Абақтылардан түсіп жатқан (ҚР ІІМ КУИС мекемелері) ақпараттар соғыстағы майдан шебінен келіп жатқандай әсері бар. Сотталғандар тиісті мекемелердің қызметшілері тарапынан көптеген қылмыстар туралы хабарлауда, аталмыш жүйе ретсіз болса да, арнайы прокурорлардың «шаңырағына тығылған» күйі, жанталасып ақпараттың жылыстауын «бітеуге» тырысуда.  Арнайы прокурор жарықтықтар болса, әйгілі мүсіндердің «үш маймыл» тобын бейнелейді: көрмеймін, естімеймін, айтпаймын.  КУИСта да сондай, өз қылмысын өзі тергемейтіні және өз кінәлілерін өзі жазаламайтыны айдан анық.

Ақпараттың көп түсетіні сондай, оны қандай да бір белгілеріне қарай жіктеп қарастыру қажеттігі туындайды; мына жағдайда біз бір мекемеден бір аптаның ішінде түскен ақпараттарды ғана қарастырдық. Статистикалық ақпарат көрінісі қайран қалдырады. Әсіресе біз бар болғаны түрлі ақпарат көзін тексеруге мүмкіндігіміз барын ескерсек, хабарламадағыдай жайлы еместігі белгілі.

ТЖ 158/4 мекемесі, Тараз.

— 08 наурыз күні сотталған Талғат Біләлді тез арада абақтыдан алып қалалық ауруханаға жөнелткен. Бұған дейін ол екі апта бойы ешбір емсіз  түрменің медбөлімінде болған. Ол өз бетімен тамақ іше алмаған, ағзасы кері қайтарумен болыпты, оған қызметшілер жайбарақат қараған. Оны медбөлімнен өлер болғасын амалсыздан алып кеткен. Белгілі машық: сотталған адам, абақтыдан тыс жерде өлуі керек,  айрықша мәселе туындамас үшін сол науқасты дер кезінде шығарып үлгеру қажет.

— Бұрын хабарлағанымыздай  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/259868752364664/?d=n) медбөлімде «емдеуге уәде еткен», сотталған Карим Бабаевты медбөлім арқылы «транзитпен» шығарыпты: уәде етілгендей екі күн жатқан, ота жасалғаннан кейінгі уәде етілген және заңды тамақсыз, ешбір емсіз – баракқа «тыға салған». Уәде еткен арнайы прокурор Дәненов. Өзі айтып өзі істемеген. Енді Карим «аузын жаппаса»,  «бұрғылауды» уәде етіп отыр. Шамасы басты тесіп тынатын болар. Бұндай нәрселерге қызметшілер мен прокурорлардың «қолдары алтын», мүлтіксіз қимылдайды. Ауыр науқас міне енді бір ай бойы нан-сумен ғана қоректенуде: оның жей алатынын және дәрігерлік тағайындау бойынша ішетін тамақты – бермейді, ал беретіні – жеуге тұрмайды, себебі ағзаға зиян.

— Сотталған Абдуллаев Ходжиакбарды оның бөстегінен (матрац) «табылған» телефон үшін ақыры қатаң түрдегі шартты мерзімге  (СУС) «бұрғылап» тынды. Телефон оныкы емес, телефон иесі болған сотталған кісі  бірден «жүктелген» еді  (ол бұл телефонның өзінікі екенін мойындаған-ды), бірақ… прокурор екеуін де тыңдап алып, «іске қатыссызды» да  СУС-қа тартты.  Жұрт бұның себебін, Абдуллаевтың  заңды түрде сотталғандарға сәлемдеме жеткізуге арналған азаматтық ЖК-дің (ИП) жалдамалы жұмыскері болу себебінен және бұл ұйым абақтыдағы «азық лашығына» бәсекелес болғандығынан деп есептейді.  Әдетте бұл абақты дүкеншелері осындағы қызметшілерге немесе прокурорлардың біріне тиесілі және бағасы айналасындағылардан екі-үш есе жоғары болып келеді. Енді қазір бұл ЖК арқылы сотталғандарға сәлемдеме жеткізу тоқтатылды, ал лашықтағы сауда болса жанданыпты…

— Бірнеше күн бұрын абақты КПП-сында ДПНУ орынбасары (мекеме бастығының кезекші көмекшісі, «түнгі қожайын»), «жүкпен» ұсталыпты: жарты келідей «масти» (анаша), трамадол, химия (синтетикалық есірткілер) болған. Бұл оның бәрін жергілікті «ешкілерге», қызметшілердің тапсыруымен лас «шаруа» (сотталғандарды ұрып-соғу, зорлау, қинау) атқаратын белсенді-сотталғандарға арнаған еді. Басқаша айтқанда – «ешкілер» әдетте — «айуандық» қылмыс үшін сотталғандар  (педофилия, зорлық көрсету, қарияларды өлтіру т.б.) болып келеді. Бұларға әдетте түрмеде «арнайы орын» тағайындар еді («карабас» (жуынды шелектің қасында), немесе «гарем» қатарында), міне енді олар «әкімшілікті ерікті көмекшілігіне» таласуда… Бұлар ол жерде іздегенге сұрағандай. Оларды завхоздар мен тазалықшылар анықтап, артықшылықпен қамтиды… осындай мүмкіндіктердің бірі – түрмеде «барыгалау» (сауда) жұмысы, оны бұларға «Шәкәрім» есімді ДПНУ орынбасары берген.  Бұл жолы сәтті болмады … бәсекелестер алдын орады.

Бұл ақпарат бар болғаны Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ТЖ 158/4 мекемесіндегі болып жатқан жайттарға қатысты «апталық қиынды» ғана. Тексеріп үлгергеніміз ғана. Одан әрі жалғастырайық.  

Бүгін ЛА 155/8 (жетпіс бірінші), мекемесінен ЛА 155/12 (тоқсан тоғызыншы) мекемесіне сотталған Сергей Кряжевты аударды.  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/263037632047776/?d=n). Бәрі де аңызға айналған КУИС «серікболы», қатаң тәртіптегі 155/12 бөлімнің бастығы Бақтияровтың «… өзіме 99-шыға әкетем де ісіңді бітірем…» деп қатер төндіргені сол күйі жүзеге асты.  Енді оның «бітуі» қалды…

Ешкім де емес және ешкім деп атауға келмейтін ІІМ министріне дұғай сәлем. Оған қарасты конторлардан оның әшекейлі погондарына науадай құйылып жатқан шығар шамасы.  

Біз байланыстамыз. Хабарлаңыздар, хат жөнелтіңіздер, көмекке әзірміз. Зұлымды түнегінен суырып шығару керек. Біз де сонымен айналысудамыз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.