Бір жыл бұрын жорамалдағанымыздай, Қазақстанның азаматтық қоғамындағы наразылық турасында жазу қиындап кетті. Негізгі себептердің ішінен екеуін ерекше атауға болады, олардың қайсысы басты, қайсысы түпкі екенін ажырату да қиын. Оған бас қатырудың да керегі болмас. Бұл басты да маңызды да емес.

Бір себеп алдыңғы лектен көрінген белсенді азаматтарға қатысты полицей жүйесінің жаппай алдын алу үшін қысым көрсету әрекетінің салдарынан туындайды.  Диктатура оларды дереу «экстремист» атап мазақ қылды да, оларды анық білдірілген наразылық пен бұл наразылықтың «көшелік» көріністеріне деген дайындық белгісі бойынша «қаңтара» бастады. Ұстау, қамау, соттау – тұрақты түрдегі оқиғаларға айналғаны сондай, полицейдің тоқпағына түскен белсенді азаматтардың аты-жөндері күнделікті құқыққорғау құрылымдарының апта сайын жарияланатын, атап айтқанда Qaharman.Kz сайтынан ұзыннан шұбақ тізімдер болып алынуда.

Наразылық алқабын алдын ала тазартудың «жаппай әдісін» қолданатын диктатураға бұл үдерістің «үйреншікті» екенін мойнына қоюдың сәті түсті. Диктатура наразылық алқабының «қызуын» реттейтін «жалаушаларды» енді «ыстық алқапқа» да – ҚДТ, Көше және басқа барлық жанашырларға да қоятын болды. Бұл қоғамның қол күйдіретіндей, басқа наразылық сегментінің енді бұрынғыдай жұрттың бәрі ұмтыла қоймайтын орнына айналды.  Әзірге «ыстық алқаптан» алдын ала тайдыратындар бар, қалғандары біркелкі-еркін тыныстап, бұнымен бір уақытта өзінің наразылық әлеуетін сезінуді жалғастыра алады.  

Бұл жерде екінші себепті де еске алған орынды – қоғамның наразылық шараларына ашу-ызалы қатысушылардың бытыраңқылыққа ұшырауы.   Қазір бұл маңда «алқызыл және аппақ раушан гүлдерінің арасындағы шайқас» секілді, неден не басталды, бұның бәрі неден бастау алды, кім бірінші айтты, мазақтады, істеді, істемеді, оны бірі де ешкімнің есінде ештеңе жоқ, әйтеуір ырду-дырду… Оқиғаның кейбір қатысушылары қызуды төмендетпестен от қойып, көзқарасты көз бе көз айырбастап жіберіп, кешегі қанды көйлектестерін «айдар тағумен» үдеріске шын жүректен кірісіп жүргендері өз алдына. Бәрі де құр жүрген жоқ – анда-санда өздері атаған «жау» жаққа бір алаңдап қойып, бірін бірі «әшкерелеу» үдерісімен қызу шұғылданып әуре болып жүр. Диктатураға көз қырын салып қояды баяғы. Оған да керегі осы.

Бұл басты екі себеп, қосыла келе, азаматтық қоғамның наразы бөлігін жылдам дүбәрәлайды.  Бұның нәтижесінде «баррикаданың» бір жағынан айдар тағу мен кекетіп-мұқатуды бір біріне допша теуіп, барынша қатал әрі қарабайыр әрекеттерге ұласады да, бұл наразылық әлеуетті одан әрі әлсіретеді, қатысушылардың қауқары кері кетеді; бұндайды есі дұрыс әрі салауатты қай адам да, сабынды аузына салып көпіртпестен айта алмас… Бұл туралы жазудың қиындығы да осында.

Бұл үдерістің «кері пайдасының» болу мүмкіндігіне де сенгіміз келеді-ақ. Азаматтық қоғамның бұл сегментінде басқалармен бірге әрекеттеспестен бір де бір қатысушының диктатураға қарсы нақты да қауқарлы оппозиция құрудың мүмкін еместігін түсінбеуіне әсте болмайды.  Кез келген дау-дамай – әлсіретеді,  диктатураның ресурсын күшейте түсетін, соған үлес қосып, сонымен бірігетін ресурсқа айналады. Бұдан басқаның бәрі – өзіңді өзің алдау,нәтижеге жетпейтін және жеткізбейтін үдерістен жетесіз күйде рахаттану. Бұның бәрі тарихта талай рет болды, осының бәрі «өз жолыңды» табуға жеткізер өнеге көзі ғой.

Үдерістің наразы қатысушылары құқықты мемлекеттік құрудың қажеттігін айтады да, бір біріне дербес пікір айтқызуға келгенде   ауыздарына қақпақ қоюға тырысады. Өздері саяси пікір алуандығы үшін қуғындайтын диктатураны сынайды да, басқа біреудің пікіріне өзінің шыдамсыздығын көрсетіп алады, осылай шыдамсыздық көрсете отырып мына нәрсе айдан анық болып шығады: егер де осы «тараптардың бір жағы»  бүгін билікке келсе,  абақтылар саяси жаңа қамалғандарға толар еді.  Және де бұл қамалғандар диктатураның өкілдері ғана емес болар еді…

Қол жеткізер нәрсенің бәрінде де бір негіз бар. Бұл адам құқығы мен Заңның басымдығы. Егер де бізге бұны ұмытпау қолымыздан келсе, онда біз мынаны ұға аламыз: диктатураға қарсылардың бәрі бір жақта болуы керек. Бұл біріктіретін басты және жалғыз шарт. Қалған сұрақтар мен мәселелердің бәрі – диктатурадан құтылғаннан кейінгі құрылатын жаңа парламентке отыратындар алдына қойылады. Ол жерде солар талқылап, өз сайлаушыларының мүддесі үшін қиян-кескі төбелеседі, сол жерде заң өзгереді, жаңасы қабылданады, сол үдеріске бірі қалмастан бәрі де мойынсұнатын болады.

Бірақ оған жетуге – жол ұзақ. Тоқтаңқырап, суынып, әрі қарай қол ұстасып бірге жылжу керек. Кездесу керек, келісу керек, ақылдасу керек, әрі таласып, әрі шешу керек. Бір бірімізге айдар үлестірмей, біріккен шешімді атқарысатын тапсырманы үлестіру қажет. Тіл тигізіп, балағаттаудың орнына, істелгенді/істелмегенді бағалау қажет. Ортақ қоқысқа кіріп тырбаңдамау керек, оның орнына барып диктатураның қызығын тыйатындай бағытқа жылжу керек.

Адам құқығы – біздің ортақ ісіміз. Бұл біздің диктатураның ақырына апаратын ортақ бастауымыз. Егер осыны басқа нұсқаның жоқ екенін ұқсақ, шіркін. Басқа қалған-құтқанның бәрі де сол бір «калашников автоматына» қарай жетелеп апарады, тек ол құрғыр басқаның қолында болмақ.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.