Егер де ҚР ІІМ ҚАЖК-мен әлдекім шеткері болса да «жанасып» көрсе, ондай адамға бұл орган турасында әңгіме айтып керек емес, — оған бәрі түсінікті, тайға таңба басқандай. ҚАЖК –қоршауға керілген болаттан жасалған «тікенек сым» секілді нәрсе: сырттай қарасаң, жанаспағанша ол әдемі көрінеді, болат шілтер секілді, бірақ…  Ал сүйкеніп кетсең, бітті, сұмдық: тиіп кетсең бәрі де – жүндестер, зэк күртесі де болмаса былғарысы да… Өйткені әлгі темір тікенде – миллиондаған темір ұстара бар, мақсат біреу ғана – жырту, ауырту, қимылсыз ету, мойынсұндыру, ар-ожданға деген құқықтан айыру мен ерікті аяқасты ету… Өмірімде бір-ақ рет жанасып кеткенім бар – бәрін ұқтым, сұрақ та, күмән да жоқ. 

Тақуасы қандай болса – ақидасы сондай деген. Бұған басында-ақ ҚАЖКның өзі мен оның жаппай тұжырымына және қылмысты қатыгездігіне сәйкесуге әзір еместер түспейді.Қатыгездікке тумысынан бейім, жүгенсіздік пен жазасыздық және қылмыстық сыбайластық жағдайы ондай адамды әбден кері кетіреді. Ғылымда адамның психологиялық құбылуыныңтөрт түрі белгілі, бұны барлығы да, оның ішінде пенитенциар жүйенің қызметшілері де айналып өте алмайды.  

Бұл құбылу айналасы үшін, әсіресе қызметшілердің өздері құқықсыз деп есептейтіндер үшін қатерлі. Сол себептен де жиырма жыл бұрын әрбір облыста ҚАЖК қызметшілеріне арналған арнайы бейімдеу орталықтарын құру жөніндегі шешім қабылданған болатын.Бұл орталықтарда олар жыл сайын, олар адамдық қалыпқа түсумүмкіндігін қабылдауға тиісті болатын, бірақ… бұл орталықтар жоқ, кері кету психологиясының үдерісі ондаған жылдар бойы жалғасуда және сотталғандармен жұмыс істейтін ҚАЖКның кез келген қызметшісін бес жылдан кейін-ақ сотсыз да, тергеусіз де отырғыза беретіндей жағдайға келді. Сол жерде бола жүріп менің есептегенім бар, ҚАЖК қызметшілерінің абақтылар мен түрме жүйесіндегі қылмысқа баруларының орташа саны, КҮН САЙЫН, үздіксіз түрде – жиырмадан аса…

Және де қоғам үшін ең ауыр да қатерлі жағдай –ҚАЖК ондаған жылдар бойы қорлап, мүгедек етіп, өлтіріп келеді, сондағы бір ғана мақсат – осы бір НКВД-ның status quo мәртебесін сақтау, «мемлекет ішіндегі мемлекеттің» қирауына алып келетін өзгерістерді ешқандай болдырмау. Одан басқаны күту мүмкін емес – ҚАЖК басшылары, бұрынғы оперқызметшілер, «кіндік шешелер» мен «қожайындар». Олардың мансап сатылары ласқа былыққан, қанға бөккен, оған бірнеше өмірбойғы бас бостандығынан айрылудың азабы төселген… 

Осы себептен де ҚАЖКда «кері қарай іріктеу» жасалуда және нығая түсуде. Бұл жағдай өзіне өлермендене жол ашатын қызметшілер — нағыз баскесерлер, садистер, әдептен, ұят пен абыройдан жұрдай болғандар кіріскенде қалыптасады.  Бұндайлар осы жүйеге таптырмайтын тетіктер, өйткені оларсыз бұл жүйе құрып тынары мәлім. ТОЖ орынбасары Серікбол, «жүз үшіншідегі» (ЛА 155/14, Заречное), бұған дейін бұл туралы біз жазған болатынбыз, және де ҚР ІІМ министрі Тұрғұмбаев қақалғанша жаза беретін боламыз – ТОЖ – Тәртіп және Оператив Жұмысы жөніндегі абақты бастығының орынбасары осындайлардың бірі. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/314799113538294/?d=n).

«Жүз үшіншідегі» бүгінгі тәртіп дегеніміз –тәулігіне үш-ақ рет су беру, дәретханасы боққа былыққан, су беріп оны ажырату алдында бір жарым сағат бойы тот басқан шүмегі бар мекен. Бұл дегеніміз – талапқа сай медициналық көмегі жоқ,сырқаттану деңгейі мен сотталғандардың шағымдану жиілігін жасыру деген сөз.  Ал бұл тәртіпке наразылар үшін жауап беретін ТОЖ Серікбол бар, ол оператив жұмысы үшін де жауапты.   Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, ол ҚАЖД-дағы сотталғандарды өз қолымен қорлап, ұрып-соғып сергиді. Ал ол жерден бұл турасында хабарлау өте қиын. Бәрі де болуы мүмкін ол маңға дәрігерді де, прокурорды да, шақыра алмайсың…. ТОЖ Серікбол бұған әбден қанық – оның сотталғандарды кемтар етіп және адам өлтіргені үшін күнаһарлығы «Магаданға жететін құйрық» болып созылып жатыр (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/233758031642403/?d=n)…

Біз  «жүз үшіншідегі» ТОЖ Серікболдың қылмыстары турасында ерекше назарда ұстап, қадағалауды әрі хабарлауды жалғастыра беретін боламыз, себебі «жүз үшінші» — үш «саяси қамалғандар» — Әсет Әбішев, Кенжебек Әбішев және Алмат Жұмағұловтар отырған абақты. Министр Тұрғұмбаев өзін соқыр-саңырау-мылқау етіп көрсете берсін, бірақ біздің әрбір жарияланымымыз – кімнің кім екенін айқын көрсете түсетін болады. 

17 маусым  — Әсет Әбішевтің туған күні. Біз ол туралы ТОЖ Серікбол оны ҚҰЖ-ға ауыстыруға бар күшін салып, арандатудан соң арандату жасап жатқанынан басқа көптен бері ештеңе естімедік. Біз Әсетке зор денсаулық пен оның бостандығы «қоңыраудан» бұрын өтелуін тілейміз!

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.