Лайық абақты қанша тұрады?

Алматы облысы, Заречное, жүз үшінші абақты, ЛА 155/14 мекеме. Ақпарат үшін айтайық: абақты атауындағы екі әріп (қазіргі жағдайда – ЛА), абақтының орналасқан облысын білдіреді. ЛА – АЛматы облысы деген сөз; Алғашқы екі әріпті алмастырып қоя салған. Сол сияқты – ЕС, Солтүстік — СЕверный Қазақстан, ЖД – Жамбыл облысы — ДЖамбульская (ескі транскрипциямен), солай кете береді. Бұл әрине құпия емес, бірақ қолдануға қажет ақпарат.

Бұл абақтыда қандай да бір режимді ұғу тұрғысынан қарағанда, ылғи да күрделі еді – оның дәл осы уақыттағы қандай екенін түсіну оңай емес. Бұнда ешқашан қандай да бір түсінікті тәртіп болған емес, ол ылғи да аздап «қаншықтыкы» болды, және де көбінесе – «жүндес» болатын, тіпті абақтыда «жүріс — біркелкі» болмаса керісінше — онда «қызыл» режимді ойнап көрсетсе де, әдетте бұл абақтыда «қирату» болғаннан кейін орын алатыны бар. Дәл осы абақтыда «блаткомитет» көбінесе «менттерден шығатын», ал «қараушылар» — оларға «өмірде тән болмауы» керек болса да, — Шартты-мерзімнен бұрын ШМБ босауға «еркектерден» гөрі солар кетіп жүрді.

Оны себебі, бұл абақтыға «жүндестердің» — ақшалы сотталғандар отыруға тырысуында. Олар өздеріне қажет «дербес ұстау тәртібін» сатып ала алатынын әрі «ШМБ-ды алғашқы желкөзден-ақ» ұйымдастыратынын нақты білді. «Жүз үштегі қожайынның» орны әрқашан да қомақты қаржы тұрды, және алпауыт байланыстары бар еді, өйткені жоғарыға қарай ағатын бұндай ірі арналы ақша «аңғарының» өлшемін елестету мүмкін емес еді. Мәселен, менің жағдайымда «авт. – Владимир Козлов) іске қатысты ҰҚК-нің есірігі (2012 жыл) дүрлікпе туғызғаны сондай, сот кезінде мен отырған Ақтаудағы ТерОҚ (СИЗО) «жүз үшіншіге жолдама» алу үшін менен елу мың доллар сұратты… және бұл мені оған ҚАК-не сәйкес және менің тұрғылықты мекенім мен жаняұмның қонысына қарай онсыз да сонда жеткізуі керек. Ал енді Алматы облысында сотқа дейін тұрмағандар қанша төлейтінін елестете беріңіз… Бас тарттым – Петропавловскіге әкелді, тегін.

Бұл ақпараттық серуен «жүз үшіншіде» біздің саяси қамаудағылар қандай жағдайда тұрады, олардың айналасында кімдер және оларды кімдер «күзететінін» білуге түсінік береді. Егер де тәртіпті сотталғандар кездесіп жатса, онда… табиғатта «тәртіпті қарауылдар» болмайды. Тек қана қызметтік конъюнктура мен мәселенің құны ғана болмаса.

Ағалейт Серікболдың абақты бастығының Тәртіп және оператив жұмысы жөніндегі (ТОЖ) орынбасары тағына, абақты «қожайынының», барлық сотталғандар тағдырын ұстаушының тағына ауысуы — бұл дегеніміз төменнен жоғарыға қарай мықты тебілген «тепкі». Ол үшін аса мықты саяси ерік, абсолютті сыбайластық, берілгендік пен бұны істеп отырғандардың бұл ұстанымға не бұйырылса да соның істелетініне аса жоғары сенімі қажет. Ол соны өлсе де орындайды.

Серікболдың ерекше назары «саясиларға» қырағы болып келеді. Жуырда ғана ол сотталған Мұрат Нұрмұхамедті ТерОҚД-ға (ДИЗО)жапты. Мұрат Чехияда тұрып, онда ҚР ҰҚКнің заңсыз әрекетіне қарсы наразылармен бірге шыққан. Ол жанұя жағдайына сәйкес қалай Қазақстанға кірді – қамалды, 405-ші, сот, абақты. Мұнда Мұрат ислам негіздерді бойынша сабақ өткізді, бәрі ашық, ешқандай лаңкестік жоқ. Бұдан басқа – абақтының футболдан біріншілігін ұйымдастырды, шаштараз болды. Серікболға дейін. Жаңа ТОЖ орынбасары қысқа уақыт ішінде сотталған Нұрмұхамедке бірнеше жаза ілді де, қарқынына қарағанда, оны ҚҰЖ-на әзірлеп жатқан сыңайы бар. ҰҚК алға қойған үйреншікті міндеттерді қарапайым шабарманның атқарысы деуге болады: саясилар ешбір мадаққа ие болмауы керек, олар қаншама тырысса да; керісінше – олар ереже бұзушылар болсын, ең дұрысы – қасақана болсын, ШМБ-ға жолдарын бөгеу қажет, және шыр айналдыру этапына жол ашқаны мақұл.

ТОЖ орынбасары Серікболдың сотталғандардың құқығын барынша қатал әрі қасақана түрде бұзатыны сондай, оған қандай да бір жазасыздықтың уәде етілгеніне күмән жоқ. Ол тек қана өз қолымен сотталғандарды ұрып-соқпайды (Біржан Айтқапиев, https://www.facebook.com/108893537462187/posts/322916716059867/?d=n), және ауыр онкологиялық науқас Петр Беспаловқа медициналық көмек көрсетуді құрсап тастауда, бұған қоса барактардағы жатын орынжайларда түнгі тінтулер жүргізеді, бұл заңмен тікелей тыйым салынған жайттар.

Серікболдың басты мақсаты саяси қамаудағы Әсет Әбішев екенінде де ешбір күмән жоқ. Өйткені сол ғана сотталған Петр Безруковтың құқығы үшін және әкімшіліктің бетімен кетуіне қарсы «соқтығысуда».

Шамасы, Серікболды кім алға жылжытса, осы «нанды» орынға, оған мейлінше үміті зор деген сөз. Бірақ абақтыда «бизнес істеуге» үндемей қалмайтындар мен талап ететіндерден, «саситындардан» — құтылу керек, олар — кедергі. Жаңа ТОЖ орынбасарының садистік ауытқуларын ескерсек, оған «жайлы мен пайдалыны» ұсынғаны анық. Ол болса соны рақаттана жүріп атқаруда. Оның үстіне – оның жазасыздық кепілдігі бар. ҚР ІІМ ҚАЖК деген – осындай орын.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.