«Жүз үшінші» абақтыдағы (ЛА 155/14, Заречное, Алматы) сотталғандардың жақындарынан келіп жатқан ақпараттар барған  сайын қорқынышты бола түсуде.  Барлық хабарламаларда бір ғана есім көрініс беруде – Серікбол.Бұл —  Тәртіп пен оператив жұмыстары ТОЖ бойынша бастық орынбасарлығын аға лейтенант  шенімен жүріп-ақ қолға түсірген, талай бастардың үстінен аттаған әділет капитаны Бақтияровтың есімі.

Оны қуатты «тепкімен» бұл таққа отырғызбас бұрын, ол көрші «тоқсан тоғызыншы» абақтыда ТОЖ бастығының орынбасарлығын «дөңгелеткен» еді.  2021 жылғы қаңтарда  Серікбол сотталған Ұшқын Хайруллаевты соңғы көрген бірден бір тәртіпкер; ол оны ҚАЖДда өлтіре ұрып-соққан. Екі сағаттан соң Ұшқынды асулы күйінде тапты.  

Сотталған Хайрулаев  «намазхан», мусульман еді және оның бұлай «кетуі» ақыл мен қисынға келмейді. Бұл «тақырыптағы» сотталғандар аталмыш өлімнің тәуелсіз тергелуін талап етті, бірақ оның орнына олардың өздері «балғаның астына» түсті.  Олардың көпшілігі басқа абақтыларға аласталды да, ал бұл тақырыпқа видео жазып жариялаған, сотталған Мақсат Төлебековті әуелі «тыйым салынған заттарды» астыртын тастап арандатты да, сосын оны ҚАЖДға лақтырды, кейін ҚҰЖға (Қатаң ұстау жағдайы) жөнелтті. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/279843260367213/?d=n

Бірнеше күн бұрын әкімшіліктің бастамасымен сот болып, Мақсатқа «жабық» (толық оқшаулау мекемесі) бұйырды, мерзімнің соңына дейін… ІІМнің орнына ҚАЖК погонды садист әрі социопат Серікболды жақтап екінші рет шықты.

«Көрініп қалған» тәртіпкерді тез арада атақ пен лауазым беріп жоғарлатты да, «жүз үшіншіге» ауыстырып ТОЖға өткізді. Енді ол абақтыда Қылмыстық кодекспен тыйым салынған  түнгі тінтулер қызу қолға алынуда, оған тікелей Серікбол қатысуда, барактардың терезесінен кіріп, ҚАЖКдегі сотталғандарды ұрып-соғу – оның өз қолынан өтетін шаруаға айналды.  Сотталған Максим Липих, әкімшіліктің заң бұзуына шағымданған азамат, түн жамылып ҚАЖД-ға ТОЖ Серікбол келіп кеткелі өзінің барлық наразылығынан бас тартуға мәжбүр болыпты…

Сотталғандар «еркін» ауруханаларға дәрігерге көрінуге рұқсаты барларға, ақысыз бару мүмкін еместігін хабарлауда; біресе айдауыл жоқ, біресе апаратын көлік жарамсыз болып шығатын көрінеді. Сотталған Петр Беспалов, онкологиялық дерткөзі анықталса да, осындай себептен аман қалуы бірден бір химиялық ем алу болса да — мүмкін болмауда. Шындығына келгенде айдауыл да, машина да бар. Бірақ бұлар ақша төлейтіндер үшін ғана… Ал «Жүз үшіншінің» медбастығы  Бекжан Тұрлыбеков – бар болғаны фельдшер ғана…

Бұрын хабарлағанымыздай, ТОЖ Серікбол саяси сотталған Әсет әбішевтің ізіне барын сала түсуде.  Әсеттің қасындағы сотталғандардың жақындары хабарлағандай, оларды Әсетке айдап салып, соны бақылауға мәжбүр етуде көрінеді, сондағы олардың міндеті – Әсеттің ұстау тәртібін бұзу жағдайын ТОЖға хабарлау екен.  ТОЖ Серікбол өзінің құзырынан тыс,  Әсет Әбішевті сотпен қасақана шыққан үкіммен «жәбірленгендер қорына» (бұның қандай қор екенін ешкім де білмейді) айыппұл төлеуге мәжбүрлеуге тырысуда. Біздің ақпаратымыз бойынша, ТОЖ Серікбол Алматы облысы ҚАЖД қызметкері Ашовтың атынан алшаңдауда… Біз бұл қарым-қатынастың табиғаты турасында, Ашовтың тікелей «терілік» мүддесі қақында, министр Тұрғымбаевтың бұл схемада түкке тұрғысыз болып қалғандығы туралы жазғанбыз…  

Бұл жерде ТОЖ Серікболдың өз мүддесі болуы да әбден мүмкін. Әсет Әбішев – 2019 жылы абақтыда орын алған «қиратудан» кейін бірнеше сотталғандардың жазған шағымының авторы. Олардың сотталғандарды қинап, оларды кемсіткендердің және содан рақаттанған, жендет атанғандардың бірі – Серікбол Бақтияров… Бұндай оңбағандар – кекшіл келеді…  Саяси қамалған Әсет Әбішев «соқтығысып», бұл шағым бойынша істің жабылуына қарсылық білдіруде.  Биылғы 19 мамырда ол өз наразылығын ТОЖ Серікбол бақылайтын кеңсе арқылы Бас прокуратураға жіберіпті.  Бұл турасында өзінің фейсбук парақшасында  @Бота Жәрдемали хабарлады.

 https://www.facebook.com/100023277185705/posts/958202548298976/?d=n

Бұл қатынасқа жауап әлі жоқ.

Саяси қамалған Әсет Әбішевке – расында да қатер төнуде. Біз 23 маусымда оның ТОЖ Серікбол тарапынан жасалған арандату мен заңсыз қуғындауды тергеуді талап етіп аштық жариялағанын анықтадық. Біздің белсенді қатысымызсыз жарияланған аштық тәртіп бұзу болып есептеледі де, Әсет Әбішев ҚҰЖға (қатаң ұстау жағдайы), толық оқшауға түседі.

Бүгін – Қазақстан полициясының күні. Полиция күні – жақсы мереке. Ал Қазақстан полициясының күні – жақсы күн емес. Ал енді полиция күні «серікболдардың» күніне айналса, тіпті сұмдық…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.