Германия мемлекетінің Гитлер басқарған алғашқы фашистік дәуірінің бастапқы кезеңінде елдегі концлагерьлердің іші толған «теріс пиғылды» немістер болған екен. Ескерте кетейік, концлагерьлерді ойлап тапқан гитлерліктер емес. Оны ойлап тапқан ел — жиырмасыншы жылдардың екінші жартысындағы сталиндік Ресей болатын. «Зиянкестер, халық жаулары, құлақтар — осы лагерьдің алғашқы «тұрғындары» болды. Атышулы болған ГУЛАГ НКВД РСФСР – германиялық концлагерьлердің анасы еді. Германия бұл концлагерьлердің соғыстан кейін қарасын құртты. Ал біз болсақ оларды сақтап келеміз, тіпті жетілдіріп жатырмыз…

Гитлерлік Германияның педант фашистері концлагерьлерде атылғандардың отбасы мүшелеріне мынадай шығындар үшін ақша төлеңдер деп талап жіберіп отырды: лагерьде жатқаның, тамағың, атуға жұмсалған патронның шығыны үшін…НКВД болса мұндай «тапқырлыққа» бара қойған жоқ, дегенмен оның Назарбаев басқарған кездегі демократиялық Қазақстандағы ізбасарлары — …

Мысалы, ЖД 158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Игорь Лушниковтың анасы осы жылдың 12 ақпанында соттан «сіздің балаңызға көрсетілген дәрігерлік көмек үшін 135600 теңге төлеуге тиіссіз» деген хабар алған. Осындай талап арыз жазған мекеменің басшылығы сот арқылы жасалған зиянды төлетіп алмақ болыпты. Зиян деп отырғаны — мекеменің тараздық ауруханаға төлеген қаржысы, дәрігерлер Лушниковтың өмірін құтқарып ішінен электродты кесіп алған. Игорь Лушников 2019 жылы сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айрылған болатын. 2020 жылдың тамыз айында мекеменің РОР жөніндегі орынбасары Жарылқасыновпен жанжал болған еді. Тінту барысында Жарылқасов Лушниковтың төсегін жерге лақтырып жіберген, ренішті сөз айтқан Лушниковқа қарсы орынбасар қара күш қолданып сотталушыға және оның туыстарына байланысты балағатты сөздерді қолданған. Сотталғандардың көпшілігі мұндай оқиғаларға «түсіністікпен» қарайды — «закон- тайга, медведь – хозяин»…

Мұндай жағдайда иығында погондары бар жексұрындар әдейі сотталушыларды арандатуға шақырады, төсегін лақтырады, сотталушының жақын туыстарының суреттерін шашып таптайды.. Кейбіреулер бұған шыдамайды, оларға керегі де сол. Осылай жасанды жанжал тудырып сосын лагерьде тәртіп орната бастайды. Лушниковпен де дәл осылай болды. Осындай әдіспен «бұзық» адамды тапқан соң олар оны қатаң жолмен тәрбиелеуге кіріседі. Екі күннен соң Лушников режим бөлімінің бастығы Жексембиевтің тарапынан қатаң көзқарасқа тап болады, сосын оған мекеме бастығы Байжігітов қосылады. Айып тағу басталады: ДИЗО-а, СУС-а қамау, ұйымдасқан түрдегі соңына түсу, қорлау, арандатулар… Осындай қуғынға тап болған Лушников кеудесіне дәнекерлеу электродын тығады. Амалсыздықтан, тығырыққа тірелген соң осы амалға барады — наразылығын осылай білдіреді, басқаша қорғану мүмкін емес. Жоғары деңгейдегі тексерістерді басқа жолмен шақыру мүмкін емес. Прокуратураға арыз жазылды, қылмыстық іс қозғалды, тіпті Лушниковтың әкімдіктен зардап шеккендігі де мойындалған, тергеуші Бектеміровтың хаттамасына дейін, бәрі бар.

Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Арнайы прокурорлар Пешеков пен Даненовке шағымданған Лушников екі прокурормен де ыстық ықласты қатынаста, бірін бірінің арқасынан қағады – ал олар болса Лушниковтың әбден сілесін қатырып жүр. Жамбыл облыстық ҚАЖ департаменті қылмыстық іске қатысы бар қызметкерлері жайлы ештеңе білмейтін сыңай көрсетуде. Тергеуші Бектеміров ештеңе істеп жатқан жоқ, қолын қалтасына салып жүр, ешкімді қылмыстық іспен танысуға жібермейді…

Сотталушы Игорь Лушниковтың мерзімінен бұрын шығуға арызданатын уақыты жақындап қалды. Бірақ, қылмыстық істің ешқандай нәтижесі болмағандықтан, арыз бере алмайды. Өзіне өзі қол салды деген қылмыстық іс қозғалған, сондықтан мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндігін қиындатып отыр лагерь әкімдігі. Мұндай жағдайда сотталған адам не істейді? Енді электрод таяқты оң кеудесіне салады ма? Солай жасаған күнде ЖД 158/4 мекемесінің әкімдігі бұл «зиянды» қанша мың теңгеге бағалайды? Лушниковтың анасына лагерь әкімдігі қанша қаржы төлейсің деп талап қояр екен…?

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.