Бүгінгі таңдағы неше түрлі тоқаевшыл блогерлер әлеуметтік желіні Тоқаевтың адам құқы жайлы әдемі сөздерінің үзінділермен толтырып жатқан кезде Қазақстанда адам құқының жағдайы күрт нашарлап кетті.  «Қуыршақ» президенттің сөзі бір басқа, ісі бір басқа, өмірдің шындығы оның әдемі сөздеріне перде қоя алмай оны жасыра алмай отыр.  Европарламенттің 11 ақпандағы резолюіиясы оған айқын дәлел.

Күн сайын құқық қорғау ұйымдарынан азаматтық белсенділердің қуғындалып жатқандықтары жайлы, саяси мотивті сот үкімдері, 28 ақпанға белгіленген бейбіт митингіге бас тартылған жауаптар жайлы жаңадан жаппай деректер түсіп жатыр.

Бейбіт митинг жвйлы ескерту хабарға бас тарту — бұл баоып тұрған трагикомедиялық сюрреализм. Міне, бұл жағдай «Тоқаевтың реформаларының»  және Тоқаевтың кім екендігін шын бет пердесін ашып беріп отыр. Назарбаевтың қолының ұшына орнатылған әдемі киімді қуыршақ президентті елді өзі басқаратын адам деп санаушылар — әлеуметтік желідегі «майлы жілікті» астаудан күн көріп отырған блогерлер ғана.  Тоқаевтың ертегісіне сеніп отырған басқалар — Қазақстанда срңғы 20 жылда болмаған соқыр, меңіреу, топас ұзақ сапарда жүрген кеменің капитанына ұқсайтындар деуге болады. Тоқаев — өз еркі жоқ, әлсіз де жасық қуыршағы, ол — Назарбаевтың «барып кел, алып кел» деп жұмсайтын қолбаласы болып қала береді.

25 ақпанда Қазақстанның азаматтық белсенділері, еліміздің бүгінгі күнгі айтулы азаматтық жарық жұлдызды күрескері болған Дулат Ағәділдің қаза болғанына бір жыл толуын атап өтті. Оны 2020 жылы ақпанда үйінен полицейлер күшпен зорлап алып кеткен болатын. Дулат полицейлердің қарауында, жауапкершілігінде камерада болғанына қарамастан сол жерде өлтірілді. 2020 жылдың қараша айында Дулаттың баласы Жанболат та кісі қолынан өлді. Ол әкесін полицейлердің үйден қалай алып кеткенін көрген, істің әділетті шешілуі үшін қажетті ең маңызды куәгер болатын.   Жанболат «кездейсоқ» төбелесте көз жұмды. Осының барлығы Тоқаевтың президенттік басқаруы кезінде орын алды.   

11 ақпанда Европарламент бір ғвнв резолюция қабылдамапты, үш резолюция қабылдаған екен (https://www.europarl.europa.eu/news/en/press-room/20210204IPR97122/human-rights-breaches-in-uganda-rwanda-and-kazakhstan).  Оның біреуі Қазақстан, екіншісі — Уганда, үшіншісі — Руанда жөнінде. Көріп отырсыздар, Қазақстандағы адам құқының жағдайы — Уганда мен Руанда елдеріндегі жағдайлармен бір пакетте талқыланған.  Осы жағдайды көз алдыңа елестетудің өзі масқара:  Брюссель, Европарламент, күн тәртібінде —  адам құқы жағдайының Уганда, Руанда және Қазақстандағы дағдарыстық жағдайы. Иа, ОБСЕ-е төрағалық жасаған Қазақстандағы жағдай!, Кез келген саяси дау-жанжалға бітімгер болуға жүгіретін, барлық конфессияларды өзіне шақыратын Қазақстан…

«… Авторитарлық президенттік республика, барлық билік республика президентінің қолына жиналған…. Президенттік сайлау бес жыл сайын өтетін, президенттік мерзімі 2005 жылғы Конституцияға жасалған түзету бойынша шектеусіз ел…»

Бұл қысқа мәтін «гуглдан» алынған, бірақ Қазақстан жайлы емес, бірақ бізден еш айырмасы жоқ. . Бұл – Уганда. Адам құқы жөніндегі рейтингі бойынша біздің көршіміз. Келесі көршіміз  – Руанда. Бұл елдер — «үшінші әлем елдеріне» жатады, бұрынғы отар болған елдер, Шығыс Африка. Айтпақшы біздің Уганламен тағы бір «ұқсастығымыз» бар — «теңізге шыға алмаймыз». Барлық қиыншылықтарымыздың бір пәлесі осында жатқан шығар…

Мүмкін, солай да болар. Біз әлемдегі ең озық отыз елдің қатарына тек қана «өз жолымызбен» — Шығыс Европа арқылы…жүріп келеміз… Назтоқаевжасасын! Ақ жол…

Әңгіме срңында – «сөзіміздің тұздығы»: «Қазақстанның басшылық иерархиясына сіна жақын тұрған бір адаммен — Елбасының көмекшісі, президенттің Іс басқарушысының бірінші орынбасары Абай Бисембаевпен сөйлесу барысында білгеніміз:  «кітапханаға Қазақстанның бірінші президентінің қорынан мынадай ұсыныс түсіпті — Қазақстанның бір заңнамасына өзгерту енгізіп, Қазақстанның бірінші президентінің саяси мұраларына сын айтушы 10 жыл мерзімге дейін сотталуы керек деген норма ұсынылыпты.— Дерек көзі: Телеграм-канал Uz

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.