Біздің kuresker.org сайтымыз адамды бас бостандығынан айыру орындарындағы белсенді азаматтар мен адамдарды қолдауға мамандану үстінде (видеоролик қараңыз, оған құрсауды еңсеріп кіруді ұсынып отырмызhttps://www.facebook.com/108893537462187/posts/320245332993672/?d=n)

Біз бұл мамандану бағытын екі факторды ескере отырып таңдадық: олар — жеке тәжірибе мен белсенді наразы азаматтарды бостандығынан айыратын тізбектес оқиғалардың қисыны түріндегі шындық.  

Соңғы кездері наразы белсенді азаматтардың айналасындағы ахуал, қамау мен соттау «кәдуілгі» көз үйренген істер қатарына айналып барады да, сол себепті әрбір дерек барынша назарға ілігу үшін, тақырып пен идеяны жаппай полицейлік алдын алу шараларымен «сабындап», қоғам алдында бұны үйреншікті етуге тырысқан  режимнің жетегінде кетпейтіндей, біз бұл тақырыпқа қатысты материалдарды беру форматын анықтаудамыз.  Және де біз мұны міндетті түрде істейтін боламыз. Екінші бағытқа келсек, әкімшілік тарапынан сотталғандардың құқығын бұзу туралы ақпарат мейлінше жеткілікті; бұл жөнінен «шағынатындай» жағдайда емеспіз әрине – бізге бұл турасында жұмыс та, қол ұшын беруге тиіс адамдар да жетерлік.

Бүгінгі материал біршама басқаша. Біз енді әкімшілікке ойына келгенді істеуге және қамаудағылардың құқығын бұзуға жәрдемдесетін сотталғандар туралы жекелеген «подкаст» бастайтын боламыз.  Әңгіме «қосамжарланғандар», «әкімшіліктен шапқылайтындар», «қолшоқпарлар», «ешкілер», «өрілгендер» туралы болады.  Осылай деп погонды қылмыскерлердің тапсырмасымен сұмырайланып және қылмысқа баратынсотталғандарды атайды: олар ұрып-соғады, кемсітеді, қорлайды,тіпті адам өлтіреді. 

Бұл өз алдына бөлек, үлкен әрі танымдық тақырып және де бұларға деген көрермен тарапынан берілетін баға мен пікірлерге және сұрақтарға алғысымыз шексіз болар еді. Сіздің белсене қатысуыңыз бізге сотталғандар өмірінен барынша қызықты сәттерді ашуға көмектеседі де, түрме әкімшілігі, ҚР ІІМ ҚАЖК-ң сотталғандар құқығын қалай болса солай бұзуларына жол жабылатын болады.  Сонда ғана түрмелердің құдайы болып отырған ҚАЖК өзінің НКВДлық табиғатын қайта қарауға болмаса мүлдем арылуға мәжбүр болмақ. 

Бүгінгі біздің антиқаһарманымыз – сотталған ХоджиакбарАбдулаев. 158/4, Тараз, мекемесі. Оның хикаясы қатардағы «шабармандардан» барынша артықшылыққа ие болып «отыру» үшін мәртебеге қалай өткендігітурасында: жүз адамға арналған баракта емес, тазалық бөлімінде болмаса бөлек орынжайда (буданДА), бөлек тамақтанып, тексеріске бармау, смартфонды ашық түрде қолдану… Немесе – тілегіңе қарай, шектеусіз түрде, өзіңе кездесуге арнайы Шымкенттен бойжеткенді жаздырып алу, және де – кездесу бөлмесіне емес әрі кесте бойынша емес, тазалық бөліміне не будАнға келтіру… Тізедегіотырған қыз тазалық бөлімінде түсірілген. 

Сотталған Абдуллаевтың бұндай «ауқаты» оның тек қана шабарман-сыбайлас (ТОЖ орынбасары, «сыбайластың» шаңырағына жасырынған тоқылдақ) қана емес, сонымен бірге абақты аумағында орналасқан бірқатар кәсіпорындардың (Мамраимов ДК) нақты қожайыны да.Оның «белгі соқтыратын» нәрсесі және белгі соғатын адамы бар, өйткені оның әлгі Мұхтаровпен айрықша достық жағдайда екені ешкімге де құпия емес  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/322916716059867/?d=n), ал ол Мұхтаров Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК бастығы «Теңізбен» тамыр, абақтының «қожайыны» болғысы келіп діңкесі құрып жүр.  

Қызық жері сол, «шымкенттік қыз» да қарапайым болмай шықты – оның жақындары ҰҚК мен полицияның зейнеттегі және қызметтегі қызметкерлері екен, бұл да сотталған Абдуллаевтың қалай «тұратынына» «жұмыс істейтін» жайттар. 

ҚР ІІМ ҚАЖК мекемесі – мүдделер мен тәуелділіктердің аса күрделі өрімі. Бұл зұлымдық жайлаған жер ғана емес, сонымен бірге ол дамып, іріленіп, кеңейіп және күшейе түсуде. Және де бұл үдерістерді погонды кісілер басқарады – министрден, бас прокурордан бастап – төмен қарай. Әйтпесе, бұл ондаған жылдар бойы өзгермесе, бұлай болуы мүмкін емес еді.  

Зұлымдық бар, ол жоқ бола алмайды. ҚАЖК – зұлымдығы бар әрі ішіп-жейтін және тырқылдатып жел шығаратын жер. ҚАЖК деп жақсы жерді атамайды. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.