«Адам құқы жөніндегі өкіл жайлы.

Аталмыш институт адам құқын мемлекет қызмет өкілдерінің жеке құқығына қол сұғуларынан қорғауға, заң негіздерін іс жүзінде қолдану арқылы дамытуға ағартушылық бағдарламаларды өмірге енгізуге арналған. Омбудсменнің барлық қызметі Қазақстан Республикасы мойындап қол қойған БҰҰ-ң, халықаралық конвенциялардың міндеттемелеріне және осындай мекемелердің қызметіне сай.болуы тиіс. Омбудсмен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Омбудсменнің жұмысының принципі — жариялылық, шынайылық және ешкімге іш тартпаушылық…»

Омбудсмен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын полицейлік кеттлинг деп атады. Иа, осылай бір сөзбен Қазақстандағы бұл институтқа сипаттама беруге болады. Адам құқы жөніндегі өкіл (!) полицейлік кетлинг амалын қалыпты, орынды, тіпті мақтаулы шара деп санайды. Кетлинг шарасы бойынша онщақты еңгезердей қарулы полицейлер қолына плакат ұстаған азаматтарды бір жерде төрт қатар қоршаумен он сағат (!) бойы аязды далада сусыз, тамақсыз, дәретке шығармай ұстағанды омбудсмен дұрыс шара деп отыр. Қазақстандық адам құқы жөніндегі өкіл бұл шараны полицейлік азаптау, адамды аяусыз қаталдықпен қорлау деп санамайды екен.Қазақстан Республикасының адам құқы жөніндегі өкілі Азимова ханым өз міндетін және қызметтік орнын осылай санап отыр. Қазақ омбулсменінің кабинетінде кез келген адамның аты-жөні жазылсын, оның еш айырмашылығы жоқ…

Бұл креслоға ешқашанда аламның құқын заң тұрғысынан түсінетін адам отырмайлы. Бұл қызметті ешқешен ешқандай сұрақ қоймайтын, жоғарыдан не айтса да орындайтын топас атқарады; бүгінгі таңда бұл қызметті полицейлік «азимовашыл кетлингі» деуге болады. Азимоваға дейін оншақты жыл осы орында істеген Шакиров мырзаны осы қатарға жатқызуға болалы. Жыл сайын өтетін ОБСЕ жиналыстарында Шакиров мырза сөз алғанда жұрт ұйқыға кететін немесе кофе ішуге шығып кететін еді. Бұл қоғамдық институттың бойында жұрт қызығатын бір ле бір тәуір қасиет немесе үлгі жоқ. Оның барлық мақсаты — жиналыстарға статист болу және жоғары мінбеден өтірікті сулай ағызу. Бұл қызметке келген кезкелген адам — осы міндетті втқарса болды, ол сол үшін тағайындалған.

Қазақстанда құқықтық заңнамаларды өте әлемі келістіріп жазуға болады, бірақ оны пайдаланатын адам заң баптарын тапсырма бойынша орындайтын болады, «институтына» қарай және басшысына байланысты. Ұлттық превентивтік механизм (НПМ) деп аталатын ирститут дәл осындай. Бұл ұйымның мақсаты, Қылмыстық атқару кодексі (ҚАК) бойынша азаптау мен қорлаудың алдын алу Бас прокурордың, депутаттың, Президенттің құқығымен ұқсас. ҰПМ мүшелерінің құқықтары айқын жазылған. Мысалға осы ұйым мүшелерінің түрмелерге кіру құқығын алып көрелік.ҰПМ ешкімлі ескертпей, ешкімнен келісім сұрамай кенеттен түриелерге кіру құқы бар. Дәл осылай Қылмыстық атқару кодексінде жазылған. Іс жүзінде рұқсатты омбудсменмен келіскен соң ғана кіре алады. Бітті, басқаша болмайлы. Болған уақиғаны дер кезінде тексерулің орнына ҰПМ бірнеше күндер бойы мәртебелі «твқсырдан»рұқсат күтеді…

Қанша күтетін уақыты — лагерьдің бастығы мен арнайы прокурорға байланысты, «қылмыстық істерді жабуға» кететін уақытқа байланысты. Ол көбінесе көп жағдайда «…фактілер анықталмады…» деп жауап беру үшін қажет. Алғашқы кезде бұл мәртебелі қызмет «Президент жанындағы..» деп аталатын, бірақ ондай атақтың түк қажетсіздігін түсінген билік ол сөзді алып тасталы. Диктатор-президенттің жанындағы адам құқын қорғайтын Өкіл — ұятты жерді саусақпен жапқандай, бәрібір көрініп тұр. Омбудсменді президент тағайындайды, ол президентке бағынады. Бұл нені білдіреді? Адам құқы, еркіндігі, әділдік деген бұл елде жоқ дегені, ондайлар бұл елде тұрмайды. Ол сөздерлі ұмыт! Барлығыңа кеттлинг болсын. Омбудсменнен. Кешегі билік өлтірген Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қор жетекшісінің бұрынғы көмекшісі, бүгінгі мәжіліс депутаты, нұротандық Айдос Сарымнан. «..Заңға көндігу керек, сонда кеттлинг болмайды».» (цитата).

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.