Бұл материал қиынға түсті. Себебі бұл абақтыдағы масқара мәселе туралы — сотталғандарды зорлау турасында, бұлар жайлы жазу көптеген себептерге байланысты аса күрделі болып келеді. Бәрінен бұрын – жыныстық зорланған еркектер бұл турасында ешкіммен талқылауға, әңгімелесуге құлқы болмайды.

Жыныстық зорлау – адамның ар-абыройын жаншудың алапат сайманы.  Қоғамдық орта зорлану құрбандарын әрқашан да, барлық жерде бірдей сәйкесінше қабылдауға дайын емес. Ал оның үстіне түрме немесе лагерде болса.

ҚР ІІМ КУИС (Қылмыстық-түзету жүйесі бойынша комитеті) сотталғандардың иерархиялық қылмыс мәртебесін жою үшін жыныстық зорлауды қолданады. Бас бостандығынан айрылған орындардағы адамның бұндай зорлауға ұшырауы, «құлдыраған» («опущенным»), «жәбірленген» болып есептеледі де, ешқашан басқа сотталғандармен, бұған дейін қылмыстық иерархияда кім болса да, бір дастарханда отыра алмайды, қол алысып сәлемдесе алмайды.

Сол себептен де қылмыс әлеміндегі «іске жарағандар», «қараушылар» және басқа да «блатнойлар» жыныстық қорлануға ұшырау сәті кезінде «сынып» тынады. Сол себепті де, олар «жуғыны» (сақалқырғыш) ұртына салып жүреді – әлгі сәт бола қалса, абақты жағдайында «тігіп тастап, әлгіні жалғастыру» мүмкін болмастай, дереу «еркін ауруханаға» түсуге болмаса – мүрде болу үшін  «тілінуге» (күретамырды қию) дайын жүреді.

Егер де іске аспай қалса – олар «тұмшалануға» (тұмша тағынуға) келіседі де, «блаткомитеттен» әкімшіліктің көмекшісіне, яғни басқаларды «сындыратын», қинайтын, жәбірлейтін және жыныстық зорлайтын «ешкіге» айналады … КУИС оларды бұндай аюуанша тәсілмен «қайта тәрбиелеуді» мақсат етпейді. Ол бар болғаны олардан социопат, шынжырлы төбет жасайды да, ол сотталғандарға екі дүние  бәрібір болып шығады. Олар қылмыстан соң қылмыс жасайды, оларға мерзім қосады, басқа абақтыға ауыстырады, бірақ  – енді олар үшін барлық жерде «жарқын құшақ» жайылады да, баланда (ішіп-жем) жақсарады, түрлі «бонустар» беріледі, олар үшін бірақ ол «қызмет етуге міндеттеледі»… Ең қатыгез «ешкілер» — бұрынғы «блатнойлар».

Біздің жағдай – мүлдем басқа. Игорь У., 1998 жылы туған, Петропавл қаласы, ҚР ҚК 120-бабы (жыныстық зорлау) бойынша сотталған. Оның нұсқасы бойынша: дос болған, бірігіп ішкен, сосын сондай болып қалған. Әрине біз оның қасында болған жоқпыз, не болғаны – бізге белгісіз. Мен (авт. – Владимир Козлов) осы баппен сотталған «үштіктен» (ЕС 164/3) жігіттерді көргенмін. Ахуал тіпті басқаша – ақша үшін секс, үйге келеді, ертеңгісін қамауға алады. Секстен кейін қыз полицияға барып, арыз жазады, әдейі «биоматериал» сақтаған… Қылмыстық іс, орасан сома  сұрап бопсалау, бас тартсаң – сот, абақты.

Петропавлды «қызыл қала» атайды. Бұл дегеніміз – есірткіге, жезөкшелікке байланысты көптеген қылмыстардың артында  —  «менттердің шаңырағы» тұр деген сөз. Мынадай «жәбір көрген» жігіттердің де артында солар тұр. Төленген секс үшін «қосымша өтемақы» бопсалау, әлгі қыздың түсіндіргені  — жігіттер, артық ештеңесі де жоқ, бар болғаны бизнес қана деді. Бұның кең тарағаны сондай, абақтыларда бұндай қылмысқа деген соншама  жаппай «сұраныс» жоқ, әрқайсысын – әңгімелесу арқылы, ақиқатты анықтау ғана бар. Көптеген жағдайларда бұл баппен сотталғандар, өз ахуалын негіздей алады да, «карабасқа» (шелек пен шүберек тұрған бұрышқа) да, «гаремге» де түспейді. 

У.Игорды жыныстық жолмен зорлаған. Тура Петропавлдың СИЗО камерасында істеген. Оны Евгении С. мен Станиславтың Е. көзінше зорлаған.   Өте сирек жағдай – ол арыз жазған. Оқу да қиын, ауызекі айту тіпті де оңай емес болса да барынша нақтылап жазған. Ол СИЗО қызметшілер тапсырыс бергенін айтады да, одан арғы оқиғалар оны жоққа шығарудың орнына нақтылай түседі.

Сотталған У. Игорды камераға орналастырмас бұрын, опербөлім бастығы  «Генояд Дуйсембаевич» пен РОР жөніндегі орынбасар  Александр Басс, мәжбүр ете отырып әрі қорқытып, оған жалпы камераға емес, «шектеулі» сотталғандар отырған – «гаремге» жайғастыруды өтінген арыз жаздырады. Оны бұндай баппен жалпы камерада «құлдырататынын» айтып қорқытып, көндіреді. Өтірікті соққан. Жалпы камерада сотталғандар онымен дұрыс сөйлескен болар еді. Олар оны сол жерге тығып жіберген де, оны әңгімелеспей-ақ, «құлдыратып» тынған.

Тәжірибелі қызметшілер бұндай қатені жібермейді. Тәжірибе оған жібермейді. Әлгілер ойларына келгенін солай істеген. Себеп түрлі болуы мүмкін. Бір этап кезінде маған осындай «менттердің кесірінен жәбірленгенді», «столыпинде» (вагонзакта) кездестіргем. Ол камераға соңынан кірді де, «ақпар берген».

Білмегендіктен «шайынып» жүрмес үшін осылай болуы керек еді: қолмен амандаспау, жанында шконкада жатпау (орын әрқашан да жетпейді), бір ыдыстан тамақ ішпеу үшін… Егер де осындай бола қалса – үлкен мәселе туындайды. «Байқамай қалғандықтан» екенін дәлелдеуге тура келеді, әйтпесе, өзіңе де «гаремнен» бір шығу қаупі бар… Саналы түрде ескертпеген «өкпеліні» өлгенше ұрып-соғады.

Әлгі «столыпинде» болған жігітті де СИЗОда зорлаған. Оған жәбірленушінің туыстары тапсырыс беріпті… КУИС қызметшілері солай дәйектеді.

У.Игорды  2019 жылдың мамыр айында зорлаған. Оны зорлаған адам да, қызметшілердің білетінін, бұндайда «айқай шығару мен баса көктеу» пайдасыз екенін білдірген.  

Игорь У. арыз жазғаннан кейін  ол қызметшілер мен прокурорлармен бірнеше рет әңгімелескен, олардың бәрі де оның бұл күш-жігерінен ешбір пайда жоқтығын айтып, «ештеңе дәлелдей алмайсың» депті.  

Әзірге шынында да солай – іс қозғалған, бірақ тергеу әрекеттері мен бет пе бет жолықтыру әлі де жоқ.

Ол Петропавлдың ОНК мекемесіне бірнеше рет шағымданған, оған басшысы  Марина Нистолий келіп кеткенін, оның көмекшісі «органдарға» беру үшін арызды алғанын  жазады.

Петропавлдағы СИЗОда болған бұл зорлау жөніндегі қозғалған қылмыстық іске жуырда екі жыл болады, бірақ нәтиже жоқ. 2020 жылы қараша айында СҚО облыстық прокуроры Б.Мажренов жәбірленушіге оның арызындағы қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы факты айқындалмағанын және прокурорлық кірісуге ешбір негіз болмағанын хабарлапты.   Ал қылмыстық іс (ЕРДР 205910031001978) болса  — әлі тергелу үстінде… 

Игорь У. жазаны Атбасарда өтеуде, «шектеулі адамдардың жасағында». «Гаремде». Бұл енді – оның тағдыры. Әрине, «өзі кінәлі» деп, және басқа да әділет туралы талқылай беруге болар, бірақ… Біздің,қазақстандық ахуалда,  қазақстандық «әділ сотпен», біздің  «құқық күзетшілерімен» басқа нәрсені еске алған пайдалырақ:   асылық айтпа деген тәмсіл. Біздің, қазақстандық абақтыда, «әділсоттың құрбандары» -қылмыскерлерден көп болмаса аз емес.

Адам құқығы —  адамның туған бойдан туындайтын ешбір шартсыз мүмкіндіктердің жыймасы. Ал одан әрі – Заң. Сол, тек қана сол – кімнің қылмыскер, және оның қандай жазаға тартылатынын анықтайды. Егер, әрине Қазақстан туралы әңгіме болмаса, шынында да солай. Өкінішітісі — сол.  

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.