Біздің барған сайын даусымыз қаттырақ, өзіміз көрнекті бола бастадық,біздің санымыз да молайа түсті, бізге енді ҚАЖК қызметшілерінің шектен шыққан қылықтары турасында жаңа хабарлама үсті-үстіне келетін болды. Бұл контор өзін өзі барған сайын жалмай түсуде: ондағы ақыл-парасаттың кездесетініне көзі жеткені сәт ешкімнің де есінде жоқ, енді жалмауыздар қазір өзін өзі құтқарудың соңғы инстинктің қалған-құтқанын жеп бітіруде…

ҚАЖКов «серікболдар» қылығының қарабайыр әрекетке құрылғандығы соншалықты, тіпті сонша қарабайыр әрі іш пыстырады. Бұл контордың қызметшілерінің кезекті қылмыстары турасында материал шықса болды, әлгілер қанаттарын қомдап шыға келіп, қолдан келетіндері:  қазады, ұлиды, із кеседі, ауызды бітейді, өшіреді, масқаралайды, оқшаулайды, «шырайналдырады» және «шығарып» тастайды.

«Серікбол жындануда» жарияланымы (ЛА 155/12, Заречное, Алматы (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/284246236593582/?d=n),  шыққан күннің ертеңіне видеода көрсетілген түрме камерасы, қызметшілердің шабуылы мен «құмарлана тінткілеуіне» ұшырады. Әрине сол баяғы – жәбірлеу, қатер төндіру, және де әдеттегі осындай жасақтарға қолданылатын барлық «тәрбие жабдықтарының жыймасы» іске асты.

Ақыры ештеңе таба алмады, бар болғаны «киім үлгісін бұзғаны үшін» деген «акт» ғана бар. Сазайын тартқызу + жаза = ДОБ (ДИЗО) . ДОБ + жаза = ҚҰШ (СУС). ҚҰШ + жаза = «жапқы» («крытка» — абақтыда алты айға мүлдем оқшаулау), немесе «шырайналым» — басқа абақтыға мерзім қосып жөнелту. Бұл ҚАЖК приматтарының осындай қарапайым ғана арифметикасы. Бірақ ол да кәдімгідей істейді.

Өзінің ахуалы турасында  жарияланғаннан (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/270939034590969/?d=n)  кейін өз құқығы үшін  бірнеше жыл бойы соқтығысып жүрген Жамбыл облысы, Тараз,ЖД 158/4 мекемесіндегі Кәрім Бабаевты басқа абақтыға ауыстыруды шешіпті. 

Жамбылдық ҚАЖД бастығы ҚАЖКның бұрынғы бастығының орынбасары — Теңізжан Жәнібеков, адамдарды мүгедек етуге және тағдырларын қиратуға құмар, басқаның тартқан азабынан ләззат табатын оны жұрт «есалаң Тенис» атайды.  Заңдық себеп болмаса да, ҚАЖК бұндай «ауыс-түйістерге» оңай келісетіні түсінікті әрине – «Тенис»-  өздерінің адамы ғой, «жағдайға сіңісіп» және оны «сасықтан» (қызметшілер шағым жазатын, соқтығысатын сотталғандарды осылай атайды) құтқару да керек.

Ауыр сырқатқа ұшыраған сотталған Кәрім Бабаевтың ешбір өтемеген ереже бұзымы жоқ, онда теріс қылықты дәреже жоқ,  оның басқа сотталғандарға «теріс әсер ететіндей» мақсаты да жоқ, бар болғаны өзі үшін соқтығысады. Бар мәселе, оның үндемейтінінде және оны құқыққорғаушылар ести біледі; ол тіпті Елена Семенованың қоғамдық бірлестігіне де мүше болып, Еленаны сотта қорғап, ҚАЖД-ға қарсы сөйледі… «есалаң Тениске» қарсы, және оның сенімді «санча пансуы» — ЖД 158/4 мекемесінің бастығы Мұхтаровқа қарсы шықты.

Жуырда оған болмаған ереже бұзу қылығы үшін жазалау турасындағы хабарлама тапсырылды – және де үш тәулікке де оқшауланды, ақыры оның болашағы – Қарағандыға қарай басқа абақтыға этап болмақ. Себепсіз, дымсыз, оның үстіне ол Тараздық жігіт, барлық туысы да сонда, енді олар Қарағандыға барып, белгілі себептерге байланысты онымен кездесетін мүмкіндігі бола қоймайды.  Кеше ғана Кәрім Бабаевтың «жарылғаны» мәлім болды, өзінің қантамырын тіліпті, өміріне қауіптілігі сондай оны қалалық ауруханаға алып кеткен. Бұндай жағдайға сотталғандар басқа әрекеттен ешбір қайыр болмағанда амалсыз барады…

Кеше «жүз үшінші» абақтыдан  (ЛА 155/14, Заречное, Алматы) саяси қамаудағы  Әсет Әбішев те өз қантамырын тілгені туралы хабар келді. Әсеттің қылмыстық ортада таралған бұрыннан қылмысы мен «қылығы» жоқ екенін ескере келіп, бұл үшін оның басынан барынша күрделі ахуал өткенін байқауға болады. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, Әсет Әбішев жатқан тазалық бөлімде, ол жоқ кезде тінту жүргізіліп, қандай да бір тыйым САЛЫНБАҒАН нәрселер қолды болып,   және  де соның салдарынан қорлайтын түрдегі қарым-қатынас қолданылыпты.

Біз болған жайттың бүге-шүгесі туралы ақпарат күтіп отырмыз, бірақ кәзірдің өзінде бұл тінтуді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары – Ашовтың жүргізгені алаңдатады. Бұл сабаздың облыстағы түрлі абақтылардағы көптеген арандатуларға қатысы бар, сондай-ақ ұрып-соғу мен қинаудың шебері екенін бұрыннан біз жазғанбыз.   Оның мансабының шұғыл өсуіне қарағанда – ҚАЖК-да осындайларды мықты бағалайды.

Ал енді ҚАЖК кімді ұнатпайды  – олар кімде кім жүйелі әрі қорқуды білмесе, сотталғандар мүддесін қоғамның құлағдар болуына мүмкін етіп, қанға бөккендердің жайы мен ҚАЖК айуандығына былғанған «ақжаймасын» жұрт назарына іліктірсе. Құқыққорғаушы Елена Семенова таяуда бірден екі бірдей «қортық» талапарыз алды: ҚАЖКның АК 159/25 мен АК 159/6 екі мекемесіне қатысты «іскерлік беделін қорғау туралы». Және де біздің соттың тағы да, кезекті ықтимал еместі ықтимал етіп, соттауға тиісті нәрсені қорғаштап үкім шығаратынына ешкім де күмән келтірмейді…

Видеода – сотталған Кәрім Бабаевтың үндеуі. Ол не боларын жақсы білді, өйткені, ылғи да солай болып қала бермек. ҚАЖКның біржасушалы жәндікке татитын «серікболдарының» әрекеті қарабайыр әрі не істейтіні алдын ала бесенеден белгілі.  

ҚР ІІМ министрі Тұрғымбаевқа бізден дәстүрлі «сәлем»!  Сізге министр мырза, тіпті тікелей бағыныштыңыз «голды қадап» тастады. ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшілерінің погондарынан қан мен айуандық енді тамшыламайды – сорғалайды. Бұл сізге ұнай ма, қалай? Жарайды, дәмін татып, түсін түстерсіз… ас болсын.

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.