ҚР ІІМ ҚАЖК-ны реформалау қажеттігі турасындағы әңгімені естігенде, диктатура сақталып отырған жағдайда, бұл жүйеге шынайы да нақты ықпал етудің жоқтығын ескеріп қана талқылауға болатынын түсіну керек. Төменде біз ҚАЖК аталатын жүйенің іріп-шірігені өз алдына, ол жүйе диктаторлық ағзаның тірі қалуына керекті тастандылар мен өнімдердің шірінділер (кампост) апанына айналғанын куәландыратын дәйектерді келтіретін боламыз. 

Бізге жіберілген видеолардың бірінде сотталған Жаңабаев қолындағы қопыраған ақшаны көрсете отырып, ол ЖД 168/4 (Тараз) мекемесінің қызметкерлерінен алынғанын, атап айтқанда – осы мекеменің тәртіп бөлімінің бастығы мен осы бөлімнің бір офицерінен алғанын келтіреді. Абақтыда қолмақол ақшаны ұстауға болмайтынын және сотталушыға ондай қаржы заңсыз жолмен ғана түсетінін ескеру керек.

Сонымен бірге онда, қамаудың арғы жағында, қызметшілер осындай жолмен айлыққа қоса «бонус» табатынын да ұққан дұрыс болады. Оны әркім өз орнында өз міндетін атқара жүріп істейді. Бақылаушылар – өз рөлінде, тәртіпкерлер, оператившілер – өз орындарында, жоғарғы бастықтар – өз міндеттеріне сай жымын білдірмей осылай жасайды. Мәртебе мүмкіндікті ашады мұнда, ал мүмкіндіктер «қызметке» деген «прайсты» анықтап береді.

Мысалға, сотталғандарға осындай уыс ақшаны кіргізіп беру үшін дәл осындай көлемдегі соманы оны атқарушыға беру керек болады. Егер де бақылаушылар – ұлттық гвардияның жауынгерлері енгізілген нәрсеге, телефонға қоса өздерінің қосымша мыңдаған теңгесін алатын болса, онда абақты бастықтары мыңдаған доллар алатын болады – ерекше жағдай жасағандары үшін, ЖШҚ (УДО) жеделдеткені мен мақұлдағаны үшін, оңды шешім қабылдауға «сотпен келісу» үшін және прокурор тарапынан қарсылық болмауы үшін – барлық тараптан ши шықпау үшін…

Басқа бір видеода осы мекеменің басқа сотталушысы, қолдары қан-қан, тілінген қолдарынан аққан, қызметшілер тарапынан жасалған қорлау мен қинауларға қатысты, ешқандай тазалықтың, дәрігерлік жәрдемнің жоқтығын, ұрып-соғулар турасында баяндауда… Ол Өзбекстанның азаматы, назарға көбіне іліге бермейтін, түрме тарапынан әсіресе босап шығуға беттеген сотталғандарға қасақана түрде ауыр ахуал жасалатындығын баяндайды.

Әңгіме, сотталғандардың абақтыға келгенде «азаматтық» киімдерін тапсыратыны турасында болып отыр. Бұндай жағдайда оларға қағаз «түбіртектер» берілуі керек, онда киімнің сақтауға алынғандығы көрсетіледі. 2012 жылы ЕС 164/3 (үштік, Петропавл) мекемесінде дәл осылай істелген. Осындай «түбіртек» болғанда маған  (авт. – Владимир Козлов) осы қағазды босаған сәтке дейін сақтау керектігін айтып ерекше ескертті; оны сақтау тіпті де мүмкін емес, әрбір тінту сайын талай нәрсе шашылып жоғалады…

Бұл «түбіртекті»  сотталған адам босаған кезде көрсетіп, абақтыдан өз киімін алып шығуға тиіс. Әйтпесе – енапат мәселе туындайды: абақтының алабажағын қызметшілер алып қалады да, тыр жалаңаш қаласың (ол күйіңде үйге қалай қайтпақсың), ал өздерінің міндеттемелеріне келгенде, «маусымға сәйкес киіндіру мен аяқкиіммен» қамтуды — ұмыта қалады.  Бостандық әлемінен туыстарың киім беріп жіберсе жақсы, бірақ жұрттың бәрінде ондай мүмкіндік жоғы мәлім ғой. Ал егер де ол шетелдің азаматы болса ше… Сотталушы амал жоқ біреулерден көмек сұрауға мәжбүр; ондай «қоңыраулатушы» сотталғанға барактағылар жабылып барын жинайды – біреу шұлық, біреу шалбар беріп, енді біреу жылы тоқыма дегендей… ал қыста болса ше…  2014 жылы бір сотталушы үйіне менің жап-жаңа күртемді киіп аттанған, ал оған 46-өлшемді  аяқкиімді  бүкіл абақты болып іздегенбіз…

Көз алдыңызға елестетіңізші, қаншама киім мен аяқкиімдер, көбінесе – өте сапалы да қымбат дүниелерді мекеме қызметшілері қолды қылады… Жыл сайын әрбір мекемеден кемінде мың жарым адам өтеді. Ал абақтылар саны ондаған. Бұл да айлыққа жамалатын – қыруар бонустар.

Әлгі аталған абақты әкімшілігі, абақты бастығының міндетін атқарушы  тұлғасында, ал қазір ол – жалпы мәселе бойынша орынбасар, Мұхтаров, әкімшілікпен алысып, өз құқығы мен өмірі үшін күресуге мәжбүр сотталған Кәрім Бабаевты «сығуды» жалғастыруда(https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246808257004047/?d=n).

Мұхтаров мырза Кәрім Бабаев үшін арнайы түрде әрі қатарынан бірден бес бірдей сазайын тартқызу жазасына тапсырыс берген, осы «материал» негізінде әкімшілік оның үстінен сотқа арыз беріп отыр. Қадағалаушы прокурорлар Даменов пен Пищеков, сотталушыны арандатуға қатысқан Мұхтаровты – қолдады да, сот әрине келісе кетті – толық оқшауланған тәртіптегі екі жарым жылдық мерзімге Бабаевты «тұйықтап» тастады.

Бұл сазай бергізу ерекше назар аударуды қажет етеді. Сотталушы Бабаев өзінің денсаулығына қатысты құқықтың сақталуын талап етеді  – оған мән берілмейді. Ол өзін «жаруға» мәжбүр болады, өйткені басқаша назар аударту мүмкін емес – сосын оған сазайын тартқызу тағайындалады. Кінәнің тағы біреуі  – «кенеп киімнің түсі келіспейді».  Тағы біреуі – ОБД (ДИЗО)-да жүріп «бөстек төсекті тапсырмағаны үшін. Бұның өзі – тыңдауға тұратын бір ән. ОБД ережесі бойынша таңғы бесте ұйқыдан тұрған бойда, сотталушы бөстегін тапсырады да, кереует тігінен қабырғаға шынжырмен бекітіледі. Бірақ сотталушы бөстекті тапсыру үшін, оның камерасын ашып оны бөстегімен бірге каптеркаға апару керек те, сосын сыртынан ұзын метал білікпен кереуетті бекіту қажет. Сол күнгі таңда ол істелмеген, бірақ артынан тәртіпкерлер жүгіріп келіп – бекерден бекер сазайын бергізуге тіркеген. Арандату ма, жоқ па? Тап-таза.

Сотталған Бабаевқа бұның бәрін сотта дауласуға әрине сәті түспеді. Сот төреші сотталушыны көзге ілместен, тыңдамастан, ешбір келтірімдерін ескерместен, прокурорлармен және әкімшілік қызметшілермен шүйіркелесіп, есінеп-құсынап  отырып зерікті… Сосын сотталушы құқығын ескеруден бас тартуға шешім шықты.

Қазір Кәрім Бабаев шұғыл түрде медициналық  амал жасауға жіберілді. Абақты медицинасы естеріне түсіп, сотталушының наразылық нышаны ретінде бір ай бұрын дәнекер электродын жұтқанына байланысты хабарлады. Асқазанда бір ай бойы электрод болған… Медиктер бұны ұмытып кетсе керек…

Мұхтаров мырза сотталған Бабаевты «шыр айналдыруға» тапсырма алған болар, өзінің жоғарыдағы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығынан, «Теңіз-қасапшы» — Жәнібековтен. Оны ҚАЖК бастығы орынбасарлығынан осы таққа жоғарыдан түсіргенін ескерсек, пәрмен соның өзінен келгендігі әбден ықтимал. Өйткені сотталған Кәрім Бабаев – өз айғақтарын ауыстырмаған, «шоршып кетпеген», құқыққорғаушы Елена Семенованың жағындағы аздаған сотталушы-куәгердің бірі болатын. Ол соттарда Еленаны жақтап сөйлеп келді, әрине бұл жайт ҚР ІІМ ҚАЖКның қояншығын қоздырмай қоймайтын іс екені белгілі…

Ал «жүз үшінші» абақтыда (ЛА 155/14, Заречное, Алматы) Петр Беспалов деген жас сотталушы өлімге баяу ғана беттеп барады  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/295283462156526/?d=n). Айлар бойы медициналық жәрдемнің жоқтығынан, онкологиялық аурудың айқын белгісі мен дерткөзі анықталған жағдайда ол кәзір төртінші сатыдағы науқас…   Оны «емдемеуді» де, өмірдің ең болмаса болмашы мүмкіндігін алу үшін комиссиялап босатпай ұстауды да жалғастыруда. 

Біздің бұл үлкен материалымыз бірнеше сотталушының өмірінен келтірілген шағын үзік көріністер ғана. Шын мәнінде бұндай жағдай мыңдап саналады. Мен онда отырғанымда, ҚАЖК қызметшілері қылмыстық кодекстің қаншама баптарын күн сайын, кертартпалықпен, үйреншікті түрде бұзатынын арнайы есептеп шығарғаным бар. Шамамен – отыз құқық бұзу болды. Күнделікті.  Ойнап-күліп жүріп бұзады. Күшенбестен бұзады. Оның бәрі ешбір жазасыз. Реформалау деген – осы ма?  

ҚАЖК дегенің – бұл 100% өлімге итермелейтін аурудың нағыз дерткөзі.  Отынға жағылсын. Басқа нұсқа жоқ.

 

 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.