Бұл материалды бізге белгілі құқыққорғаушы Ғалым Ағелеуов жіберіпті. Біз бұны жариялауға шешім қабылдадық, өйткені, бұл материалда бізге «ішек-қарнынан» мәлім көп жайттар сипатталған екен, және де бұлар біздің «жүйенің» жүрістері мен бұрмалауына күдіктену үшін тым айқын әрі барынша стандартталған нәрселер.

Бірінші – автокөліктен екі бірдей тапаншаның «табылуы». Бұл енді классика. Мен Алматыдағы ҰҚКД оқшаулау бөлімінде болғанымда, (авт. – Владимир Козлов) түрменің бір камерасын бірнеше күн бойы екі адаммен бірге бөлісіп тұрғаным бар, оның бірі – полиция капитаны, ал екіншісі – лаңкестікпен жауапқа тартылған «бес намазды жібермейтін мүслим» орыс еді.

Мүслим Стас өзін жазда көшеде ұстағанын айтты. Оның кигені жейде мен шорт шалбар – «бермуд», қалтасыз. Жармасу барынша қатал болыпты. Оның есінде болғаны айқай мен соққылар ғана, және оң қолының бас бармағын бір қатты нәрсеге тыққыштағаны есінде… ҰҚК оны түрмеге әкелгенде, оны қызметшілер, әуелі видеоға үстіндегі соққы ісіктерін түсіріп алып барып, қабылдапты, себебі ол соққыны өздеріне ілмес үшін сақтанған түрлері еді.

Ең әуелгі мойнына қойылған кінә одан «табылған» граната сақтағаны үшін көрінеді… дамбалшаң түрінде; қалтасы екібастан жоқ лыпамен … Бұл да стандартталған жүріс: «қажет» баппен ұстап қамау мүмкін болмағанда, қолда бар нәрсені тыққыштайды: есірткі болсын, қару-жарақ дейсің бе… Бұл енді бас бостандығынан айыруға жарайтын «темірдей нұсқа», ал қалғаны… кейін жымдаса жатады.  Біздің камераласымыз, бұрынғы  ЗЕАКБ (заңсыз есіркі айналымы бойынша күрес бөлімі) капитаны, бәрі де — дәл солай болатынын мақұлдады.  

Есіркіні мүслимге салып жіберу шындыққа тым жанаспайтын әрі болашақ кінәға сәйкеспейтін болғасын, оған арнайы граната «тапқан» екен. Стас сонымен бірге сотта 2 айға қамау бойынша судьядан тәжірибе жасап көруді ұсыныпты: әуелі оның киімін кигізіп, сосын әлгі гранатаны дамбалға сыйғызып көру керек.  Оны дәл солай істеген кезде – граната сол бойда қатысушылардың көзінше еденге тарс етіп түсіп кетеді. Сосын оны қаншама тырысса да, қайтып салу мүмкін болмаған  (ол тәжірибенің қалай болғанын елестетіп көріңізші) – әлгі сол бойда жерге тарс етіп түсе берген. Ал Стастың нұсқасы бойынша ол гранатаны дамбалға сақтап қоймаған, ол оны салып алып, қаланы аралады емес пе  … Судья болса ішек-сілесі қатыпты, бірақ – «заңсыз сақтау» бойыншаны – бекітіп беріпті… 

Өз басым абақтыда түрлі ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ) бұрынғы басшыларын талай кездестірдім, олар да дәл осындай кінәмен мерзім өтеп жүрді. Тергеушілер мен полиция оперлерінің айып пен айғаққа бастары жетпегенде, (бұл кең таралған ахуал), олар басты қатырмастан  дәл осылай істейді: тыйым салынған заттар мен нәрселерді жасырын салып жібереді. Тағы да – стандартты ұсыныс: егер «келе жаттың – тауып алдың – тапсыру үшін әкеле жаттың» — онда 2-3 жыл бұйырады, егер «менікі емес, маған оңбаған менттер салып жіберген» болса – онда баптардың ең жоғарғы сатысы бұйырады. Бәрі де қалтқысыз істейді. Сондықтан көбі «келе жаттым – тауып алдым…»-ға келіседі.

Мына жерде де дәл сондай жағдай орын алған: жақсылап уәде етілген «тапсырыс» бар, оны ҚАЖК-ның ең жоғарғы планкасынан біреу орындайды, өйткені адам бизнестен төрт рет «шырайналымды қағып» алу деген 3,5 жылдан 21 жылға дейін асып түсетіндей ләззат… Бұндайлар ең «ірімүйізділердің» мақұлдауынсыз әрі бақылауынсыз – жүзеге аспайды.

Ғалым Агелеуов.

Балқаш қаласы кәсіпкерлерінің басшысын Қазақстандағы мәңгі тұтқынға қалай айналдырды.

https://www.youtube.com/watch?v=zXEnWIgMpW0&ab_channel=OlzhasSultanbekov

Сұлтанбеков пен Нығматуллин арасында әрі достық қатынас, әрі салауатты бәсеке болыпты. Қос жанұя да өз бизнестерін жүргізіп, қалада саудажайлар салады. Екеуі де көптеген бастамаларда қатар жүрген алдыңғы саптағылар еді. Қуат болса түрлі нысандарды белсене салумен болады. Бизнесі өрлейді. Оған қала билігі түрлі шаруашылық мәселелерін шешуде жиірек көмек сұрайтын болады, соның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау мәселесі де бар еді.   Қуат тұрақты түрде қайырымдылық кештерін өткізіп, ардагерлерді мәз-мейрам етумен болады. Екінші дүниежүзілік соғыста Балқаш өңірінен қаза тапқандарды еске алу үшін «Мәңгі алау» кешенін қайта қалпына келтіруге қажет болғанда да ақша табыла кетті, 2000-жылдардың басында Қуат 1 миллион теңге салып, оның құрылысын өзі басқарады.  Ол өз жерлестерін – балқаштықтардың бастамасын қолдауға ұмтылып, әрбір егжей-тегжейіне дейін өзі араласады.

2000-жылдары совет өкіметі дәуіріндегі әбден тозығы жеткен  Балқаш қаласының қоғамдық көліктерін қалпына келтіру үшін ағайынды Сұлтанбековтер өз қаржысына Германиядан 29  «Man» автобусын сатып алады. Осылайша тұрғындар жайлы көлікпен қала ішінде жүру үшін автопарк қалпына келеді. Ағайынды кәсіпкерлер қала бюджетінен соқыр тиын да алмастан, өз ақшаларын салады.   

Сұлтанбековтер қолға алғысы келген қаланың келесі мәселесі қала қоқысын жинау мен шығару, өңдеу болатын. Германиядан үш бірдей қоқысжинаушы машина, жүзден аса қоқыс жәшіктері сатып алынады, бірақ қала тендерін басқалар ұтып алып, бұл арман орындалмастан қалады.  

Қуат зейнеткерлерге, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік жәрдемін аяған жоқ. Тұрақты түрде қайырымдылық кештері мен ардагерлерді заттай қолдау оған деген жас ұрпақ тарапынан құрметті арттыра түсті. Ардагерлер мектептерде өздерінің ерліктері туралы жиі әңгімелеуге мүмкіндік туды. Қала мұражайының бұрынғы директоры Күләш Сардарбектің айтуынша,  Қуат Сұлтанбеков оған да тұрақты түрде демеу жасапты. Мұражай қалалықтар мен Балқаш өңірінің қонақтары жиі келетін көрнекті орынға айналады.

Сұлтанбековтер «Барыс» спорткешені мен стадионға да мол қаржы салып, онда қала жастары мен балаларына ашық секциялар мен үйірмелер ашылады. Бұл жерде құрметті қалалықтар мен спорт даңқын арттырғандар үшін мұражай ашылады.

2000-жылдар басында Балқаштың кәсіпкерлері Қуат Сұлтанбековті қала кәсіпкерлерінің басшысы етіп сайлайды. Олар болашаққа сенімді түрде қарады – жоспарлары орасан еді, оның үстіне бүкіл қала сені қолдап тұрса, неліктен өз ісіңе сенбеске. Қуат туған жері мен өз жерлестері үшін тауды қопаруға да дайын болатын.

Қаланың туризмін, абаттандыру мен гүлдендіру негізінен Балқаш көлінің жағасындағы жағажайды жайлы етуге байланысты болатын.  2010 жылы ағайынды Сұлтанбековтер өз қаржысына Шұбартүбек кентіндегі қараусыз қалған ескі демалыс аймағын жекешелендіріп алады. Демалушыларға арналған үш бірдей үшқабатты демалыс үйлері салынды, бірақ соның кесірінен жоғарыдан қысым болды да, құрылыстың бәрі тоқтап, ақыры сүріліп тынады.  

Қуат Балқаш көліне таяу маңдағы орасан үлкен жел бөлігін бақылауда ұстаған және өз демалыс аймағы мен жағажай салған ағайынды Нығматуллиндермен дау-дамай туындай бастағанда, демалыс аймағының ғимарат құрылысы аяқталуға жақын қалған еді.

Сұлтанбековтер мен Нығматуллиндер арасында достық пен серіктестік қарым-қатынастары талай рет күшейіп орныққан болатын. Қуат 1999 жылы Ерлан Нығматуллин парламент сайлауына қатысқанда сенімді өкілі болып, Қуат Сұлтанбековтің  харизмалық қасиеті мен бой көрсете бастаған бизнесінің арқасында өз сайлау төңірегінде досының жеңіп шығуына көмектесті. Балқаштықтардың айтуынша, Ерлан мен Қуаттың арасындағы жанжал, соңғы жігіттің Нығматуллиннен қалыспай, өз құқығына еркін қол жеткізгендігі секілді тәуелсіздігінен туындапты. Кешегі жолдастар әбден жанжалдасыпты, даудың куәсі болған куәгердің бірі Ерлан Нығматуллин Қуатқа сес көрсетіпті, оның бірбеткейлігінен «түрмеде шіритінін» айтса керек.

Көп ұзамай, 2012 жылдың қаңтарында Қуат Сұлтанбековке қарсы ол Қарағанды-Теміртау тасжолының бойында автокөлікте келе жатқанда өрескел арандату жасалыпты.  Сотта анықталғандай, оның жылжу жолын мобил телефонмен полиция ізіне түсумен болады да, кездейсоқ тоқтатқан болып, оны тінту кезінде екі тапанша табылады.  Сол бойда тасжолға таңғы сағат 6-да екі бірдей куәгерді алдырады. Сот үдерісі кезінде қорғаушы машинаға тапаншаларды астыртын салудың ұйымдастырылғанын толығымен дәлелдеп шығады.

Ұйғарылғандай, тапаншалар автокөлікке тінту кезінде салынған. Бәрі де олардың Қуатқа тиесілі еместігін жақсы білген, Қуаттың да, оққағарының да саусақ бедері жоқ болып шықты, бірақ бұған қарамастан Қарағанды соты Қуат Сұлтанбектовті 3,5 жылға соттайды.  https://www.youtube.com/watch?v=KrbENxXILgQ&list=PLjbO79-d_jifLhR8tytfK1AWEkNm3uRrX&index=4&ab_channel=BalkhashChronicles

2012 жылдың қаңтарынан бастап үш жарым жыл емес тоғыз жыл да өте шықты, ал Қуат Сұлтанбеков әлі күнге абақтыда отыр. Тоғыз жылдың жеті жылын ол жалғызілікті камерада өтепті.        

Оған төрт рет сот мерзімін ұлғайтқан және бүгінде ол 21 жыл, басында бар болғаны 3,5 жылға жалпы тәртіппен отырғызса, абақтыда отырған жылдары қатал жағдайдағы  жалғызілікті камерада отыруы азаматты азаптауға теңестіріледі. Қуатты өзі туған Қарағанды облысы соттап, ал мерзімді өтеуге отбасыдан жырақтағы ШығысҚазақстан облысы тиіпті.  

Түзеу мекемесінде бола жүріп, Қуат Сұлтанбеков 2013-2018 жылдар арасында Өскемен қалалық №2 сотымен жаза өтеу кезіндегі «қылмыстары» үшін төрт рет сотталыпты. Оған мерзімді не үшін қосқанын қанеки қарастырайық: 

1) 27.12.2013 жылы 360-бап 1-тармағы бойынша  (Қылмыстық-атқару мекемесінің әкімшілігінің талабына қасақана бағынбау),  60-бап (үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау).

2) 07.07.2015жыл  428-бап 1-тармағы бойынша (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талабына бағынбау), ҚР ҚК 60-бап (үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау) бойынша – 7 жыл.

3) 15.04.2016 жыл107-бап (Денсаулыққа орташа ауырлықтағы жорта зиян келтіру), ҚР ҚК 60-бап (үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау) бойынша – 7 жыл 9 ай;

4) 09.01.2017 жыл 428-бап (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талабына бағынбау) 2-тарау,107-бап 2-тарау (Денсаулыққа орташа ауырлықтағы жорта зиян келтіру), 60-бап (үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау) бойынша ҚР ҚК – 14 жылға бас бостандығынан айыру.

Осы аталған айла-шарғылардың нәтижесінде алғашқы мерзім бас бостандықтан 19 жылға айыруға дейін өсіп кеткен. Ал енді 29 қаңтардағы үкімнің заңдық күшіне енуінен кейін Қуат Сұлтанбеков жиырма бір жылды барынша қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.  https://bureau.kz/publ-all/sobstvennaya_informaciya/sidet_do_skonchaniya_vekov/

Бұл жазалау мерзімдерінің бәрі де жоғарының араласымен (бөстек төсек астына сақалқырғыш жасыру, Қуатқа сим-карта салып жіберу, «түзеу» мекемесінің қызметшілері ұйымдасқан түрде арандатып, сотталғандарды мәжбүр ету арқылы оларға Қуат «орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтірді» дегізумен) болған деп ұйғарамыз. 

Қазіргі уақытта Қуат Сұлтанбеков мерзімін өтеп жатқан түрме аймағының әкімшілігі тағы да барын сала кезекті жазаны үстемелеудің кез келген мүмкіндігін іздеп бағуда.  Осылайша мадақтаудың орнына оған екі рет сазайын тартқызу орын алды:  бірінші – оның үстінде ашық-ұры күрте болғаны үшін, әкімшіліктің ұйғаруы бойынша ол күңгүрт-сұры болуы керек екен, ал екіншісі таксофон (?) орналасқан орынжайда дер кезінде болмағаны үшін тағайындалған жаза.  

Бұл сот үдерісіне қатысқандардың сөзіне қарағанда, Қуаттың мүддесіне қайшы бұл шешімдердің қабылдануына «жоғарыдан» ағайынды Нығматуллиндер ықпал етуде көрінеді.

Бұрынғы Балқаш қаласының кәсіпкерлері одағының басшысы Қуат Сұлтанбековке көмек ете алатын барлық халықаралық ұйымдар мен отандық ұйымдарға, елдерге Біз үндеу тастаймыз. Біз оның шыдап бағатынына және көмекті күтуге қол жеткізетініне, кінәсіз адам Қуат Сұлтанбековтің түрмеден босайтынына, Шындықты ешкім де бөгей алмайтынына және Әділеттің қалпына келуіне ұмтылуға ешкім де кедергі еместігіне сенеміз.

  

Қуат Сұлтанбековтің зайыбы, балалары, туыстары, достары мен оны білетін жанашырлары Қазақстан Респуликасының билігіне мына талаппен үндеп отыр:

 

— ҚУАТ СҰЛТАНБЕКОВТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӘНЕ ОНЫ БОСАТУ.  

 

Түрме аймағындағы белгіленген мерзімде өтеп жатқан,  түрмеден бостандыққа шығуға деген әр адамның үмітін абақтыдағы әділ де заңды өтеуді болдырмауға деген жоғарының пәрменімен болмаса ҚАЖК жүйесіне тән әкімшіліктің қитұрқысы бойынша сотталғандарды ойдан құралған сылтаулармен  ҚР ҚК 428 бабы бойынша мерзімді жасанды жолдармен ұзарту мен жәбірлеуді доғаруды талап етеміз.

 

Қараулық ерте ме, кеш пе, әйтеуір бітеді, бірақ жаны жараланып немесе адамдар денсаулықтарын құртып, мүгедек болып оралмағаны абзал.

 

KURESKERден: егер де сізге және сіздің таныстарыңызға Қуат Сұлтанбековке қатысты қандай да бір күдікті жайт мәлім болып жатса, бізге жазыңыз. Сіз жөніндегі ақпараттың қымтаулы болатынына және қауіпсіздікке  кепілдік береміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.