2020 жылғы желтоқсанда, ЛА 155/12 мекемесінде (Алматы облысы, Заречное, тоқсан тоғызыншы) сотталған Ұшқын Рахметуллаев беймәлім жағдайда асылып қалған күйінде табылды. Бұған дейін режим бөлімінің бастығы Серікбол Бақтияров оны ереже бұзу мен жанжал жасауға арандатып, артынан сотталғандарды тәртіптеу оқшаулағыш бөліміне  (СТОБ) жауып тастаған.   Кешкісін сотталғандар айқай-шу мен шыңғырық естіген, ал ертеңіне Ұшқынды асылған күйі тапқан. Өлген.  

Бұған қатысты сотталғандар наразы болып, прокуратураға үндеу жасайды, бірақ әкімшілік болған оқиғаны тергеудің орнына, өздерінің «Серікболын» бүркемелеп, жазалау науқанын жасаған, сотталғандарды ұрып-соққан, басқа абақтыларға тоғытқан, ашық қарсы шыққандарды СТОБ (ДИЗО) мен ҚҰЖ (қатаң ұстау жағдайы) орынжайларына апарған. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/215680606783479/?d=n).

Сол күндері тергеуді талап етіп  видеоүндеумен ашық шыққан сотталушы Мақсат Төлебековті қуғындаудың орнына – екі айға КТОға  (жалғыз қамақ, камера типті орынжайға), жабады (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/216385960046277/?d=n). Осы уақыттың ішінде оны Серікбол Бақтияров жанжалға арандатумен болып, оған тәндік әрі жандық қысым жасаумен болған.

Қазіргі кезде Мақсат Төлебеков  ҚҰЖға (қатаң ұстау жағдайы) ауыстырылған да, әлгі Серікбол Бақтияровтың  көрсетуімен оның үстінен тағы да ҚР ҚК 428-бабымен қылмыстық «әкімшіліктің заңды талаптарына бағынбау…» – бұрынғы бар мерзіміне қосымша үш жыл бас бостандығынан айыру бабы бойынша іс қозғалуда.

Бұл «шырайналдыру» деп аталады, және де Мақсат Төлебеков пен Серікбол Бахтияровты «шырайналдыру» жұмысын Мақсат марқұм Ұшқын Рахметоллаевтың өлімін қайта тергеуді талап етуін тоқтатпағаны үшін, әрі оның өліміне себепкер ретінде Серікбол Бақтияровтың тікелей қатысы болғандықтан, іс қозғауды Мақсатқа анықтан анық  уәде етілгендіктен қолға алынуда.

Мақсат Алматы облысы ҚАЖД жеке қауіпсіздік Қызметі мен Бас прокуратураға  арыз бен шағым жазған. Ол сондай-ақ Қапшағайдың полиция бастығына тергеушіні ауыстыру жөнінде демеухатпен хабарласқан, өйткені 428 бап бойынша тергейтін Асқар Сыдықов Серікбол Бақтияровтың жерлесі әрі досы болып табылады, және Серікбол оған Мақсат Төлебековты «шырайналдыру» жұмысына «тапсырыс берген»; әрбір жауап алу жанжалға үздіксіз түрде қасақана арандатумен іске асып жатыр және де «мерзім беру» қандай жағдайда да орын алатыны мәлім.

Соттаулы Мақсат Төлебеков өзінің арызы мен шағымдары абақтының сыртына шықпағанынан сенімді болып отыр, сол себептен де тергеуші Сыдықов, Серікбол Бақтияровтың тапсырмасын орындай отырып,  «шырайналдыру» жұмысының салдары ретінде, сайып келгенде қосымша мерзім үстемелеп әрі басқа жазалау мекемесіне ауыстыруды іске асыруға асығуда; 99-да Мақсат болмаса мәселе де болмайды. Өзінің лас та қандықол ісін тез арада «тегістеу» ҚАЖКның кәдуілгі әккі тактикасы.

Режимбөлімнің бастығы Серікбол Бақтияров тағы бір соттаулы Сергей Кряжевті нысанаға алғаны турасында бізге ақпарат келіп түсті, оны арнайы түрде ЛА 155/8 (жетпіс бірінші, Заречное) мекемесінен «шығарған». (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/267140638304142/?d=n).

Соттаулы Кряжев бар болғаны өз құқығын жақсы біледі және оның бұзылуына ол келіспейтіндігімен ғана «күнәһар» болып отыр. ҚАЖКда бұндай нәрсе «қалыптасқан салтқа қарсы қылмысқа» теңестіріледі және қатаң қуғындалады.

Соттаулы Кряжевтің жақындары этапқа дейін ол таксофоннан хабарласып, шағымды Бақтияров пен арнайы прокурор Абулдаевқа бергенін айтыпты, бірақ… шамасы Абдулдаев оның не жерлесі, не досы, өйткені шағымға қатысты қимыл әлі күнге дейін байқалмайды, ал тапсырылғаннан бергі заң бойынша мерзім – өтіп кеткен…  

99-шыға этаппен келген соттаулы Приз – ҚҰЖға келіп жеткен. Карантиндегі адам тура осында түсіп отыр. Заңсыз. Оны істеген баяғы сол  – Серікбол, режимшіл. Соттаулы Приз келген бойдан оны әкімшілік ғимаратындағы дәретханаға апарыпты. Тәртіпсіз қызметшілердің барынша ластап, былықтырған дәретханасы. Бұйрық түседі – тазала, «…бұл 121-жұмыс, аптасына тегін түрде атқаруға міндеттісің».

  Андрей бас тартыпты және оныкы дұрыс: ҚАКнің 121-бабына сәйкес тегін істелетін жұмыс алдын ала бекітілген кесте бойынша атқарылады, ал ол кесте атымен жоқ екен.  Карантин барағындағы сотталғандар бұндай жұмысқа тартылмайды, себебі ол карантин. Және де – әкімшілік ғимаратымен бірге ондағы дәретханаларды тазарту жұмысын сол үшін айлық төленетін сотталғандар атқарады. Дәретхананы тазарту жұмысын жалаңаш қолмен, қолғапсыз, қорғанышсыз, жуғыш заттарсыз… Лас шүберек – бар сайман сол. Бұны – «шүберек тыққылау» деп атайды. Бұндай ашық та заңсыз «тыққыштаудан» бас тартсаң – үшінші теріс дәрежені іліп, «қасақана ереже бұзушы» боласың, арты — ҚҰЖ. Осыдан әрі – әлгі «қасақана бағынбау», «шырайналдыру», қосымша мерзімнің ауылы алыс емес. Бұның бар себебі, «серікбол бақтияровтар» басы салбыраған тобыр болуға келіспегендерді иттің етінен жек көретінінде.

Сотталғандар Төлебеков, Кряжев, Приз – бұлар бар болғаны қазіргі анықталғандар, бір абақтыдағы жайт, және бұл бір ғана Серікбол Бақтияровтың әңгімесі ғана. ЛА 155/12, 99-шыға назар аударуға тұрады  – бұл мекеме жаңа типтегі камералық ұстауға лайықталған абақты. Бұндағы адамдар барақта тұрмайды, бұнда барлығы да «жаңаша» болуы керек. Бірақ та…

Еске ескі күлдіргі әңгіме түсті. Кеңседегі сыпырушы үстелдер мен орындықтардың орнын ауыстырып жатқан қызметшілерге қарап тұрып, сұрайды:  бұл неге керек?  – Бәрі де жаңаша болу үшін, клиенттер көбірек болып, пайданы ұлғайтуға керек! – Ал менің әжем борделде пайданы ұлғайту үшін кереуеттерді емес, жезөкшелерді ауыстыратын еді деп…  

 Біздің ойымызша, ҚАЖК-ны ҚР ІІМ қарауынан шығарған абзал, себебі ҚАЖК өзінің мәртебесі бойынша ІІМнен әлдеқайда өсіп кетті.  Әйтпесе оның қызметшілерінің арсыз қылықтары мен әрекеттерін, әсіресе қаптаған қылмыстарын жасыру, бүркемелеу, оларды тергемеуді ешбір нәрсемен айтып жеткізу мүмкін емес.   Серікбол Бақтияров – соның бір мысалы ғана.

Сұмдық!

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.