Бұрын хабарлағанымыздай, ЛА 155/12 (тоқсан тоғызыншы, Заречное, Алматы) мекемесінің  тәртіп бөлімінің бұрынғы бастығы, Серікбол Бақтияров, Заречный кентінде орналасқан   ЛА 155/14 мекемесінің ТОЖ жөніндегі бастық орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/303298728021666/?d=n).

Алматы облысының абақты қосындары бір түрмеден екіншісіне ауысып, бір кенттен басқа жаққа шықпастан, мансапты шыйыршықтап істейтін кейіпкерлері бар абақтылар кешені деуге болады. ҚР ІІМ ҚАЖК-ның қолы былғанған әрі қанданған осындай қызметшісі жоғарыға жылдам жылжиды.

Серікбол Бақтияров аға лейтенант бола жүріп ТОЖ орынбасары м.а. болып алды. Бұл тағайындаудың айрықша табиғатын бұрын да ашқанбыз: сотталғандарды талай қорлап-зорлауға қатысқан, кейбіреулерінің өліміне себепші қанішер әрі қулығына түлкі адасатын бұл қу, сотталған алпауыт пен оның ірі мүйізді пірлерінің «погонды баласы» рөлін сапалы атқаратыны сондай,     Алматы облысы бойынша ҚАЖД жай ғана қолын «қоя салып» мақұлдайды.

Серікбол Бақтияровтың  ЛА 155/14-дің дәл өзіне, бірнеше саяси сотталғандардың заңсыз жазаланып жатқан осы түрмеге  тағайындалуы – жайдан жай емес. Бірнеше күн бұрын осы түрмеден сотталған Мұратпай Жақсыбаевты аса ауыр халде «еркіндегі» ауруханаға шығарғандығы да кездейсоқ емес еді. Ол әкімшіліктің лаңына қарсыластық ретінде дәнекер электродын жұтып, асқазанын ауыр жаралаған да,содан  ТОЖ орынбасарына «әңгімеге» түскен болатын. Соған қарағанда, ішінде электроды бар кісі оңдырмай соққыға жығылған секілді де, жағдай оны ауруханаға шығарып құтылуға әкеліп соққан. «Серікболдар» өлімші етіліп соққыға жығылған адамдардың абақтыдан тыс жерде «жүрек талмасына» ұшырауын жөн көреді.  Ол осындай жолмен жұлдыз бен таққа тезірек ие болады.  ҚР ІІМ ҚАЖКде осындайлар аса бағалы келеді. Осындайлар онда керек. Ал Жақсыбаевтың жағдайы жөнінде әзір ештеңе беймәлім.

Бізге сонымен бірге осы абақтыда саяси қамаудағы Әсет Әбішевке қатысты жаңа сүргін басталғаны турасында ақпарат түсті.  Жуырда ол Алматы облысы прокуратурасынан қорлау жөніндегі арызына бірден бірнеше жауап алыпты. Прокурор Жылқыбаев «ешқандай айғақ мақұлдамады» деп хабарлапты, бұрынғы қозғалған қылмыстық іс те – жабық. Осымен бірге Алматы облысы бойынша ҚАЖД да өзінің «тергеуін» доғара қойыпты. Бұл ұйымның бастығы Әбдікәримов та Әбішев арызында келтірген дәлелдемелердің «құжаттай расталмай қалатындығын» болжаудың қажеті жоқ еді. 

Саяси тұтқын Әсет Әбішев, біздің мәліметімізге қарағанда, Қазақстанның бас прокуратурасына да шағым жолдапты. Ал оған – тез арада жауап келіпті, енді оған тек қана «ҚҰЖ ғана жауап береді» (қатаң ұстау жағдайындағы толық оқшаулау барагы) екен,  ал оның кемінде алты айға «қабылдауға» құшағы ашық. ТОЖ орынбасарының қарауынан тыс абақтыда ештеңе де өтпейді.  Серікбол Бақтияровқа абақтыдағы көргіштер мен естігіштер, шешендер керек емес. Оған тыныштық пен қараңғы қажет. Сол себепті «саяси» Әсет Әбішев ҚҰЖға барады.

Кәдуілгі «тазалық» ЛА 155/8 («жетпіс бірінші», Заречное) түрмеде де жүріп жатыр.  19 мамырда «тепкі тәрбиесін» жүргізу үшін оған тағы да әскер апарды. Бұл жоспарлы түрдегі «тінту шаралары» емес, ол тәртіп бойынша үш айда бір рет жүргізіледі,кәзір өткізіліп жатқандай  екі апта сайын емес. Сотталғандар бұл оқиғаны, — біз бұрын да бұл туралы жазғанбыз, — бұрынғы абақты бастығы Ашов өз тағын қайта алуға деген ұмтылысынан көреді. Ол қазір Алматы облысы ҚАЖД-де істейді, және оған бүгінгі «қожайын» үстінен әшкере керек.  Пандемия, ковид… түкке тұрмайды. «Қожайынның» тағы мұндай түкке тұрғысыз нәрсеге, абақтыға ондаған ұрдажықтардың арқасымен, етігімен және тоқпақтарымен кіретін вирусқа алаңдауға тұрмайды, өйткені ол барынша «ауқатты» орын… 

Егер де ҚАЖКда құйрық бар деп елестетсеңіз, онда Алматы облысы ҚАЖД – сол құйрықтың қақ ортасы. Иә, дәл сол жер. «Серікболдар» мен «ашовтардың, «писаревтердің» нағыз отаны — сол жер!» Тфу!

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.