Жуырда «Бәседегі» әріптестер қазақстандық ҰҚК (ұлттық қауіпсіздік комитеті) сотталған мұсылмандармен, «онша емес әрі олай емес» діндарлармен қарым-қатынасына пайдаланатын арандату мен арандатушылар тақырыбына видеожазба таратты. 

Тақырып: «Абақтыдағы мұсылмандар» — өте күрделі әрі ауқымды материал болғандықтан, оны бір жарияланымға сыйғызу мүмкін емес. Бұл тақырып өзінің тұйықтығына, айрықшалығына әрі даму серпініне қарай,  бұл тақырыпқа барынша жиі әрі тереңірек жарық түсіру керек.  Әрине оны ҰҚК мен ҚАЖКның ыңғайына қарай істейтін ресми БАҚтар секілді емес.

«Мұсылмандық» жолмен абақтыға түсіп жатқандар, ҰҚК қарауында жаза өтеу кезінде де қалады. Бұны естігеннен ғана емес, өйткені өзім де абақтыға осы «комитет» бабымен «кіргенім» бар (авт. – Владимир Козлов). ҚР ҚК 164-ші (қазір 174) өзіне небір әлеуметтіктен нәсілдікке дейінгі  «алауыздықтарды» қамтыған да,  оның бәрі «лаңкестік» болғандықтан ҰҚК құзырына жатқызылған. Олардың жеке ісінде қағазда жазылған емес, «нүктелеу» («точковка») бар – бұл сотталған адамды қадағалаушы, «тәлімгер»; көбіне – бұл «тәлімгердің» қарауынсыз «лаңкеспен» абақтыда ештеңе істелмейді.

Мені кездесусіз әрі байланыссыз, жағдайды жеңілдету мен мерзімнен бұрын босап шығуға ұмтылмас үшін, маған «тәртіп бұзу бойынша жазалау» керек болғанда — тек қана абақты әкімшілігінің нұсқауымен құпия түрде «тәлімдеді», бірақ «мұсылмандармен» бұл басқаша өтеді.  ҰҚК қызметшілері абақтыға кедергісіз келіп-кетеді, «өздерінің» сотталғандарымен кездеседі, олармен «алдын алу жұмыстарын» жасайды да, олардың бірқатарын түрлі себептермен өздеріне қарай бірлесуге икемдейді.  

Шындығында – бұндай іс түсінікті де керек шаруа. Сотталған мұсылмандардың бәрі бірдей – лаңкес емес, алайда сөз жоқ, ондайлар да бар, әрі олардың қатерлі болу ықтималдығы да бар. Бірақ өзгеше ойлауды саяси қуғынға ұшыратумен өзін қаралаған ҰҚК бұл қажетті қызметті объективті әрі кіршіксіз атқаруға ешқандай да үміткер бола алмас еді. Ұйымның сапасы да, оның атынан қызмет етушілердің сапасы да лайық емес.   Олардың деңгейі – «жармасу мен ала қашу» ғана; өгей әрі қатерлі идеологиямен  (дін де идеология) өз идеологияңмен күресу керек; бірақ бұл жерде мәселе бар: қазіргі диктатураның жақтастары, «жармас та алып қаш» әдісімен, ұшқары діни ағымдардың өз жақтастарын көбейтуге апарып соғады… сайқалдық  – қай дін үшін де ауыр күнә.

Мен бұл тақырыпты ҚҰШ-та (қатаң ұстау шарттары) бір жыл бойы «таныдым». Бұл басқа абақтыдан оқшауланған бөлек барак, бұнда тұратындарға кездесу жоқ, телефон шалу жоқ, сәлемдеме шектеулі.  Біздің санымыз 42 еді, бұлардың сегізі бес уақыт намаз оқитын «намазхан» мұсылмандар. Олардың бәрі бірдей «діни» себептермен сотталған емес. Абақтының ауыр міндетінен қашқақтап, «намазхан сыбағасын» жай ғана өзіне лайықтай салған; «намазхандар» қылмыстық «ұғымдарды» (арам) бұнымен байланысты «ұғынған міндеттерін» рәсми түрде жоққа шығарады да, көпшілігі бұларға сондай  пиғылмен қосыла салады. Алайда, өзінің исламдық ұғымдарын лайықты ұстанатын адамдар да болды; Олардың бірі «ҚҰШ имамы» Мұса еді, түнге қарай менің жанымдағы кереуетте көршілес болғандықтан, екеуміз бұл тақырыпқа жиі әңгімелестік.

«Дін үшін» сотталғандардың барлығын босайтын кезде «ҚҰШқа айдап тығады»: ҰҚК нұсқауымен әкімшілік оларға бірнеше тәртіп бұзуды ойдан шығарады да, қылықтың үшінші дәрежелік теріс баға мен «кәнігі тәртіп бұзушы» мәртебесін  береді де,  сосын жарты жыл бойы кезекті «терістелумен» «ҚҰШта кездес»; оны да ұзарта алады, оның бәрі оп-оңай шаруа. Бұның бәрі еркіндікке шығар алдында, сотқа беріп, сосын оған «әкімшілік қадағалау» үшін істеледі: толық мерзімді өтегеннен кейін орын ауыстыру бойынша шектеу қалдырылып, полицияның үнемі шақыруына бару, абақтыға қайтадан түсуден ығып, әкімшілік қадағалау шартынан ылғи қорқуды бойға сіңіру үшін ойластырылған.  Менің бір жыл ҚҰШта болған кезімде бұлсыз бір де бір «намазхан» еркіндікке кеткен емес. Мұсаға менің тіпті «қарыздар болғаным» бар: еркіндікте алғаш кездескен бойда мен оған елу дана кәуәп алып беретін болып келіскенбіз… Сосын ол әкімшілік қадағалауға кетті де, мен Киевке кеттім; менің уәдем орнында, бірақ тек қана украин жерінде…

Видеороликтегі – шындық. Шынын айтқанда – оның аз бөлігі ғана. Мен өзім білетіндерді көрдім және жеке өзім білетіндердің есімдерін естідім – сондықтан сенемін. ҚР ҰҚК қайда болса – сонда былық, өтірік, алдау-арбау, арандату мен жаппай әділетсіздік.

Бұл тақырып — енапат, күрделі де қажет. Адамдар өзі үшін де, өзге үшін де азап шегуде. Ықылас болса – жазыңыз. Жауап береміз, ұқтырамыз, көмектесеміз.  

P.S. Жуырда маған хабарлама келді, мені Қазақстанда «полиция іздеп» жатыр екен. Өзім «белгіленіп» тұрған учаскелікке СМС жаздым, ол ватсапқа хабарласты. Ол менің «тұрғылықты мекенімді» табуға тапсырма алыпты, себебі ҚР ІІМ ҚАЖКда мені сотқа беру тілегі пісіп-жетілсе керек.  Әлдеқашан уақыты келді, құрметсіздер. Көп күттім ғой. Сендердің жұрт алдында қабықтарыңды сыпыратын, сендердің погонды «адамемес» екендеріңді, әуелі қызметтен қуып, сосын абақтыға тығуға керек айғақты көрсететін, дәлелдейтін  тағы бір сылтау болғалы тұр.  

Учаскелік жігіттің халы аянышты. ҰҚК, ҚАЖК – бұлар ІІМ министрін қоян секілді қуалайды, қашу мен жазбаға жауап беру соның мойнында. Мен онсыз да фейсбукте ҚАЖК парағында жазылғанмын, мені табу мен қарым-қатынас жасауға – ешбір мәселе жоқ. Күтемі-с.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.