ЛА 155/12 («тоқсан тоғызыншы» абақты, Заречное, Алматы) мекемесіндегі сотталған жақындар хабарлап, ҚР ІІМ ҚАЖК қызметшісі, режим бөлімінің бастығы Серікбол Бақтияров, ІІМ-і мен оның министріне «шүйлігіп», жанжалды үдетуде көрінеді.

31 наурыз күні сотталған Мақсат Төлебековті тінтуді өзі жүргізген Серікбол одан сим-карта «тапқан» еді.  Бұлай боларына кім күдіктенген… Мақсат – бұл әлгі өз арызын барлық инстанцияларға жөнелтіп, сотталған марқұм Ұшқын Рахматуллаевтың өліміне қатысты әділ тергеуді талап етіп және оны тірі күйінде соңғы рет көрген режим бөлімінің бастығы Серікбол Бақтияров екенін нұсқап та жүрген жігіт.  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/279843260367213/?d=n)

Телефонның сим-картасын жасырын салып жіберу ҚАЖКде әбден кең таралған стандартталған арандату.  Осыны маған (авт. – Владимир Козлов) ҚҰЖда дәл туған күнімде  істегендері бар. Оның үстіне бұл жайында маған сотталғандардың бірі ескерткен болатын. Соның қарсаңында ол жігітті ҚҰЖдан алып опербөлімге апарады, ол оралған бойда маған хабарлады: мәжбүр еткен, бірақ бас тартқан, шыр айналдырып әрі шығаруға уәде берген (қосымша мерзім беріп сосын басқа абақтыға шығару). Екі аптадан соң дәл солай істеп тынды. Ал симканы басқа біреу бәрібір бас тартпастан салып жіберіпті.

Енді Мақсатты ДОБ (департаменттің оқшаулау бөліміне) жапқан Серікболдың ойы айдан анық болды – «шырайналдыру және әкету». Ал оған ешкім де кедергі емес, ҚАЖК мен ІІМ-де одан «күштірек үргіш айуан жоқ»…

Әкімшілік қысқа уақытқа кіріп-шығудың өзіне сотталғандардың жақындарынан ковидке теріс тестің бар-жоқтығын талап етуде, ал бұл көптеген адамдар үшін тым қымбат болғандықтан, олар кездесуден бас тартуға мәжбүр болуда, осыдан келіп әлгі сотталғандар үшін ресоциализацияға зиян келуде.

Бұл талап әрі басы артық, әрі даусыз ақымақтық еді, өйткені, бұл кездесулерде сотталғандар жақындарымен ешқандай да тікелей байланысқа түсе алмайды. Оларды төбеге жететін әйнек бөліп тұрады (кейбір абақтыларда – екі қабат әйнек салынған, және де олар бір бірінен кемінде екі метр бойы алшақ жайғасып, телефон тұтқасымен ғана хабарласа алады.

Бұл талаптың тағы бір қисынсыздығы мынада, егер мекеменің барлық қызметшілері күн сайын «еркіндіктен» абақтыға келетінін ескерсек, олардың бір емес бірнеше мәрте індет жұқтыру мүмкіндігі зор. Олардың жартысы абақты ішінде жүріп, сотталғандармен тұмшасыз араласады. Және де сотталғандарға әлгі қызметшілерден қорғану үшін ешбір қорғаныш нәрселері берілмейді: тұмша да, қолғап та, зарарсыздандыратын ерітінді де жоқ…

Абақтының көптеген орынжайларында төбеден су сорғалап тұрады, асханада (комиссия келгенде болмаса)  – қандай да бір гигиена атымен жоқ, тамақ болса  мейлінше нашар, ал соңғы кездері қансорғыштар пайда болды — қандала,  бірақ бұның бар-жоғы да әбден ұмытылған. Олар барлық бөлмелерде – кездесу бөлмесінде де, жатын орынжайларда да өріп жүр…

ҚАЖК мекемелерінің қаржы есептемелерімен танысудың өзі бір қызық болар еді, атап айтқанда, қорғаныш заттар мен тазалық нәрселерін алуға, орынжайларды жөндеу шығындарына қатысты. Бәлкім ол ойдағыдай да болар, қағаз жүзіндегі есептемелерде ғана. Ал шын мәнінде  – видеоны қараңыз жағдай қандай екен. Видео – Серікбол емес қой, не бар соны көрсетеді де қояды.

Біз дәстүрлі түрде ҚР ІІМ-ке сәлем жолдаймыз. Серікболға бағына жүріп қалай тыныстауға болар екен? Бәрі дұрыс па, мырзалар? Жарайды, ас болсын.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.