ҚР ІІМ ҚАЖК-ке (Қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитет) қарасты  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі департамент) тұлғасының (бұл органдарды тұлға атауға болмайды, сөздің реті ғана), тағы да департамент бастығы Жәнібеков «тұлғасында» (бұл да даулы) – құқық қорғаушы Елена Семеноваға қатысты үшінші рет «абырой мен ар-ожданды қорғау туралы» арыз беріп отыр.

Қандай «тұлға», сондай — ар. Шын мәнінде ар-ожданға ҚАЖК-ҚАЖД дегендердің ешқайсысының да қатысы жоқ.

Жәнібеков мырза – бұл Қазақстанның барлық лагерлері мен абақтыларындағы қайғы қоздырғыш әйгілі «ТЕННИС». Бұл әлгі ҚАЖК төрбасшысының орынбасарларының бірі бола жүріп, қамалғандарға өздері айтқандай, өзінің «ажал эскадронымен» абақтыларды аралай жүріп, «мүрде болуға бекітілген лимиті барларды» таптаумен шұғылданған қасапшы.   «Теннис» — ар-ожданды қирату жөніндегі маман, «мамалар гаремінің» әміршісі, бұның бұйрығы бойынша тіпті бостандыққа шыққан бетте дүйсенбіге дейін ғана өмірі қалса да, кімді болса да «құлдырату» (жыныстық зорлау) қолға алынады. Көз алдыңызға елестетіп көрсетіңізші – ҚАЖК-ның «мәңгі орынбасары» болудан қандай да бір өңірге барып,із суыту үшін қаншалықты қияс кету, қаншама қан толы шелекті төңкеру дегенді… Бұнда  «тұлғаға» да, «ар-ожданға» да — қатысты ештеңе жоқ. Жоқ, ресми түрде, әрине, бет-әлпет пен құйрықтың ортақ көрінісі бар, ол – әжім. Ол әжімнің бірі құйрықты екіге қақ бөліп тұр. Бар болғаны сол ғана.  

Елена Семеновамен бірге талапарызға Тараз, ЖД 158/4 мекемесіндегі сотталған Карим Бабаевты да іле кетіпті. Бұл кісі бірнеше жыл бойы «қақтығысып», шегінбестен, бағытын өзгертпестен,  жазақорлар мен «қинаушы» полицейлердің фуражкасын қағып түсірумен  және олардың осы жолдарын өздерінің қанымен жуып келе жатыр. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/259868752364664/?d=n).

Оны бұл жолы асқынған гепатиті мен ауыр отадан шыққанына қарамастан, осы мекемеге тағы да қайтып алып келді. Медициналық картасында диеталық тамақтану қажеттігі нұсқалып жазылса да, Бабаевтың тек қана нан мен суды қорек еткеніне айдан асқан. ҚАЖК-ның сұрқиялық қатыгездігін бағалап көріңіз: гепатитпен ауыратын науқасқа барлық инстанцияларға «талапқа сай тамақтануда» деп жалтарма жауап беру үшін қасақана түрде майлы тамақ беріп жатыр. Шын мәнінде бұл  – кісі өлтіруге деген тура қадам, өйткені гепатиті бар науқасқа майлы тамақ – ажалмен бірдей.

Бұрынғы материалдарымыздың бірінде 8 наурызда, медициналық жәрдемді ұзақ уақыт бойы және қасақана түрде көрсетілмегендіктен, осы абақтыдан сотталған Талғат Біләл «еркін ауруханаға» жедел түрде апарылған еді. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/267140638304142/?d=n). Ол ақыры қайтыс болды. Екі күн өткесін. Сол жерде. Абақтыда емес. Бірақ оны өлтірген – «жәнібековтер».

ЖД 158/4 мекемесіне қарасты абақты санбөлімінде, медикаменттен бар болғаны – тек қана сотталған Құдайбергенов. Бұл сотталушы «жексұрын» (педофилия) қылығы үшін, санитардың айлығымен орналасқан «ешкі». Санбөлімде тұрып жатыр, тексеруге бармайды, барлық кілт пен кабинеттер қолында, диетаның бәрін осы ішіп-жеп жатыр. Табиғи жайт сол – оның медициналық білімі туралы ешкім ештеңе демейді. Бұл маңызы жоқ нәрсе, өйткені ол жерде ешкімді емдеуге ешкімнің де ниеті жоқ.

ҚАЖКның және оның қаптаған ҚАЖД-ларының «тұлғасына», «ар-ожданына» және «абыройына» қатысты келбеттің сыйқы осы. Бұл сапалар ҚАЖКға тікелей қатысты – Конфуций айтқандай, «қараңғы бөлмедегі қара мысық» секілді: оларды көруге болмайды, өйткені ол сапалар ол маңда атымен жоқ. 

Елена Семенова мен Карим Бабаевты кінәлі деп танитын соттар, адамның мүшесі ретінде мүлдем басқа бөлігін, «әлгі әжімге жармасып»  көруге тырысатыны айқын.  Бұндай соттардың шешімдері – сақталатын құжат. Және де – бұны сұрайтын уақыт шегерілмейді. Ал сұрқия шешім бәрібір түбінде сұралады.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.