ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелеріндегі медицина туралы кез келген материал – «Менгелдегі» (Освенцим, ұлтшыл-қаныпезер) болмаса «Исии Сиро» (жапондық нұсқа, «731 жасақ») секілді деректі сұмдықтарды қайталап әңгімелеумен бірдей.  Бірақ КСРОда НКВД кезінде де өз «мамандары» болғанын әділдік үшін еске алған жөн, өйткені НКВД концлагерлері фашистік Германиядан ондаған жыл бұрын пайда болды ғой.

Оның үстіне оның ізбасарлары бізде ҚАЖКда сақталып отыр, соның өзінде «олардан» қалғаны – ешқандай «ғылыми негізсіз» тек садизмге тарту ғана бар,  өйткені – ҚАЖК абақтыларында қандай медициналық ғылым турасында сөз болуы мүмкін, егер де бұларда медициналық мекемелерді бар болғаны фельшерлер ғана басқарса, мысалы ЛА 155/14 (жүз үшінші, Заречный, Алматы)  түрмесіндегідей, болмаса тіпті  – ЖД158/4 (Тараз) мекемесіндегідей сотталған педофилдер басқарса.  

Біз бұл тақырыпқа бірнеше рет оралғанбыз (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/259868752364664/?d=n), біздің танымымыз – сырттай емес, жүйеге іштей көз жеткендіктен. Тура келді.

2015 жылы мен (авт. – Владимир Козлов)  ЛА 155/14 мекемесінің науқас палатасында бірнеше күнді өткізгенім бар. Менің жанымда мыйында онкологиясы бар адам жатты. Ісік. Сол кезде әлі сылып тастауға болатын. Бұл ауру әрине, еркіндікте ғана емдеуге болатын, себебі, абақты медицинасы бұл жағдайда 100% дәрменсіз, тіпті бұл жерде шынымен де соншама көмекке ұмтылғанның өзінде де мүмкін емес; ондай мүмкіндік атымен жоқ.

Бұндай жайттар үшін ҚР ІІМ арнайы «медициналық» бұйрығымен тізілген ауру түрлері бар, бұл науқастарға акт жасалып, оларды қажетті ем алуға еркіндікке босатады. Бірақ бұл бұйрықтардың өзі «емен» секілді, ІІМ-дегідей… Менің қасымда палатада бірге жатқан кісінің ауруы әлгі бұйрықтағы тізімде болмай шықты. Абақты палатасында жылдар бойы жатқан бұл кісінің ахуалы онсыз да медиктерге де, ҚАЖКға да, туыстарының талабы бойынша шыққанда білген «еркіндіктегілерге» де мәлім, бұл аурудың қатерлі екені айдан анық болса да ештеңе өзгерту мүмкін болмады. Жылдар бойы жатса да.

Әлгі кісінің жаны сірі, «болаттай» болып шықты. Ол ажалдың тырнағынан өзін өзі алып шықты. Йога, ашығу, жақындары әкеліп берген қандай да бір шөптерді ішу, мұздай сумен жуыну… Бастысы – өзіңе өзің сену, өз ағзаң зұлымнан өзіңді арашалайтынына сену… мен оған «медициналық апелляция» алу үшін ұсыным жаздым, ол сырқатымен де, жүйемен де қатар күресті… Мен босағанда ол абақтыда қалған. Қазір ол Еуропада.

ЛА 155/14 мекемесіндегі  сотталған жас жігіт Петр Беспаловқа қойылған онкологиялық диагноз расталды, (біз оның хикаясын бұрын жазғанбыз https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246245450393661/?d=n). Әзірше бастапқы сатыда.Оған тірі қалу үшін сол зұлым орыннан қалайда кету керек.  Ал оған бұл қол жеткізу үшін біздің көмегіміз керек, біздің қолдауымыз, біздің комментариіміз, біздің бөлісуіміз, қатысымыз қажет; ҚАЖК – артынан тепкі алғанда ғана ұшуға тиісті құс екенін еске түсіретін пингвин.

Сөз арасында – осы мекемеде саяси қамаудағы Әсет Әбішев пен Кенжебек Әбішев жазаларын өтеуде. Қазіргі кезде, өз құқықтарын қорғауға ашықтан ашық шығуға кіріскенде, ол екеуіне де қылықтың үшінші теріс дәрежесі ҚҰШ (қатаң ұстау шарты) автоматты түрде «бұйырмақ», бұл дегенің – толық оқшаулау, бұған қоса медициналық жәрдемнің мейлінше болмашы мүмкіндігі ғана… Әсет Әбішев болса бұл ахуалға қасындағыларға кеңесімен, қолдауымен жәрдемдесуге тырысқаны үшін ұшырап отыр… Соның ішінде  – Петр Беспалов та бар.

Біз «абақты медицинасы» туралы жазғанда, біз ойлағанымызды емес, білгенімізді ғана жазамыз. Білеміз де – бөлісеміз, өйткені, жақсартуға жол ашқымыз келеді. Сіздің көмегіңізбен бірге әрине.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.