Соңғы бірнеше күндер бойы лагерьлерден көптеген жағалықтар легі ағып келіп жатыр. ҚР ІІМ ҚАЖ комиететіндегі жағдай өте аянышты болып отыр.  Атап айтар болсақ, Қылмыстық атқару кодексіндегі сотталғандардың денсаулығын сақтау мен тиістң дәрігерлік көмек көрсету мәселелері. 

Түсіп жатқан дерек кһздерінің географиясыняң кеңдігі сонша, бұл оқиғаларды уақытша немесе кездейсоқ деп айтуға болмас, керісінше бұл жүйелі түрде, әкімдің басқару жолымен жасалып отырған мәселе деуге болады. ҚАЖ комитеті  бұл мәселенің, яғни сотталғандардың денсаулығына зиянкестік жасаушысы, басты тапсырыс берушісі, сотталғандарға жаппай түрде дәрігерлік көмек жасамай оларды өлтірушісі болып отыр деп айтуға тура келіп отыр.   Иа, егер адамға дәрігерлік көмек көосетілмеуінен ол адам өлген болса, бұл — нағыз адам өлтірушілік.    

 2013-2014 жылдарда ҚАЖ комитетінің төрағасының орынбасарларының бірі, Қылмыстық атқару кодексінің алдағы уақытта өзгертілу іжайлы әңгімелердің бірінде лагерь медицинасы өз алдына ІІМ-ң бағынышынан бөлек шығарылады деп уәде берген болатын. Ғни сотталғандардың дәрігерлің аәселесімен тек қвнв азаматтық дәрігерлер айналысатын болалы деген еді. Мен бұл сөзді Петропавлдың  164/3 мекемесінде сотталушы ретінде өзім оқыған едім (авт. – Владимир Козлов). Сол кезде лагерьлерде катастрофалық  жағдай орнап адамдардың һлім-жітімі ерекше көп болып кеткен еді.   Ал қазір 2021 жыл, сотталушылардың өлім-жітімі азаймай отыр, Бірақ лагерьлің медицинасын полицейлердің қарамағынан шығару мәселесі қоқғалмай              келеді.  

Осы уақытта: 

—             155/14, Заречное, Алматы облысындағы мекемесінде сотталушы Петр Беспаловқа дәоігерлік көмек көрсетілмей отыр. Оның науқасында онкологиялық белгілер бар болғанына қарамастан.    (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246245450393661/?d=n). Осыдан он к.н бұрын Беспаловты анализ жасауға  шығарыпты, бір ай бойы  сұранған өтінішінен соң. Енді Беспалов анализдің қорытындысын біле алмай келеді, сол себептен дәрігер оған ем жасай алмай отыр.  

—             Осы мекемеде алты айдан бері сауатты ем ала алмай отырған сотталушылар:  НазбайДоскалиев, Бауыржан Кушманов дегендер отыр. Олар бұл мәселенің басты кінәлісі деп мекеменің режим және оперативтік жұмыстар жөніндегібастығының  орынбасары Үллан Арғынбаевты атайды. 

Бұл адам жөнінде біз бұрын жазғанбыз, яғни бұл адам мекеменің жаңа бастығын қаралау мақсатында саботаж қйымдастырып отырғандығын айтқанбыз, мекеме бастығының орны Арғынбаевқа беріледі деп уәдесі болған, бірақ орындалмаған. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/256675896017283/?d=n). 

Біздің тағы бір білгеніміз,  Ұлан Арғынбаевтың ұйымдастыруымен мекемедегі Әсет Әбішев пен Алмат Жұмағұловты жүйелі түрде қуғындау ұйымластырыоып отыр екен.. Оның себебі — олар сотталғандарға дәрігерлік көмектің көрсетілулерін талап еткен, сол істері үшін, Ұлан Аргынбаевқа алдына қойған мақсатына — сотталушының тезірек өлуіне  кедергі жасап отыр. Сонда ғана Арғынбаев мекеменің бастығы болу арманына жетуі мүмкін.  

—             ЖД 158/4 (Тараз) мекемесінде наразылық білдірген сотталушы  Жасур Жумабаев. өзіне өзі қол салып ішін жарған. Бұл оқиға жайлы прокурорғк хабарлап арнаулы жабар бермеу мақсатында оның ішін бірнәрселер жасап тіккен болып ДИЗО-а замап тастаған. Оның ДИЗО-а жатқанына бір апта болған, ешқандай дәрігерлік көмек беоілмеген.   Осы мекемеде күрделі операция жасалынған сотталушы Кәрім Бабаевв жатыр   (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246808257004047/?d=n). Ол үш апта бойы қара су мен нанды ғана татады екен. Оған диетикалық тамаққа рұқсат бермей отыр.  Үш апта бойы дәрігерлік көмек те көрсетілмеген.  Кәрімге қойылған әкімдіктің талабы бар көрінеді — егер сен сотталушы Игорь Лушниковты қойдырсаң (һз құқын қорғауын тоқтатса) онда саған диетикалық тамақ пен дәрігерлік көмекті береміз деп шарт қойған.

Осы материал дайын болған кезде, хабар келді, К. Бабаевқа емдейміз деп уәде беріпті. Бұл хабаоға да шүкір лейміз, бірақ уәделерлің барлығы орындала бермейтінін іліпп қойыңыз. ҚАЖ комитетіндегілер уәдені орындай бермейді.  

ҚАЖ комитетінде медицинаны азаптау құралы ретінде пайдаланып келеді. Сондықтан да  ҚАЖ комитеті оны ешкімге бере қоймас. Фашистік дәрігер Менгеленің қазақстандық ізбасарлары медицинасыз екі қолынан айрылғандай болар… 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.