ЛА 155/14 (жүз үшінші, Заречное, Алматы) мекемесінде әлдебір түсініксіз әрі қатерлі көріністер орын алуда. Бірнеше күн бойы онда бір мезгілде бірнеше аса ауыр оқиғалар болды:  

— 7 сәуірде, ұзақ уақыт бойы ізіне түсіп, қуғындалып келген, абақты бастығының ТОЖ (тәртіп және оператив жұмыстары жөніндегі) орынбасары мен Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметшілері түрлі тәсілдермен арандатып келген,  саяси қамаудағы Әсет Әбішев оларға наразылық ретінде  қантамырын кесуге мәжбүр болды. Оның соңғы тамған шыдам тамшысы ҚАЖД орынбасарларының бірі Ашовтың абақтыға арнайы келіп, Әсет Әбішев жатқан тазалық бөліміндегі науқас палатасын тінтуге ұшыратқаны еді, ақыры ол осылайша сотталған азаматты өз тамырын өзі кесуге арандатқан.

Осы күндері осы абақтыда бір емес екі бірдей өлім болды.

— 9 сәуірге қараған түні жанжал барысы, қырғын төбелеске ұласып, сотталған Мирхановты арматурамен өлердей ұрған. 

— 11 сәуірде сотталған Халил Ибрагимов өзіне өзі қол жұмсап өлген. Қасында болған адамдардың ақпаратына қарағанда, мекеменің қызметшілері оқиға себебін марқұмның жан күйзелісіне ұшырағандығымен түсіндіруде көрінеді, бірақ басқа сотталғандардың пікірі бойынша, сотталған Ибрагимовтың өтей алмастай әлдебір қарызы турасындағы мәселе жанын күйзелткен.

— 11 сәуірде саяси қамаудағы Кенжебек Әбішев, прокуратураның қарсылығынан кейін, екі рет оның мерзімнен бұрын жазаны  шартты өтеуге еркіндікке шығаруға бас тартылғандықтан, ол аштық жариялап, емделуден бас тартуға тырысқан, себебі емделудің ешқандай нәтижесі байқалмаған.

Аштық жариялаудың басында Кенжебек Әбішев өз арызында, дауасыз ем қабылдауға тырысып, өзін өзі кемсітуді одан әрі доғаратынын… өзін заңсыз соттағанын, ал енді қаншама көптеген мадағы бола тұра, кәзір шартты жаза өтеуге ауыстырудан бас тартылып жатқанын келтіреді… Өз арызында саяси қамалған жігіт мынадай жағдайда өмір сүрудің ешбір мәні жоқ екенін жазады…  Кенжебектің бес баласы бар, оның үшеуі – жетілмеген сәбилер…

Шамасы, мекемеге жуырда ғана тағайындалған бастық Ғабибов тәртіп пен оператив жұмысы жөніндегі өзінің орынбасарын бағындыра алмай жүрсе керек, ҚАЖД-дағы туысқанның қолдауымен және ҚАЖД қызметшісі Ашовтың сүйемелімен жаңа бастыққа бағынбай, мекемеде сотталғандарға адам төзгісіз ахуал орнатып, соның кесірі мекемедегі көптеген жанжалдар мен төтенше оқиғалардың туындауына әкеліп соғуда. Бұның бәрі мекеме бастығы Ғабибовты ығыстырып, бұл орынға ТОЖ (РОР -тәртіп және оператив жұмыстары жөніндегі) орынбасарын — арандатушыны қонжыйту   мақсатынан туындаса керек.

ҚАЖК аталатын жыланханада – бұл қанға сіңген машық, әлгі «таққа таластың зыймиян ойынына» ешбір қатысы жоқ, ЛА 155/14 мекемесіндегі сотталғандарды азапталу мен өлімге бас тігуге осылайша әкеп соғуда.

Зымияндық пен ҚАЖК мекемесінің жұмысын іріту – ҚР ІІМ-нің бүгінгі шынайы келбеті.

 Министр мырза, сіздің орынтағыңыздан саулап төгіліп жатқан бағыныштыларыңыздың қарасынан өзіңізді тіпті көре алмай отырмыз. Сіз әлі бұндай дәмге тойған жоқсыз ба?  Жарайды ендеше, ас болсын…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.