Лагерьлердің аймағында жиі қолданылатын «положняк» деген сөз бар. Мағынасы өте қарапайым — сотталғандар үшін қарастырылған: киім, гигиена, тамақ, дәрі-дәомек, санитарлық шарттар т.б., бір сөзбен айтқанда ІІ министрінің тиісті бұйрығында көрсетілген заттар. Осы бұйрықтың орындалуы сотталғандардың күнделікті тұрмыстық жағдайының қаншалықты жақсы-жамандығын анықтап береді.

Алғаш рет маған (авт. – Владимир Козлов) бұл сөздің мағынасын Жамбыл түрмесінен автозакпен «столыпинге» алып келе жатқанда түрменің байырғы тұрғыны қария айтып берген еді. Мен Петропавлға дейін, шал «сангородқа» келе жатқан едік. Шалдың аты Саня, соңғы стадиядағы рак ауруы бар екен. Автозактың іші суық, шалдың қолғабы жоқ болғандықтан қолғабымды бердім. Осылай танысып сөйлесіп кеттік. Мені «тройкаға» апара эатқанын білген шал, «жақсы болған» екен деді. Мен күтпеген сөзді естіп, оның қай жері жақсы дедім. Сонда естігенім — режим дегеннің бір жақсы жері, сотталушылар үшін «положняктың» толық қарастырылуы, яғни қарастырылған тиісті тамағы, киімі, басқа да шарттарының орындалуы. Сондай болған кезде ғана сотталушылар наразылық жасамайды, өзіне өзі қол салмайды, лагерьдің жағдайы шайқалмайды. Егер «положнякпен» проблемалар болып жатса, ондай кезде лагерь әкімдігі жағдайды шиеленістірмеу үшін, басқа жағынан еркіндік (сырттан келетін заттарға рұқсат беру т.б.) жасағаны жөн болады. Олай етпесе «жопа» (дәл солай айтты) болады деді шал. Бүгінгі таңдағы лагерьлердегі «положнякпен» болып жатқан жағдай ҚАЖ комитетінің артын ашатын мәселе болып отыр. Барлық лагерьлерден түсіп жатқан хабарлар бойынша «положнякпен» жағдай өте қиын — тіпті майда-шүйдаларға дейін жоқ. Киім, жылу, тамақ проблемалары … қарастырылған тізімдегі заттар…

Әсіресе, дәрі-дәрмек, дәрігерлік көмек толығымен болмай отыр. Алматы облысындағы ЛА 155/14, «жүз үшінші» лагерь. Онко ауруы бар сотталушы Петр Беспалыйға тексерілуге немесе емделуге сыртқы ауруханаға жібереміз (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246245450393661/?d=n ) деп уәде беріп, оны орындаудың орнына лагерьдің санитарлық бөліміне жатқызған. Ол жерде оған көрсетіліп жатқан ем жоқ, күн сайын жағдайы нашарлап барады. Тараздағы ЖД 158/4 мекемесі. Сотталушы Карим Бабаев 6 ақпанда этаппен Алматыдан СИ 18-н жеткізілген. Ол жақта Кәрім Бабаев қуғын-сүргіннің астында, қорлық пен зорлықты көріп келген адам(https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246808257004047/?d=n).

Лагерьге келген күннен бастап аштықта жатыр. Ол аштық жариялаған жоқ, өзіне өзі дұшпан емес. Өте ауыр операцияны басынан кешті, оған қоса гепатиті бар, мұндай жағдайда аштық жариялау, өмірмен қоштасумен тең. Тамағы нан мен шәй, қалған тамағы — бидай көже мен қалдық майды оған жеуге тіпті болмайды. Хирург Кәрімге диетаны қатаң сақтауға тиіссің деп айтыпты, бірақ дәрігер айтқан тамақ тұрлері «положняк» бойынша жоқ. Бірақ лагерь әкімдігі оған өз шартын қойған: егер сен өзіңе тиісті тамақ түрлерін жегің келсе «сыбайласың» — Игорь Лушниковты «тоқтатасың». Игорь Лушников та осы мекемеде жазасын өтеп жатыр (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/254029692948570/?d=n). Егер ол осы шартты қабылдаса, онда өз құқығын талап етпеуі тиіс, лагерь әкімдігінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданбайтын болады. Сотталушы Карим Бабаев Игорь Лушниковты «тоқтатудан» бас тартып отыр. Енді Кәрім Бабаевқа қарсы «ізіне түсу» басталғаны белгілі болды. Енді оны жақын күндері айыптап СУС барагына жатқызатын болады. Содан соң Игорь Лушников екеуін басқа лагерьге айдайды, ол жерде түрме басшыларының өз әріптестері бұл екеуіне «жақсы өмірді» көрсететін болады. Карим Бабаев бірнеше жерге — облыстық құқық қорғайтын ұйымдарға, НПМ мен ОНК-а, прокуратура мен УСБ, ҰҚК-а шағымдар жазды. Ол шағымдар кетті ме, кетпеді ме, белгісіз. Арыздардың шығыс нөмірін қолына берген жоқ. Олардың тиісті жерлерге кетпегені анық.

Жақында лагерьге Хабар 24, КТК және Евразия арналарының журналистері келді. Олардың не үшін келгені әзірше белгісіз. Қалыптасқан тәртіп бойынша журналистерді шын жағдайды жасыру үшін, әдемі сөздермен өрнектеп бүкіл елге әдемі етіп көрсету үшін шақырады. Осы арандатуларды кімнің ұйымдастырып жүргені де бізге белгілі: мекеменің уақытша бастығы Мұхтаров, РОР жөніндегі орынбасары «Зикеныч»(жақында ғана Алматы ҚАЖ комитетінен ауыстырылған),оларды «Теніз» деген аты бар, Астана ҚАЖ департаментінен Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментін басқаруға жіберілген Жәнібеков деген «крышевать» етіп отыр. Карим Бабаев пен Игорь Лушников – құқық қорғаушы Елена Семеноваға қарсы ашылған істің куәгерлері, қорғаушы куәгерлері.

Соған қарағанда, барлық мәселенің түйіні осында жатқан болар? Тараздағы ЖД 158/4 мекемесінде жатқан сотталушылардың туысқандарының айтуларынша, сол жердегі әкімдік ғимаратындағы терминалдарға (бұл терминалдарға сотталушылар еш кедергісіз өз шағымдарын салуларына болады) кіру есігі жабық, Оны айтасыз, терминалдар сөндірілген, терминалдарды опер мен режимдік бөлімдердің қызметкерлері ғана сөндіре алады. Терминал жабық — шағым ешкімнен түспеген. — лагерьдің дүкеніндегі азық-түліктің бағасы қылыптасқан бағадан 2-3 есе қымбат; — санитарлық бөлімде майда-шүйда дәрі-дәрмек те жоқ; — беретін тамағы — бидай көже мен балық; — жатын және тұрғын үйлер қалыпты санитарлық нормаларға сай емес; Айтпақшы – ҚАЖ комитеті әлі күнге дейін нормалық тізімге сақал станоктарын кіргізбей отыр. Ондаған мың сотталушы ер кісілер режимнің талабы бойынша қырынып күтінулері тиіс, бірақ сүйте тұра оларға сақал станоктары қарастырылмаған. Кейбіреулерге туыстары сырттан беріп жібереді, біреулер дүкеннен сатып алады, ал басқалар ше? Лагерьде сұрағандарды ұнатпайды, біреудің пайдаланған станогін де алуға болмайды, СПИД жұқтыруы мүмкін. Осы жолмен талай адамдар сары ауруду жұқтырған кездер болды. Осы жағдайды пайдаланған режим

қызметкерлері сотталушыларға айып салады. Осындай қисынсыз да, сорақылық Қазақстанда ондаған жылдар бойы жалғасып келеді, Ресейде сақал станоктарын этаппен жүрушілерге дейін пайдалануға рұқсат етілген. Петр Беспалов ЛА 155/14 мекемесінде ешқандай дәрігерлік көмек ала алмай өлім халінде жатыр.. Игорь Лушников пен Карим Бабаев ЖД 158/4 мекемесінде өз құқықтарын қорғағаны үшін күн сайын таяқ жеп жүр. Олар сияқтылардың қанша екенін біз білмейміз, ондаған мың болар. Осының барлығы ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚАЖ комитетінде болып жатыр. Осы жерде айта кеткен жөн шығар: «Положняктың» жоқтығы — Қазақстанның экономикасы мен бюджетінің жағдайының нашарлығы. Өздерін өздері қорғай алмайтын түрме «тұрғындарының» және сондайлардың есебінен үнемдеу — Мемлекеттің бюджетінің құлдырай бастағандығының белгісі. Бұл нені білдіреді? Мемлекет қандай болса — ҚАЖ комитеті де сондай.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.