22 ақпан күні «тоқсан тоғызыншы» лагерьге   (ЛА 155/12, Заречное, Алм.облысы) жазалаушылар шабуыл жасады. Оларды басқаша атау мүмкін емес, тек осы сөз ғана олардың шынайы мақсатын ашады.  

Олар арнаулы іссапармен, осындай істерге арналған (маскалы шоу шаралары үшін) басқа мекемелерден жіберілген үстеріне қара перде киген қызметкерлер болатын.Это Таңертенгі астан соң лагерьдің барлық отрядтарын плацқа айдап, сол жерде жаңағы қара киген жазалаушылар бас салып шоқпармен төпеп ұра бастады.

Жазалау ежелден қалыптасқан әдістермен — ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің қалыпты қорлау түрлерімен жүргізілді. Бір ғана айырмашылығы — бұл жолы сотталушы Ұшқын Рахметуллаевтың өлімін тексеруді әділетті тұрде талап етішілерге ерекше шүйлікті(https://www.facebook.com/108893537462187/posts/215680606783479/?d=n , https://www.facebook.com/108893537462187/posts/215684023449804/?d=n , https://www.facebook.com/108893537462187/posts/216385960046277/?d=n ). 

Олардан басқа, прокуратура мен УСБ-а арыз жазғандар мен олардың қылмысты істерін  және Бахтияров Серікболдың садистік істерін әшкерелегендер таяқтың астында астында қалды.(https://www.facebook.com/108893537462187/posts/233758031642403/?d=n)

«Әділет іздеушілерді» барлық отрядтардың алдына тұрғызып қойып аяусыз қорлаға салды, кешірім сұраңдар, әйтпесе осылай жаза тартасыңдар деді.  

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ЖӘЙТ:: Осы экзекуцияның басқарушысы Серикбол БАХТИЯРОВ болды. Иа, осы Бахтияров Ұшқын Рахметуллаевты соңғы рет көрген адам. Бұл жендетжақында сотталғандарды жинап өзінің қылмыстарын ақтайтын үндеуге қол жинады, қол қоюды талап етті. Сотталушыларды осылай біршама уақыт қорлап, намыстарын таптаған соң плацқа автозак кірді. Сотталушылар

 Думан БАЙГАНУСОВ, Григорий ЩУКИН мен Самат ЛАКБАЕВҚА бірнеше қара киінгендер жабылып аяусыз ұрып аяқ-қолын байлап заттарын алдырмай автозакқа лақтырып влып кетті. Олардың қайда екені белгісіз.  

ҚАЖ комитеті, өздеріңізге белгілі, мемлекет ішіндегі мемлекет,  осылай шексіз билікті өз қолына алған мекеме болып отыр. Бұл мекеменің адамдарының осындай жендеттік аяусыз жауыздықтары ешқашан кешірілмейтіндер. Серікбол Бахтияров сияқты жендеттер қияметтің тозақ отында жанатындар. 

Қазір ҚАЖ комитеті Ішкі істер министрлігін түгелімен жексұрын мекемеге айналдырып отыр. ҚР Ішкі істер министрлігінің осыларды көріп отырып үндемеуі — қылмыстан да жаман. Ішкі істер министрі осының барлығын көріп тұрып, әбден басынған қылмыскер жендетке ештене істей алмауы нағыз қорқақтық. Бұндай министрдің орны — камераның есігінің табалдырығы. 

Диктаторлардың тарихтарын зерттеу керек. Бұл тарихтардың барлығы қайғылы біткен. Ресей заманында орыстың бір императорына жасалған «сәтсіз» қастанлықтан соң сол кездегі бір адам бомба мылжалаған ат айдаушыны аяп кеткен сөзіне мынадай жауап алған екен: «…қанішерге қызмет етпесін» деген екен. Тарих әрқашан қайталанып отырады. Бұл да қайталанады. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.