгілі нәрсе – оның ауруханада жатқандығы, оған денеден бөгде нәрсені отау үшін ота жасалуы керек, өйткені, ол биылғы сәуір айында түрмедегі әділетсіздікке наразылық көрсетіп бірдеңе жұтып қойған.  Содан бері бұл жағдайға бастық орынбасары Мұхтаров ештеңе білмегендей сыңай танытып келеді, бірақ ол Бабаевты жүйелі түрде және өзі ешбір жазаланбастан оның соңына түсіп қудалаумен келеді.  Жүйелі түрде – өйткені Бабаев үнсіз емес,өз құқығы үшін соқтығысумен келеді, Мұхтаров жазасыз – себебі ол түрмеде «Топас Теңіз» деген атағы бар, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК бастығымен ерекше достық орнатқан…

Алматы облысы Заречное мекеніндегі ЛА 155/8 мекемесінде бір жасақта 10 адам бірден ауырған. Дерткөзі – пневмония…  Бір мезетте онында да бірдей дерт. Жасақ барактарда 100-ге тарта адам жайғасып, күні бойы бір ғана орынжайда уақыт өткізеді, ешбір қорғанышсыз.  Тағы да қанша сотталған адам бұл «пневманияны» қағып түсетінін – тек қана COVID біледі.

Алматы облысы, Заречное мекеніндегі 155/14 («жүз үшінші») мекемеде де  – сол көрініс. 1-жасақта жаппай сырқат, мәжбүр етілген және жаппай екпелеуден кейін осындай ахуал орнаған.  Сотталғандар – иммундық жүйесі әбден бұзылған адамдар екені және созылмалы аурудың шоғыры бар екендігі, әсіресе ұстау жағдайына орай өкпе ауруы кең таралғаны мәлім. Оларды екпелеу – медициналық қылмыс.  Ондаған адамдар COVIDпен жүре ауырып жүр,  бар болғаны – сотталған-белсенді,ҰКБ (ұзақ кездесу бөлмесі, өте нанды орын) меңгерушісі,  «Шах» Бақиевті ғана шығарды…

Мекеменің бастығы Ғабибовтың демалысы кезінде, бізге «ТОЖ Серікбол» ретінде белгілі кісі, абақтыны сындырып, өзіне әбден қаратуды ойластырса керек; нақтырағы – өзін басқаратын ҚАЖД кураторы Ашовтың пайдасына жасап, оның орнына өзін ауыстыруға жағдай жасағысы келсе керек.  «Тінту шаралары» кезінде сотталғандарды сілейте сабаған, соның ішінде саяси қамаудағы Алмат Жұмағұлов та бар. Тінту тонау мен мародерлыққа барынша ұқсаған – сотталғандардың барлығынан дерлік «рұқсат етілген» жеке заттары ұрланған, тумболардан темекілер «ұшып кетіп», тіпті «шаруашылық киімдер» (сотталғандар үшін арнайы киім) жоғалған.  

«Үндемейтіндерді» құртуды көздеп, ТОЖ Серікбол ашық та қасақана көрсете отырып, өзін дым білмегендей топас көрсетуде; шамасы – басқасы қолынан келмейді. Сотталғандардың біріне, заң бұзу туралы қаулыда көрсетілгендей, оперЛЕР (Серікболдың бағыныштылары) «қитұрқылықпен өзінің №2 жасақ үшін жергілікті аумағын тастап шықты да, №3 жасақ аумағына өткен» деп көрсетіпті. Мен бұл мекемеде болғанмын (авт. – Владимир Козлов), және осы жергілікті аумақта да болдым. Локал аумақ  (локалка) –  барактан шыға берістегі шағын аумақ, сотталғандар болуына рұқсат етілген алаңқай ғана. «Үштікте» (ЕС164/3, Петропавловск) ондай жерге тек қана арнайы кестемен шығуға болады, ал «жүз үшіншіде»  (ЛА 155/14, Заречное) – ол алаңға ұйқыдан басқа уақытта күні бойына қуып шығады. Қысы-жазы. Ыссыда да, жауында да, қарлы боранда да. Локал аумақ шарбақпен қоршалған, құлыптаулы, және де одан шығуға тыйым салынған. Бірақ оның мәні мынада, «жүз үшіншідегі» 2-3 жасақтар бір баракта (бірінші және екінші қабатта), және де оларда локал аумақ ортақ – БІРЕУ ғана. Бұл жасақтардың сотталғандары күні бойы осы аумақта амалсыз бірге болады.  Осыған сәйкес  – бұл алаңнан басқа локалға кетудің, «қитұрқылықпен өтудің» ешбір мәні жоқ…  Демек, қадағалаушы прокурор ТОЖ Серікболдың соңынан ілесіп, ойдан шығарылған және заңсыз жазаны қолдаған әрі заңдастырған болып шықты…

Сотталған Сұлтанбек Абылғазиновты, ТОЖ Серікбол, мекеме бастығы Ғабибовтың жоқ кезінде абақтыдан алып шыққан. Әдетте бұндай әрекет үшін салмақты негіздеме болуы керек, бірақ Серікбол үшін сотталғанның «үндемейтіндігі» жеткілікті болған. Бұған дейін ТОЖ Серікбол, әдеттегідей, ҚҰЖдағы кемсіту «шараларына» құлшына кіріскен әрі қатысқан. Сотталғандарға «кортқа отыру, басты тізеге, қолдарды желкеге қоюға» бұйрық берілген. Бұл табаның қышығанда етікпен басқа бір перуге де, кімді ұрғысы келсе, соған одан да ауырын істеуге өте ыңғайлы отырыс.  Абылғазинов кортқа отырудан бас тартып,  ол өзінің жуырда ішіне ота жасалғанын айтқан да, бұл поза оған денсаулығына сәйкес еместігін айтқан.  Ол осынысы үшін етікпен ішінен соққы алады, дәл ота жасалған жерге тепкен. ТОЖ Серікболдың тепкісі.  

Сұлтанбек бұл турасында қадағалаушы прокурорға шағымданады, ал бірнеше күннен кейін ТОЖ Серікболдың нұсқауымен ол шұғыл түрде абақтыдан аласталған. Қазір ол Қарлагта, Қарабастағы АК 156/16 мекемесінде. Оған ҚҰЖда тамыз айына дейін болатындығын хабарлапты, бірақ қатаң ұстау жағдайының мерзімі маусымда бітеді екен. Сұрақтарына жауап берілмейді, арыз бен шағым қабылданбайды, абақтыдан аластау себептері туралы және ҚҰЖда ұстауды ұзарту туралы қаулылар таныстырылмайды.  Оны толығымен оқшаулап отыр. Сотталған Абылғазинов құқық қорғаушылардың көмегін сұрауда.

Тағы да абақты медицинасы турасында. ТОЖ Серікбол, Ашов екеуі сотталғандарға арнап жазаның жаңа түрін енгізіпті. Тоқпақпен төмпештеу. Және де – ресми түрде. Біз бұған дейін сотталған Максим Липихтың ҚАЖДға ТОЖ Серікбол кіріп шыққалы «ұстау тәртібіне қатысты талабы жоқ» болып шыққанын жазғанбыз. Бізге бұл «түзелу» үдерісінің жайы енді мәлім болып отыр.  Сотталған кісіге прокурордың қатысуымен (!) және көзінше, оған қандай да бір тәртіп бұзғандығы үшін тоқпақпен үш дүркін соққы беру тағайындалады (!!). Үшінші соққыдан кейін ұрып-соғудың ресми бөлігі аяқталады да, ресми адамдар кетіп, сотталған адам енді «толығымен» емін-еркін соққы саналмастан ұрып-соғылады. Ал ол ҚАЖДдан шыға салысымен «құқығын шайқай» алмас үшін және де ұрып-соғудың көрнекті салдарын көрсету үшін оған тәртіп бұзғандық ойлап табылады да, ҚАЖДда қанша керек болса, айығу үшін сонша ұстайды…  

Сіз сұрарсыз – бұған абақты медицинасының қатысы қандай?  Әлгі айтылған «ресми ұрып-соғу жазасына» абақты дәрігері қатысады. Үдерісті қадағалайды. Соққының күшін бақылайды. Алғашқы үшеуін. Ақ халатпен тұрып. Бұл енді сізге ештеңені еске түсірмей ме?  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.