Үлкен өкінішпен өзекті өртейтін материалдар бар. Бұл жағдай көптеген жылдар бойы тек қана жақсы жағынан біліп келген адам туралы жазу кезінде болатын жайт, ал орын алған мән-жай мен фактылар ахуалға араласуға итермелейді де, бұл жағдай ол кісіні жақтайтын жақта емес болып шығады.

Петропавл қаласы, ЕС 164/3 мекемесі. Бұл ақпараттанған топтардың арасында «үштік» аталатын белгілі абақты. «Таңқурай сыңғырының» абақтысы. Ол тіпті қызыл да емес, «қызылдарда» тізгін әкімшіліктің «шаңырағының астындағы» «ешкі-белсенділердің» қолында. «Үштікте» — қатаң тәртіп. Қылмыстық-атқару кодексі мен ІІМ бұйрығына бағынатын ведомостваларда белгіленген «ұстау тәртібі» емес.  Мүлдем басқа. Бұнда бәрі бірін бірі сатады. Басқа отрядқа қарайтын сотталушымен сәлемдескен үшін-ақ қатаң жазалауы мүмкін.  «Белсендісіз» орынжайдада отыруға болмайды және барактың ішінде орын ауыстыруға да болмайды. «Белсенділердің» өздері бонустары болғанмен тыныстары біркелкі емес. Оларға бонусты көздері мен құлақтары өздеріне емес, оперлар мен режимдіктерге тиесілі болғаны үшін береді, олардың тілдері не айтылса соны ғана айтады, ал олардың қолдарымен әкімшілік басқа сотталғандарды төмпештейді. Ал оперлар болса өздерін ұмыттырмайды: «егер бірдеңе болса – быт-шыт қылып еркектерге тастаймыз»…

Сотталушы Кирилл Петрыкинді  Тараздағы ЖД 158/2 мекемесінен  2020 жылдың маусым айында «үштікке» апарды. Бұндай жағдай өз құқығы үшін «соқтығатын» сотталушыны «сөндіру» үшін болып жатады. Туыстары болса Жамбыл облысында қалды да, келіп-кету жағы сиреді.  Мыңдаған шақырымнан әйнектің ар жағынан жарты сағатқа ғана телефон трубкасымен сөйлесу үшін… қайта-қайта кім барсын.

2021 жылдың ақпанының басында әкімшілік қызметшілері өз «режимін» бұзуға арандатыпты да, сотталушы Петрыкин ҚШҰ-дан (қатаң шартпен ұстау) бір шығады. Бұл дегенің – кездесу жоқ, қоңырау шалу жоқ, сәлемдеме бар болғаны жылына екі рет қана, толық оқшаулау. Петрыкиннің «Ереже бұзған» нәрсесі, сотталушының дәрігер тағайындаған күретамыр қысымының жоғарылуына байланысты төсектен тұрмауы еді.

Бұндай жағдайда мен сотталушы Петрыкинге (авт. – Владимир Козлов) сенем, өйткені дәл осындай жағдайға өзім де түскем және салдар да сол болған  (ҚШҰ). Кирилл Петрыкин арнайы прокуратураға шағымданған да, құрғақ ашығуға отырған. Су да ішпеген.

Туыстары СҚО-дағы ОҚК-на шығады, Марина Нистолиге не болғанын біліп, көмектесуді өтінеді. Марина барған кезде Кирилді ашығудан бас тартуға көз жеткізеді де, прокурорға берген шағымын қайтып алуды, барлық жағдайды қарастырып, реттеуге сендіреді. Бұдан кейін – ештеңе де болмады.  Туыстары әлеуметтік желі арқылы да, болмаса қоңырау шалумен де Марина Нистолиге хабарласа алмаған.

Кирилдің өтініші бойынша оның туыстары ОҚК мен НПМ-ға  «алмайтын» Елена Семеновамен байланысқа шығады. Сотталушының анасы Юлия Петрыкина мен Елена қысқа уақытқа кездеседі де, бұдан кейін 3 наурызда Семенова Кирил Петрыкиннің мүддесін жақтап прокурорға шағым түсіреді.

Қызық жері, Кирил мен анасы Елена Семеновамен тура кездесу үстінде «жоғалып кеткен» Марина Нистолий қоңырау шалады. Әңгімелескен ол Семеновамен кездесуді доғаруды талап етеді, бұл әрекетпен Кирилдің  өзіне ҚАЖК мен ҚАЖД қарсы қойғанын айтып, енді оған тіпті жаман болатынын нығарлап айтады. Юлия Петрыкинаның айтуы бойынша, содан бері оған Марина Нистолий ылғи да бір мақсатпен қоңырау шалып мазалайды екен:   Юлия ҚАЖКке арыз жазып, Елена Семенованы  жүгенсіздік пен алаяқтық жасап, Кирилмен «оның келісімінсіз (?!)» кездесті деп айыптау керек екен. Юлия Петрыкина сонымен бірге оған Марина Нистолий егер де Кирил Петрыкин келіспесе, ол экстремизммен (Елена Семенованың қоғамдық бірлестігіне мүшелікке кіргені үшін) жауапқа тартылмақ және оған қосымша «мерзім берілмек» деп хабарлайды… Сондай-ақ егер де Юлия Петрыкина Елена Семеноваға қарсы жала жабуға келіссе, оған ұлымен ұзақ уақытқа кездесуге уәде етіледі, ал бұл ҚШҰ жағдайындағы сотталушы үшін ешқандай нормативтік құжаттарда қарастырылған емес…

Юлия Петрыкина Елена Семеноваға қарсы жала жапқан жоқ. Фейсбукте жарияланған Марина Нистолийдің  23 наурыздағы «сотталғандармен қысқа уақытқа кездесуге жіберетін күмәнді тұлғалар» туралы постын оқып шығып, ол бізге хат жазыпты. Елена Семенованы қолдады және «менің ұлымды Петропавлдағы Марина Нистолий тұлғасындағы ҚБК-дан қорғаштауға» көмек сұрапты…

Енді Кирил Петрыкинді Петропавлдағы НПМнан да «қорғаштау» қажет, себебі жуық арада ғана ҚБК-нің басшысы НПМның да бастығы болып шыға келді. Осылайша, ҚАЖК мекемелеріне бару құқығы бар екі қоғамдық бірлестік те «ҚАЖК-мен араға сүрлеу салған» құқыққорғаушыға бағынышты болып шыға келді. Және де Петропавлдағы сотталғандардың құқықтарына қатысты ахуалға бұл оңды түрде ықпал етеріне мықтап күмәндануға негіздеме бар. 

Марина Анатольевна, бәрі де есімде. Партиядағы көпжылдық және оңды ықтымақтастық та есімде. Сіздің маған жазған хаттарыңыз, оның ішіне салынған шоколадтар да есімде. Алматыдағы біздің үйдегі кездесу де, мен босағаннан кейінгі біздің ұзақ әңгімеміз де. Және де біздің құқық қорғау жобамыз KURESKER-дегі ынтымақтастығымыз да, сіздің қоштаспай кетіп қалғаныңыз да есімде.  Енді сіз әлгі «ҚАЖК құқыққорғаушылары»  Еркаевамен (Қарағанды), Жанабілова мен Мирошниченко (Алматы), және басқаларымен біргесіз. Сізге табыс тілемеймін.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.