Тарихта қайғылы атымен қалған қарағындылық Долинка лагерінде бұл күндері қайғылы істер орын алуда. Бізге үзік-үзік жеткен хабарлар бойынша — бұл жақта сотталушылардың адами намысын аяусыз қаталдықпен жаппай азаптау, қорлау болып жатқан көрінеді.

Карағанды дегеніміз  – бұл кезінде КСРО Қарлагы болған жер, ол жерге барған адам тірі шыққан емес.  Мен бұл жерде пойызбен екі рет болғанмын (авт. – Владимир Козлов): этаппен: Актау-Актөбе-Карағанды-Астана-Петропавл 2012 жылы және Петропавл-Астана-Карағанды-Алматы – 2014-і жылы.. 

Ол жерде бүгінгі күні болып жатқан жағдайлар жайлы жұрт жәй емес, айғайлап шыңғырып жылап айтып жатыр сотталғандардың жақындары.  

Арасында бұл оқиғаларға күліп жатқандар да табылып отыр. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша ОНК жетекшісі Нина Еркаева. Долтнкадағы сотталушылардың тұрмыстық жағдайын ол былай (түрмеде болғандар бағасын берер) суреттепті:…  «…бүгінгі ас мәзірінде етті борщ, макарон сорпа, рассольник, бұқтырылған картоп, котлетпен картоптың пюресі, макарон, компот, алма, витаминді салат.Тамақтың түрі көп, себебі әр дастарханға, әрбір диетаға  әртүрлі… Тиісінше дәмділігі де әртүрлі.  Дәмін татып көрдік, тәбет шақыоып тұр, порциялары молдығы сонша — бәрін тауыса алмайды.. артылып қалады, порциялардың салмағы 250-300 грамға ұлғайыпты…»  Түрмеде отырған қамақтағылар, салыстырып көріңдерші дастархандарыңды, Еркаева мадамның сөздерімен.

Енді болған оқиға жайлы. Ақпанның 16-н 17-е қараған түні лагерьде  (АК 159/6, Долинка) екі сотталушыға  резеңке шоқпармен зорлық жасамақ болды (аты-жөндері бізге белгілі). Мұндай жыныстық зорлықтың мақсаты — сотталушының адами қасиетін аяқпен таптау, мұндай зорлықтан соң адам жер басып жүре алмайды. Ол өмір бойы қуғыннан құтыла алмайды. ҚАЖ комитетінің қызметкерлері осындай қорлау арқылы сотталушылардың адами қасиетін жояды. 

Осы бір айуандық қылмыстық істерді ұйымдастырушылардың аты-жөндері:  Еркебулан Қойшығарин (РОР жөніндегі орынбасар), «Дидар»-  (режимник), «Арман Қайруллаевич» (опер), солармен бірге болған сотталғандар (оларды коза-активистер деп атайды): Константин Солоухин, Николай Ковалев («Шрам»), Азамат Ибрагимов.  17 ақпан күні таңертең лагерьде ОНК жетекшісі Нина Еркаеваның адамдары болды. Олар болған оқиғаны «тексерді», сол жайлы есепті баяндамаларын жазды (есепті баяндаудан үзінді жоғарыда келтірілді). Сотталғандар бұл жайлы тек сол күні кеште ғана туыстарына хабарлаған еді. ОНК-а олар ештеңені хабарламаған, себебі Еркаева дегеннің кім екенін білмейді. Бірақ сотталушылар Еркаеваны лагерьдің басшылары бұйрық беріп шқыртып алғанын жақсы біледі. Әдейі бар «шындықты» бірінші болып ОНК хабарласын деп шақыртқанын да сотталушылар жақсы біледі.

Бірвқ, Еркаева артық қыламын деп «шындықты» бүлдіріп алыпты. «Ештеңе болған жоқ» деген хабарды олар жұрттан бұрын (сотталушылардан бұрын) жариялап өздерін өздері әшкерелеп алды. Мынадай сұрақ туады: дәл сол күні таңертең лагерьде Еркаева мен ОНК қалайша оп-оңай табыла қалғанын қарашы!  Егер «ештеңе болмаған» болса, асханада ас мәзірі неше түрлі тамаққа толы болса Еркаева мен ОНК ол жерде не істеп жүрді?  Бұл сұраққа жауап жоқ. Өздерінің артын өздері вшып беріп отыр. 

Зорламақ болған сотталушыларды әуелі твяққв әбден сілейтіп жыққандары сонша, оларды реанимацияға жвтқызуға тура келген. Бірақ бұл оқиға әлеуметтік желіге тарап кеткен соң, таяқ жегендерді  белгісіз жаққа алып кеткен, олардың орнына басқаларды жатқызған. 

Осы оқиғаны көрген сотталушылар лагерь қызметкерлерінің қорлығына қарсы наразылық ретінде шеге жұтқан: Олар: Манас Тәжібаев, Артем Ктоян, Батыржан Саттанов, Сұлтанбек Кубиев, Даурен Абдукамалов, Алуа Искаков, Дмитрий Цергибель, Олжас Найманов, Олжас Ибрагимов, Сарсенкул. 

Ктоянды «қырық біріншіге»(АК 159/7) алып кетіпті, Тажибаев, Саттанов, Сарсенкулға, Кубиев, Ибрагимов, Найманов және Абдукамаловқа  қалталарына «мойка» (алмас ұстара) «лақтырып жіберіп» барлығын ДИЗО-а жауып тастапты. 

Долинкада болып жатқан осындай күнделікті оқиғаларды Еркаева мен оның ОНК-ы арқылы «үнін өшірмек» болған. Қамақтағылар болған оқиға жайлы прокурор Калменовқа арыз жазып шағымданған. Олар арызында лагерь қызметкерлері тарапынан өмірлеріне төніп отырған қауіпке алаңдап, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді сұраған. Мұндай кездерде прокурор шұғыл шара көріп қамақтағыларды қорғауы керек, бірақ.. олай болмаған. Керісінше өздерін ДИЗО-а лақтырған… 

 ЛА 155/14 мекемесінен (жүз үшінші, Заречное, Алм.облысы), бізге хабар тұсіп жатыр, аоыз-шағымдарды жіберу мүмкін емес, дәрігерлік көмек жоқ, тамақтары өте нашар. Жуырда лагерьде отрядтардың біреуіне ойларына келгендерін жасаған: шаштарын тықырлап алып тастаған (тәртіп бойынша қысқа щаш қоюға рұқсат етілген), маршпен жүргізіп  «арыз-шағым-жок!!!» деп айтқызған, айтпаса ұрған.   

Қамақтағылардың айтуынша лагерьдегі жағдайды  арандатып отырған мекеменің РОР жөніндегі орынбасары Ұлан Арғымбаев көрінеді. Жоғары жақта мықты тірегінің бар екендігін пайдаланып барлық қызметкерлерді бір уысында ұстап отырған сияқты. Отряд бастықтары РОР жөніндегі орынбасары рұқсат бермей отыр деп арыз-шағымдарды қабылдамай отыр, арнаулы білім мен лагерьдің ауруханасының жұмысы тоқтаған. 

Оның себебі — бұл қызмет орыны оған беріледі деп уәде жасалған (ол Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығының тәрбие бойынша орынбасары Жәнібек Қосжановтың туысқаны), ол уәде орындалмай Алматыдан «бөтен» адам жіберілген.  Бұл шындыққа жуысады, себебі Алматы облысының лагерьлерінде бірін бірі «крышалайды»,  тек қана «өз адамдары» істейді. Мысалы, арнаулы прокурор Абдулдаев, бұрынғы Алматы облысының әкімінің баласы. «Былыққа батып» қалған Алматы облысының ҚАЖ департаментінің қызметкерлері жұлдыздары мен қызметтерін жаңартып «өз облысында» бір лагерьден екінші лагерьге ауысып отырады.  

Бұл лагерьде әділетсіз сотталған саяси тұтқын Әсет Әбішев отыр. Бізге жеткен хабар бойынша ол тағы да мерзімінен бұрын шығуға арыз берген. Қазір лагерьде Арғынбаевтың тапсырмасымен Әбішевті босатпау мақсатында әртүрлі тосқауылдар мен арнадатулар жасалуда. 

Тараздағы ЖД 156/8 мекемесінде біздің жарияланымдарымыздан соң «шаралар» қабылданыпты:   лагерьге ҚАЖ комитетінің  арнаулы отряды шабуыл жасаған, бірнеше сотталушылар таяққа жығылған, бірнеше адамды белгісіз жаққа алып кеткен. Біз бұрын хабарлаған Кәрім Бабаев пен Игорь Лушниковтың қайда екендігін білмейміз  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/254723572879182/?d=n),әзірше ақпарат жоқ.

Қарағанды, Тараз, Алматы – ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің НКВД-қ дәстүрлерімен басқарып жатқан осы былықтары, оның осы географиясымен шектелмейді. Барлық жерде осындай.  Себебі — бұл ҚАЖ комитеті, Ішкі істер министрлігі. Себебі бұл Қазақстан және оның диктатурасы. Себебі бұл диктатура қанжар мен мылтыққа ғана сүйенген диктатура.

Мұндай диктатураны ауыстыру керек, түгелімен. Себебі ол емделмейді. Бұл — аксиома

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.