Бірнеше уақыт бұрын бізге тексерілмеген ақпарат түсті, ЛА 155/12 (тоқсан тоғызыншы, Заречное, Алматы облысы) тәртіп бөлімінің бастығы  Серікбол Бақтияровты ЛА 155/14 (жүз үшінші, Заречное) мекемесінің бастығы тәртіп және оператив жұмысы (ТОЖ) жөніндегі  

орынбасарлыққа  барын сала итеруде.

Серікбол Бақтияров – ол әлгі сотталғандар «оңбаған» әрі «қасапшы» атайтын, сотталғандарды талай рет қорлаған жағдайларға тікелей қатысты,   (олардың ішіндегі мәлім болғандар), сотталған Ұшқын Хайруллаевтың тергелмеген өлімі де, осы өлімге қатысты шындықты талап еткен сотталғандарға қысым жасау науқаны және бар. Бұлардың барлығы турасында біздің kuresker.org сайтында да, және осы аттас фейсбук парақшасында да бар; Ол материалдардың сілтемесін салсақ, кемінде жарты бетті алатындықтан, бұл жолы салмаймыз.

Аға лейтенанттың тәртіп бөлімін басқаруы – сирек болса да ұшырасады. Бірақ ТОЖ бойынша орынбасар болу үшін, капитан, майорлардың үстінен қарайтындығы да  – менің (авт. – Владимир Козлов) есімде жоқ. Бірақ ҚР ІІМ ҚАЖК-ның не екенін тікелей білгендіктен, біз бұл ақпаратқа барынша байсалды қарадық – ҚАЖКда  бәрі де болуы мүмкін,бұл батып кетпейтін нәрсенің бәрі бетінде қалқып жүретін мекен.

Оның үстіне – егер де бұрынғы ЭКСПО-олигарх (оның қол астында Серікбол Бақтияров «шабарман» болған) пен бұрынғы ҚР бас прокуроры арасындағы байланыс айқын көрініс беретін біздің шағын тергеуімізді ұмытпасақ екен. Осындай жоғары лауазымдарда болған адамдар, «бұрынғы» ешқашан болмайтынын ескерсек, ҚАЖК басшылығын былай қойғанда, «ешқандайлағыш» ІІМ министрін айналып өтіп,  экс-бас прокурор сотталған олигархтың «тәртіпқой алтылығын» жылжытушы «жүнді қолдың» рөліне жарайтынның нақ өзі… Бұл туралы біздің материалдарымызда аты-жөндері мен басқа да егжейлеріне дейін жарияланды.  

Сонымен – аға лейтенант Серікбол Бақтияров ЛА 155/14 мекемесіне бастық орынбасары болып алды.  Екі апта болды – міндетін атқарушы: м.а. Шамасы – кезекті атақты (болмаса кезектен тыс, ерекше ерен еңбегі үшін) күтіп отырған болар, «м.а.» кезекші лауазымды лақтыру үшін…

Бірақ ол қазірдің өзінде толығымен «өтеуге» кірісті – 4 мамырда АҚХБК онлайн баспасөз мәслихатын өткізді, бұл мәслихатта  ЛА 155/14 мекемесіндегі сотталғандарға қатысты 26 көкекте әскер кіргізу кезінде қатал қарым-қатынастың болғандығы мен  құқық қорғаушылар сотталғандарды ұстау шарттарын заңсыз түрде қатаңдату фактысы туралы, осы мекемеде саяси қамаудағы Әсет Әбішев, Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішевтерге күшейтілген қысым туралы хабарлады.

Аға лейтенант Бақтияровтың майор атағындағы лауазымға  ТОЖ бастығының орынбасары болып осы аталған мекемеге тағайындалуы және жасалған қысым мен заңсыз қуғындау кесірінен Әсет Әбішев амалсыз өз ағзасын зақымдауға барды, Алмат Жұмағұлов ресми түрде заңсыздықты тергеуді талап етіп үндеу жасады, ал  Кенжебек Әбішев – аштық жариялады – ол ешқандай да кездейсоқ емес еді. ҚАЖК саяси қамаудағыларды қуғындауды ұйымдастыратын ең «сұмпайы» қызметкерді алға жылжыта отырып, үш саты секіртіп, бастардан аттап дегендей барын салатын амалдардың айнасы іспетті.     Оның жөні – жайдан жай емес.  Бұл мекемедегі жайттарды ерекше назарда ұстайтын боламыз.

Енді «көршілерден» түскен ақпарат. Бүгін ЛА 155/8 (жетпіс бірінші, Заречное) мекемесіне әскер кіргізді. Оны «жоспарлы шара» деді. Сонымен бірге – кездесуге тыйым салыныпты, құқық қорғаушылар (өздерінікінен басқасын) мен қорғаушыларды жібермейді, бірақ жүздеген қаптаған шарттасқан сарбаздарды тыққыштайды, олардың әрқайсысы вирустың тасымалшысы әбден бола алады. Сотталғандарды топтастырып (әлеуметтік аралық, дейсіз бе?), бір біріне сығылысқан күйі, оларды бір біріне тыныс алуға, түшкіруге мәжбүр етеді… әрине, тұмшасыз. Пандемия, індет дейсіз бе? Карантин? Ластану? Ол жайында естіген де емес.

Жақсы шараны ҚАЖК деп атамас болар.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.